ШЕТ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ Шет ауданының ауылдық округтері мен кенттері әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы ХАБАРЛАМАСЫ

ШЕТ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ

Шет ауданының ауылдық округтері мен кенттері әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы

ХАБАРЛАМАСЫ

 Шет аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес 2021 жылдың 25 шілдесіне тағайындалған Шет ауданының Дәрия кенті, Красная поляна, Кеншоқы, Батық, Өспен ауылдық округтері әкіміне 2021 жылдың 9 шілдесіне 7 кандидаттың тіркелгендігін хабарлайды.

Дәрия кенті:

- Төлеуқұлов Нұрман Маратұлы – 1991 жылы туған, бас инспектор, «Шет ауданы әкімінің аппараты» ММ, Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынуымен

Батық ауылдық округі:

- Әбілда Нұрасыл Зарлықханұлы – 1979 жылы туған, бас маман, «Батық ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, Шет ауданының Батық ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынуымен;

- Бөкейхан Өмірбек – 1991 жылы туған, директор, «Батық орта мектебі» КММ, Шет ауданының Батық ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынуымен;

- Сағымбек Абай Манатұлы – 1988 жылы туған, бас маман, «Нұраталды ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, Шет ауданының Қошқарбай ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынуымен;

Кеншоқы ауылдық округі:

- Күлейменов Алмас Жолдыбекұлы – 1974 жылы туған, инженер топограф, «Қарағанды су қоймалары» КМК, Қарағанды қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсынуымен

Красная поляна ауылдық округі:

- Оразалин Бахтияр Тлеубайұлы – 1989 жылы туған, бас маман, «Шет ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, Шет ауданының Бұрма ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынуымен;

- Тыныбаев Бейбіт Кәсіпқұлұлы – 1987 жылы туған, бас маман, «Бұрма ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, Шет ауданының Бұрма ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынуымен;

Аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
09 июля 2021