Шет ауданының ауылдық округтері мен кенттері әкімдеріне
кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы
2021 жылғы 10 шілдеде Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда "Шет ауданының ауылдық округтері мен кенттері әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы" шешім қабылданды.
Шет ауданының Батық, Кеншоқы, К.Мыңбаев, Красная поляна, Өспен ауылдық округтері және Дәрия, Жамбыл, Ақадыр кенттері әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы баяндамамен аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Е. Мұқабаев сөз сөйледі.
2021 жылғы 26 маусым мен 9 шілде аралығында Шет ауданының ауылдық округтері мен кенттері әкімдеріне 39 кандидат ұсынылғанын хабарлады. Оның ішінде саяси партиялардан - 7, өзін - өзі ұсыну тәртібімен-32. Ұсынылған үміткерлердің ішінде 37 ер адам және 2 әйел адам бар.
Кандидаттардың орташа жасы - 38 жас. Ең жас үміткер 25 жаста, үміткерлер арасында ең үлкен жас-59 жаста.
Мамандықтар бойынша: 4 – қаржыгерлер, 15 – заңгерлер, 3 – оқытушылар, 17-басқалар.
Ұсынылған кандидаттардың ішінде: коммерциялық құрылымдардың 4 қызметкері; мемлекеттік ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің 12 қызметкері; 20 мемлекеттік қызметші, 3 жұмыс істемейтін қызметкер.
Қазіргі уақытта Батық, Кеншоқы, К.Мыңбаев, Красная поляна, Өспен ауылдық округтері және Дәрия, Жамбыл, Ақадыр кенттері әкімдеріне кандидаттарды тіркеу процесі ж.ргізілуде, тіркеу ағымдағы жылдың 14 шілдесіне дейін жалғасады, өйткені сайлау туралы заңнамаға сәйкес сайлау комиссиялары мемлекеттік органдармен бірлесіп кандидаттар ұсынған құжаттардың дұрыстығын тексеру бойынша жұмыстар ж.ргізілуде.
Отырыстан кейін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өтті, онда сайлау комиссиясының мүшелері бұқаралық ақпарат құралдарының сұрақтарына жауап берді.