ШЕТ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ Шет ауданының ауылдық округтері мен кенттері әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы ХАБАРЛАМАСЫ

ШЕТ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ

Шет ауданының ауылдық округтері мен кенттері әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы

ХАБАРЛАМАСЫ

 

        2021 жылдың 12 шілдесінде Шет аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес 2021 жылдың 25 шілдесіне тағайындалған Шет ауданының Дәрия кенті,  Кеншоқы, Өспен ауылдық округтері әкіміне 4 кандидаттың тіркелгендігін хабарлайды.

 

Дәрия кенті:

- Меерманов Ақылбек Өрікбайұлы - 1979 жылы туған, станса бастығы, ҚТЖ Қарағанды жүк тасымалдау бөлімшесінің Қарамұрын стансасы, Шет ауданы Дәрия кентінің тұрғыны, өзін-өзі ұсынуымен;

- Сағындық Бүркітбай Жолдасұлы - 1962 жылы туған, станса бастығы, ҚТЖ Қарағанды жүк тасымалдау бөлімшесінің Дәрия стансасы, Шет ауданы Дәрия кентінің тұрғыны, өзін-өзі ұсынуымен.

 

Кеншоқы ауылдық округі:

      - Баданов Бауыржан Аманкелдіұлы - 1972 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынуымен.

 

Өспен ауылдық округі:

      - Махметов Темірлан Төкенұлы – 1995 жылы туған, бас маман, «Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынуымен.

 

Шет аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
12 июля 2021