Шет ауданының учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалы 2021 жылдың 21-22 маусымында онлайн режимде өткізген «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау: сайлау комиссияларының сайлау процессінің құқықтық негіздері және ұйымдастыру жұмыстары» тақырыбындағы семинарға қатысты.
Семинарға Ақадыр, Дәрия, Жамбыл кенттері мен Батық, К.Мыңбаев, Красная поляна, Кеншоқы, Өспен, Шет ауылдық округтерінің учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары, барлығы аудан бойынша 36 адам қатыты. Оқуға қатысқан комиссия төрағалары оқу соңында арнайы сертификаттарға ие болды. Қазіргі уақытта оқудан өткен учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері жергілікті учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін даярлауды жалғастырады.