Жергілікті атқарушы орган жанындағы қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органның қызметі

Консультативтік-кеңесші органның негізгі міндеттері мыналар бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады:
1) қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын қылмыстық-атқару жүйесі органдары мен мекемелерінің қызметіне жәрдем көрсету арқылы жүзеге асырылады;
2) заңнамаға сәйкес қылмыстық-атқару жүйесінің кәсіпорындарында тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алуға тапсырыстарды орналастыру;
3) сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру, оның ішінде бас бостандығынан айыру түрінде қылмыстық жазасын өтеп жатқан адамдарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында коммуналдық қызметтер мен кәсіпорындардың мұқтаждары үшін қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері жанындағы өндірісті дамыту;
4) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері мен кәсіпорындарын заңнамаға сәйкес сотталғандарды еңбекке пайдалану арқылы өңірлік және жергілікті маңызы бар проблемаларды шешуге тарту;
5) бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру

Дата публикации
11 марта 2021