Шет ауданының Красная поляна ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы шешімнің күшін жою туралы

Шет аудандық сайлау комиссиясының

2021 жылдың 04 маусымдағы №14

 

Шет ауданының Красная поляна ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы шешімнің күшін жою туралы

 

ШЕШІМІ

 

         Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 36-1 бабы 6 тармағының 2 абзацына сәйкес Шет аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Шет ауданы әкімінің 04.06.2021 ж. №5-40.818 кандидаттарды ұсыну туралы ұсынысты кері қайтарып алу туралы хатына және кандидаттар Оразалин Бахтияр Тілеубайұлы, Тыныбаев Бейбіт Кәсіпқұлұлы, Шайжанов Жайдар Абдуллаұлының 04.06.2021 ж. Красная поляна ауылдық округі әкімінің сайлауынан өз кандидатураларын алып тастау туралы өтініштеріне сәйкес Шет аудандық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 02 маусымдағы кандидаттарды тіркеу туралы шешімінің күші жойылсын.
  2. Кандидаттарға берілген куәліктер жарамсыз деп саналсын.
  3. Осы шешім жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

 

Шет аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                Е.М.Мұқабаев

 

Шет аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                Н.Қ.Маженова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
04 июня 2021