«Сайлау комиссиясының үй-жайында және дауыс беруге арналған үй-жайда (пунктте) орналастырылатын кандидаттар, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар туралы ақпаратты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 25 маусымдағы № 90/174 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Сайлау комиссиясының үй-жайында және дауыс беруге арналған үй-жайда (пунктте) орналастырылатын кандидаттар, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар туралы ақпаратты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 25 маусымдағы № 90/174 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

аталған қаулыға № 1 қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сай жаңа редакцияда жазылсын;

аталған қаулыға № 2 қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сай жаңа редакцияда жазылсын;

2. Осы қаулы облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың сайлау комиссияларына жіберілсін.

3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясының

Төрағасы

Б. Имашев

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясының

хатшысы

С. Мұстафина

Нұр-Сұлтан қаласы,

2021 жылғы 7 шілде,

№ 9/415

Дата публикации
09 июля 2021