Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

2021 жылғы 29 маусымда Шет аудандық сайлау комиссиясына "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңының 113-3-бабы 1-тармағына сәйкес 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Шет ауданының Батық, К.Мыңбаев, Красная поляна, Кеншоқы, Шет, Өспен ауылдық округтері мен Дәрия, Жамбыл, Ақадыр кенттері әкімдігіне кандидаттардың дауысқа түсу ниеті туралы 9 кандидаттың құжаттары ұсынылды.

Шет аудандық сайлау комиссиясы Шет ауданының Батық, К.Мыңбаев, Красная поляна, Кеншоқы, Шет, Өспен ауылдық округтері мен Дәрия, Жамбыл, Ақадыр кенттері әкімдігіне кандидаттардың Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңында, мемлекеттік қызмет туралы заңда қойылатын талаптарға сәйкес тиісті органдарға сұрау салу негізінде сәйкестігін анықтайды.  

2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Шет ауданының Батық, К.Мыңбаев, Красная поляна, Кеншоқы, Шет, Өспен ауылдық округтері мен Дәрия, Жамбыл, Ақадыр кенттері әкімдігіне кандидаттарды ұсыну сайлау жөніндегі күнтізбелік жоспарға сәйкес ағымдағы жылғы 26 маусым мен 9 шілде (сағат 18.00-ге дейін) аралығындағы кезеңде жүзеге асырылады.

 

Шет аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
29 июня 2021