ШЕТ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ
Шет ауданының ауылдық округтері мен кенттері әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы
ХАБАРЛАМАСЫ
2021 жылдың 13 шілдесінде Шет аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес 2021 жылдың 25 шілдесіне тағайындалған Шет ауданының Дәрия кенті, Кеншоқы, Өспен ауылдық округтері әкіміне 4 кандидаттың тіркелгендігін хабарлайды.
Ақадыр кенті:
- Айқынбаев Мәди Айдарұлы - 1990 жылы туған, әкім орынбасары, "Ақадыр кенті әкімінің аппараты" ММ, Шет ауданы Ақадыр кентінің тұрғыны, өзін-өзі ұсынуымен;
- Касимова Роза Бекжанқызы - 1964 жылы туған, бухгалтер, "Балбөбек" бөбекжайы КМҚК, Шет ауданы Ақадыр кентінің тұрғыны, өзін-өзі ұсынуымен.
Шет аудандық сайлау комиссиясы