Шет ауданының ауылдық округтері мен кенттері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

Қарағанды облысының

Шет аудандық сайлау комиссиясының

2021 жылғы 25 маусымдағы №18

 

Шет ауданының ауылдық округтері мен кенттері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

 

ШЕШІМІ

 

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Шет аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Шет ауданында 2021 жылғы 25 шілдеге сайлау тағайындалсын:

- Ақадыр кенті әкімінің;

- Дәрия кенті әкімінің;

- Жамбыл кенті әкімінің;

- Батық ауылдық округі әкімінің;

- К.Мыңбаев атындағы ауылдық округі әкімінің;

- Кеншоқы ауылдық округі әкімінің;

- Красная поляна ауылдық округі әкімінің;

- Өспен ауылдық округі әкімінің;

- Шет ауылдық округі әкімінің;

 

  1. 2021 жылдың 25 шілдесіне тағайындалған Шет ауданының ауылдық округтері мен кенттері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін:
  • Әкімдікке үміткерлерді ұсыну 2021 жылдың 26 маусымда басталып, 2021 жылдың  9 шілдесінде аяқталады;
  • Әкімдікке үміткерлерді тіркеу 2021 жылдың 14 шілдесінде аяқталады.
  1. Осы шешім аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық газетте жариялансын.

 

 

Шет аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                Е.М.Мұқабаев

 

Шет аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                Н.Қ.Маженова

 

 

Дата публикации
25 июня 2021