ШЕТ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ Шет ауданының ауылдық округтері мен кенттері әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы ХАБАРЛАМАСЫ

ШЕТ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ

Шет ауданының ауылдық округтері мен кенттері әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы

ХАБАРЛАМАСЫ

 Шет аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес 2021 жылдың 25 шілдесіне тағайындалған Шет ауданының Ақадыр, Дәрия, Жамбыл кенттері мен К.Мыңбаев, Красная поляна, Кеншоқы, Өспен ауылдық округтері әкіміне 2021 жылдың 7 шілдесіне 7 кандидаттың тіркелгендігін хабарлайды.

Ақадыр кенті:

- Әбілдин Азамат Азатұлы – 1977 жылы туған, Шет ауданы әкімнің орынбасары, Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылының тұрғыны, «Nur Otan» партиясының ұсынуымен.

Дәрия кенті:

- Базылов Тілеухор Әлімқұлұлы – 1985 жылы туған, басшы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» МЕ АҚ Қарағанды облысы бойынша Халыққа қызмет көрсету жөніндегі Шет аудандық № 1 бөлімі, Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылының тұрғыны, «Nur Otan» партиясының ұсынуымен;

 Жамбыл кенті:

- Мыңжанов Қару Сүлейменұлы – 1962 жылы туған, әкім, «Жамбыл кенті әкім аппараты» ММ,  Қаражал қаласының тұрғыны, «Nur Otan» партиясының ұсынуымен.

      К.Мыңбаев атындағы ауылдық округ:

- Мұстафин Сержан Шайхыұлы – 1978 жылы туған, басшы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» МЕ АҚ Қарағанды облысы бойынша Халыққа қызмет көрсету жөніндегі Шет аудандық № 2 бөлімі, Шет ауданының Ақадыр кентінің тұрғыны, «Nur Otan» партиясының ұсынуымен;

Өспен ауылдық округі:

- Нұрмұхамбетұлы Мақсат – 1989 жылы туған, бас маман, «Өспен ауылдық округі әкімі аппараты» ММ, Шет ауданының Өспен ауылының тұрғыны, «Nur Otan» партиясының ұсынуымен.

Кеншоқы ауылдық округі:

- Смаилов Дархан Бекдарұлы – 1979 жылы туған, басшы, Шет ауданының тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары тұрғын үй инспекциясы бөлімі, Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылының тұрғыны, «Nur Otan» партиясының ұсынуымен.

Красная поляна ауылдық округі:

- Шайжанов Жайдар Абдуллаұлы – 1992 жылы туған, ұйымдастыру бөлімінің басшы, «Шет ауданы әкімі аппараты» ММ, Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылы тұрғыны, «Nur Otan» партиясының ұсынуымен.

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
07 июля 2021