«Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың,  кенттердің, ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау: сайлау комиссияларының сайлау процессінің құқықтық негіздері және ұйымдастыру жұмыстары»  тақырыбы бойынша семинар

Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалы 2021 жылдың 17-18 маусымында «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың,  кенттердің, ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау: сайлау комиссияларының сайлау процессінің құқықтық негіздері және ұйымдастыру жұмыстары»  тақырыбы бойынша өткізген екі күндік семинарға аудандық сайлау комисиясы төрағасының орынбасары Г.Акеева, комиссия хатшысы Н.Маженова және аудан бойынша сетификатталған оқытушы Г.Жазықбекова қатысты. Семинар ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн режимінде 16 академиялық сағат көлемінде өтті және семинар соңында тестілеуден өтіп нәтижелі аяқтағаны жөнінде сертификаттарға ие болды.

Алдағы уақытта оқудан өткен аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері  каскадтық әдіс бойынша жергілікті жерлерде төмен тұрған сайлау комиссияларының мүшелерін даярлауды жалғастыратын болады.

 

 

Дата публикации
21 июня 2021