«Саулық сақтықта» атты акция өткізу туралы

Ағымдағы жылдың 21 сәуірінде Шет ауданының әкімдігіне "Шет ауданының Жастар ресурстық орталығы" КММ директоры Қ.Н.Қалижаннан коронавирустық инфекцияның алдын алуға бағытталған "Саулық сақтықта" акциясы аясында іс-шара өткізуге өтініш келіп түскенін хабарлаймыз.

Іс-шараның мақсаты: бетперделер, антисептиктер мен КВИ-ын алдын алу туралы жадынамалар тарату.

Өткізу орындары:

  1. Ақсу-Аюлы ауылының Мәдениет үйі алдындағы алаң Жанғутты би көшесі, 39;
  2. Ақсу-Аюлы ауылының Орталық саябағы, Тлеулин көшесі, 128;
  3. Ақадыр кентінің Теміржолшылар саябағы, Абай көшесі, 9В.

Қамтылуы: 10 адам.

Іс-шара ағымдағы жылдың 24-25 сәуіріне жоспарланған.

Ақпарат тәртібімен хабарланады.

Дата публикации
22 апреля 2021