1) Шет ауданың аумағында терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты, сондай-ақ осы саладағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығына ұсыныстар дайындауды іске асыруға қатысу;
2) орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың терроризмнің алдын алу, терроризм зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметін үйлестіру;
3) терроризмнің профилактикасы, терроризм көріністеріне ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою, террористік тұрғыдан осал объектілердің қорғалуын қамтамасыз ету, терроризм зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою жөнінде шаралар әзірлеу, осы шараларды іске асыруға бақылауды жүзеге асыру;
4) терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді шешу болып табылады.