Шет ауданы әкімдігінің жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі комиссияның қызметі

1)      кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекетгік бағдарламасын үйлестіруді және іске асыруды қамтамасыз ету;

2)      кәсіпкерлердің кредиттік ресурстарға қолжетімділігін жеңілдету жөніндегі іс-шараларды өткізуге ұсынымдар дайындау;

3)      кәсіпкерлік саласында мемлекеттік саясатты жетілдіруге ұсынымдарды жасау;

4)      бизнесті жүргізу үшін жағдайларды жақсартуға ұсыныстарды әзірлеу, кәсіпкерлік үшін шығындарды төмендету, ауданның инвестициялық тартымдылығын арттыру;

5)      ауылдық округтармен кенттерде кәсіпкерлікті дамытуға ұсыныстарды әзірлеу;

7)      кәсіпкерлік мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар үшін ұсынымдарды әзірлеу болып табылады;

  1. Комиссияға жүктелген міндеттерге сәйкес оның функциялары;

1)      Кәсіпкерлер палатасымен, салалық, кәсіби және аумақтық одақтармен, қауымдастықтармен және бизнес бірлестіктермен, баска да кәсіпкерлік құрылымдармен өзара іс-қимыл жасау;

2)      уәкілетті мемлекеттік органмен, сондай-ақ кәсіпкерлік саласында келісілген шешімдерді жасау және мемлекеттік саясатты жетілдіру үшін кәсіпкерлікті қолдауды жүзеге асыратын басқада мемлекеттік органдармен тұрақты өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

3) тақырыптық отырыстарға тиісті мемлекеттік органдардың, Кәсіпкерлер палатасының, бизнес-бірлестіктерінің өкілдерінің, сондай-ақ кәсіпкерлердің өздерінің қатысуымен отырыстарды өткізу;

4) Комиссияда жұмыс істеу үшін ғалымдар, кәсіпкерлер, басқару органдарының өкілдері және басқада мамандар арасынан сарапшылар мен кеңес берушілерді тарту;

5) жергілікті атқарушы органдардың қажетті ақпараттық, талдамалы, анықтамалық-статистикалық материалдарды, сондай-ақ ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді алу;

6) кәсіпкерлікті өңірде тиімді дамыту мақсаттарында бизнестің проблемалық мәселелерін қарастыру болып табылады.

Дата публикации
12 марта 2021