Шет аудандық сайлау комиссиясының 2021 жылдың 31 наурыздағы №12 Шет ауданының Тағылы ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша әкімдікке үміткерлерді ұсыну мерзімін ұзарту ШЕШІМІ

Шет аудандық сайлау комиссиясының

2021 жылдың 31 наурыздағы №12

 

Шет ауданының Тағылы ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша әкімдікке үміткерлерді ұсыну мерзімін ұзарту

 

ШЕШІМІ

 

         Тағылы ауылдық округі әкіміне үміткерлер Ш.К.Жүніс пен Қ.Қ.Амангелдиевтің өз кандидатураларын алып тастауына байланысты және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II Қазақстан Республикасы Заңының 36-1-бабы 3-тармағының 6-абзацына сәйкес Шет аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Әкімдікке кандидаттарды ұсыну мерзімі 2021 жылдың 5 сәуірінде дейін ұзартылсын.
  2. Осы шешім жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

 

Шет аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                Е.М.Мұқабаев

 

Шет аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                Н.Қ.Маженова

Дата публикации
31 марта 2021