Ауданда өнеркәсіп, шағын және орта кәсіпкерлік саласының дамуы туралы

Аудан экономикасынын негізгі бағыты ауылшаруашылық саласы болғанымен, экономикалық өркендеуіне өнеркәсіп саласы мен шағын және орта кәсіпкерлік саласының алатын орны ерекше.

2020 жылыөңірде 108,7 млрд. тенгенің өнеркәсіп өнімдері өндіріліп қызмет көрсетілді, 2019 жылға қарағанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 17 млрд теңгеге артып,118,6 пайызды құрады. Өндірілген өнімнің нақты көлем индексі 133,9 пайызға жетті.

      Жалпы өнеркәсіп өнімінің 72,2 пайызы тау-кен кәсіпорындарында (78,5 млрд тенге), 24,8 пайызы өңдеу өнеркәсібінде  (26,9 млрд тенге), ал 3,0 пайызы электр тоғын суды тасымалдау саласындағы кәсіпорындар үлесіне тиесілі болды (3,3 млрд тенге).

Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске қосылған«Бапы Майнинг» және «Сары-Арқа Коппер Процессинг» ЖШС-рі 2020 жылы 45,2 млрд теңгеге өнім өндірсе, ол жалпы өнеркәсіптік өнімнің 41,6 пайызын құрады.

Аталған екі жоба бойынша   2020 жылы 46,8 млрд теңгеге  өнеркәсіптік  өнім экспортқа шығарылды, ол 2019 жылдан7,3 млрд теңгеге артып, 118,5 пайызды құрады.

Аудан көлеміндегі кәсіпорындар, мекемелермен 2020 жылы негізгі капиталға  54,7 млрд. теңге көлемінде инвестиция құйылып, нақты көлем индексі 90,6 пайызды құрады, оның ішінде өнеркәсіп саласына 27,9 млрд. тенге көлемінде инвестиция құйылды

Ауданымыздың тұрақты экономикалық даму көрсеткішін қамтамасыз ету және бәсекеге қабілетті өнімінің қажеттілігін қанағаттандыратын өнім шығару бүгінгі күннің басты талабы, осы тұрғыда ауданда атқарылып жатқан жұмыстармен қатар, үлкен міндеттер тұр.

Соның бірі, аудан экономикасының өсу резервтерін арттыру бағытында «Нова-Цинк» ЖШС қорғасын-мырыш кенін ашық тәсілмен өндіруде қиындықтар туындауларына  байланысты, алдағы  жылдары шахталық тәсілмен кенді өндіруге көшіп, тау кен саласындағы көрсеткіштерін  төмендетпеу бағытындағы жұмыстары.

           Әр жылдың атқарар ауқымды жүгі болады. Соның бірі –индустриялық-инновациялық жобалардың әлеуметтік маңыздылығына ерекше мән берілуі.

Мемлекет Басшысының жыл сайынғы Жолдауларыел дамуының маңыздыстратегиялары және қабылданатын іс шараларды орындау үшін  бағыт-бағдары болып табылады

Осы бағытта, кәсіпкерлікті қолдау Картасы, өнеркәсіп саласын әртараптандырудың құралдарының бірі болса,жобаларды жүйелі түрде жүзеге асыру мемлекеттік органдардың үлкен жауапкершілігі болып табылуда.

Инвестициялық жобаларды іске асыру бағытында айтарлықтай жұмыстар жүргізілуде.

Атап айтсақ, кәсіпкерлікті қолдау картасына жалпы құны 8,4 млрд теңгені құрайтын үш жоба еңгізілді, олар, 2018 жылы кәсіпкерлікті қолдау Картасына еңгізілген екі жоба, біріншісі  «Вольфрам Ресурс Груп » ЖШС-ің    Ақшатау кенорнында «Паровольфрамат амония өндіретін гидрометаллургиялық завод құрылысы», екіншісі «Resources » ЖШС-ің    « Алайғыр-1 волластонит кенорнында көпмақсатты пайдаланатын микроұнтақ өндіру бойынша өндірістік кешен құрылысы» жобалары.

2020 жылы жылы «Akmaya Tungsten» ЖШС-ің «Ақмая» кен орны базасында сирек металлдардың байыту-өндірістік кешенін салу» жобасы кәсіпкерлікті қолдау Картасына еңгізілді. Жоба 2019-2023 жылдары іске асырылмақшы.

Анықтама ретінде:

«Resources» ЖШС-ің «Алайғыр-1 воллласстонит кенорнында көпмақсатты пайдаланатын микроұнтақ өндіру бойынша өндірістік кешен құрылысы» жобасы іске асырылмақшы.

Жоба бойынша аудан аймағында озық байыту технологиялармен жабдықталған,  «Индустрия 4,0» элементтерін қолданатын завод салынып, пайдалануға берілмекші. Кәсіпорынның өңдірістік қуаттылығы жылына 36 мың тонна инновациялық «Воксил» микроұнтақты  құрайды.

Завод құрылысына 1,7 млрд. теңге көлемінде инвестиция қарастырылса, фабриканың құрылысы кезінде 50 адам, ал завод толық қуаттылығына шыққанда 62 адам жұмыс орындарымен қамтылады. Кәсіпорынның  өндірген өнімінің 25,0 пайызы ішкі нарыққа бағытталса, 75,0 пайызын шетел нарығына шығарылмақшы.

Сондай ақ, «Вольфрам Ресурс Груп » ЖШС-ің    жобасы құрамы вольфрамнан тұратын техногенді-минералдық  түзелімдерден содан кейін байырғы кенорны кенінен өндірілген  вольфрам қоспасынан паравольфрамат аммония, ферровольфрам, металлдық вольфрам өнімдерін шығармақшы

 Озық технологиялармен жабдықталған, жобалық қуаттылығы 436,5 тонна паравольфрамат аммонияны  құрайтын  завод 2022 жылы пайдалануға берілмекші.

 Завод құрылысына 3,7 млрд. теңге көлемінде инвестиция қарастырылса, фабриканың құрылысы кезінде 50 адам жұмыспен қамтылып, ал завод іске қосылғанда 150 жаңа жұмыс орындары ашылмақшы.

Кәсіпорынның  өндірген өнімі аудан бойынша өңдеу өнеркәсібі саласының еңбек өнімділігін арттыруға және өңделген тауарлар экспортының көлемін ұлғайтуға бағытталып,  толықтай шетел нарығына шығарылмақшы.

Кәсіпкерлікті қолдау картасындағы «Akmaya Tungsten» ЖШС-ің «Ақмая» кен орны базасында сирек металлдардың байыту-өндірістік кешенін салу» жобасы 2019-2023 жылдары іске асырылмақшы.

Ауданның жоспарына сәйкес сирек металдарды байыту-өндірістік кешенінің құрылысы бойынша жылына 353 тонна вольфрам қатқабаттарын өндірмекші.

Кешен құрылысына 3,0 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылмақшы.

Зауыт құрылысы кезеңінде 350 жұмыс орны, пайдалану кезінде 170 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

Өндірілген өнімнің 20% ішкі нарыққа, 80% көлемінде экспортқа бағытталуда.

Бұл бағытта әлі де жұмыстар жүргізіледі және түсті металлдар өндірісі үшін кен орындарын игеруде, сондай ақ  дайын бұйымдар мен қосылған құны жоғары өнімдер өндіруді көздейтін, салық түсімдерін молайтуға бағытталған  инвестициялық жобаларды аймақтық кәсіпкерлікті қолдау Картасы аясында іске асыру көзделуде.

Мемлекет тарапынан энергияның жаңаланатын көздеріне көңіл бөлінуі және оны бизнес құрылымдарымен біріге отырып іске асыру бағытында жүргізіп отырған жұмыстары қызығушылық танытуда.

Осыған байланысты Ақадыр кентінде 2019 жылы жалпы құны 13,0 млрд. тенгені, жобалық қуаттылығы 50МВт құрайтын  «Күн сәулесінен қуат алатын электрстанциясын орнату» жобасы іске асырылды.

           2020 жылы аталған  электрстанциясының қуаттылығын арттыру бағытында  қосымша  жобалық қуаттылығы 26МВт, жалпы құны 5,6 млрд. тенгені құрайтын  электростанция салу жұмыстары аяқталып, іске қосылды.

           Сонымен қатар, аудан көлемінде кен орындарын игеру бойынша біршама кәсіпорындар барлау жұмыстарын жүргізуде. Алдағы уақытта жобаларды іске асырып, ауданға инвестиция тарту мақсатында жан-жақты жұмыстар жүргізіледі.

Аудан өнеркәсіп саласының әлеуеті өте үлкен. Сондықтан, бұл салада ауданның  даму болашағын жасау бағытында Қорғантас, Үлкенжол, Ұзынжал кенорындарындағы пайдалы қазбаға барлау жұмыстары жүргізілуде.

            Ағымдағы  жылы өңірде 116,4 млрд. тенгенің өнеркәсіп өнімдері өндіріліп қызметі көрсетілмекші, 2020  жылға қарағанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 7,7 млрд теңгеге артып,107 пайызды құрамақшы. Негізгі капиталға 41,0 млрд. тенге көлемінде инвестиция тартылмақшы. Ол 2020 жылдан 13,7 млрд. теңгеге кем болып, 75,0 пайызды құрамақшы.

             Осы бағытта, салалар бойынша жетекшілік ететін бөлім басшылары, ауыл, кент әкімдерінегізгі капиталға құйылатын инвестиция көлемін 2020 жылдың денгейінен төмендетпеу мақсатында бір қатар жұмыстар атқаруымыз қажет етіледі.

         Сол себепті құйылатын инвестиция көлеміне бақылау жасап, есептің толық тапсырылуын қадағалауларыңыз сұралады.

Аудан бойынша шағын және орта кәсіпкерлік саласында тіркелген құрылымдар саны 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 3334 құрылымға жетіп, 2019 жылдын сәйкес мерзіміне 105,0 пайызды құрады. Осы салада жұмыспен қамтылғандар саны есепті мерзімге 4610 адамға жетіп, 2019 жылдын сәйкес мерзімінен 101,1 пайызға артты. Сала бойынша өндірілген өнім, көрсетілген қызмет көлемі ағымдағы жылдың 1 қаңтарына 27500,0 млн.теңгеге жетіп, 2019 жылдың сәйкес мерзімінен 101,0 пайызға артты.

2021 жылдың қортындысымен  осы салада тіркелген құрылым санын 3395 бірлікке (2020 жылдан – 101,6 пайызға), жұмыспен қамтылғандар саның 4752 адамға (2020 жылдан – 103,1 пайызға), өндірілген өнім, көрсетілген қызмет көлемін  26114,3 млн. теңгеге (2020 жылдан – 101,1 пайызға) жетеді деп жоспарлануда. Жоспарды орындау мақсатында жергілікті әкімдермен бірлесе жан-жақты жұмыстар жүргізілетін болады.

Аудан елді-мекендерінде шағын кәсіпкерлік саласында 2020 жылы - 8 нысан (Ақсу-Аюлы 2-дүкен, Ақадыр-1дүкен, Т.Қайрақты-2дүкен, Тағылы-1наубайхана, Ақжал-1тойхана, Бұрма-1монша) іске қосылды.  Ағымдағы жылы  6 нысанға (Ақсу-Аюлы–1дүкен, Ақадыр-2дүкен, Бұрма-1дүкен, Батық-1дүкен, Босаға-1кулинарлық цех) жоспар берілген, жыл соңына дейін жобалардың іске асырылуы бойынша жергілікті әкімдіктермен бірлесе тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.  Есепті мерзімге Босаға ауылында жеке кәсіпкер Кашенова Н. шағын кулинарлық цехын ақпан айында іске қосты. Осы жерде айта кететін бір мәселе бөлім тарапынан ашылатын нысандар жөнінде ақпарат сұратылған кезде әкімдер жоқ деп берсе, бөлім тарапынан іс сапармен жүрген уақытта жаңадан ашылған нысандар анықталып жатады.

Жалпы аудан бойынша 2020 жылы өз ісін дамытуға және ашуға әр түрлі несиелік серіктестіктермен қорлардан 1350,0 млн. теңге көлемінде несие алынды (2019 жылы 1321,0 млн. теңге). Оның ішінде ауданында жұмыс істеп тұрған «Шет көмек» несиелік серіктестігінен өз ісін ашуға және дамытуға ағымдағы жылы 398,7 млн. теңге көлемінде несие алды. Ағымдағы жылы мемлекеттік бағдарламалар аясында несиелендіру жүргізіліп жатыр.  

  «Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдікті несиелендіру бағдарламасы  бастау алғаннан бері «Аграрлық несиелік корпорация» АҚ-нан, яғни 2019 жылы 346,2 млн. тг құрайтын 13 жоба, 2020 жылы 516,2 млн. тг құрайтын 14 жоба несие алды. Іске асырылған жобалар негзінен мал бағытын дамытуға және шаруашылық  техникаларын алуға алынған. 2021 жылы бағдарлама аясында несиелендіру бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жергілікті әкімдікдер бүгіннен бастап жобалар іздестіру бағытында жан-жақты жұмыстар жүргізсе.

Аудан кәсіпкерлеріне кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру үшін ауданның қатысты мекеме, бөлім басшыларының және несиелік серіктестіктермен қорлардың кеңесшілерінің қатысуымен ZOOM қосымшасы ағымдағы жылы ақпан айында 1 рет түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Осы бағыттағы жұмыстар 2020 жылы 7 рет ұйымдастырылған болатын. Аудан кәсіпкерлеріне кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы мемлекеттік бағдарламалар жөнінде түсіндіру үшін 2018 жылы 11 рет, 2019 жылы 10 рет кездесу өтті.

2017 жылы өз ісін ашып, кәсіпкерлік бастамашылығы бар аудан тұрғындарына «Нәтижелі жұмыспен қамту, жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында Ұлттық кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 199 қатысушы оқып, сертификат алған болатын. 2018 жылы кәсіпкерлік негіздері бойынша 219 адам оқу оқып, сертификат алды. 2019 жылы 8 топ оқу оқып, 381 адам қатысты. 2020 жылы жоба аясында 4 топ оқып, 145 адам қатысты. Оқу онлайн түрінде өтті. Ағымдағы жылы оқу сәуір айында басталады деп жоспарлануда.

Ауданда шағын және орта кәсіпкерлік құрылымдарына қолдау көрсету және өз істерін ашуға серпін беру мақсатында аудандық бюджеттен 2015 жылы және 2017 жылы 5,0 млн. теңге көлемінде аудан әкімдігінің гранты берілді. Қатысқан үміткерлер ішінен комиссия шешімімен жеңімпаздар анықталып, тиісті қаражаттарын алып, өз істерін жүргізуде. Жобалар негізінен бүгінгі күнде әлеуметтік маңызы бар, ауданға қажетті деген бағыттарды  қамтыды. Соңымен қатар, аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жас кәсіпкерлерге грант ұйымдастырылды. 2019 жылы – 5,0 млн. теңге, 2020 жылы 3,0 млн. теңге грант ойнатылды. Жеңімпаздар комиссия шешімімен анықталды. Бұл жұмыстар ағымдағы жылы да жоспарлануда.

Шет ауданы бойынша бөлшек тауар айналымының көлемі 2020 жылдың қорытындысымен 1952,3 млн.теңгеге орындалып, айғақтық көлем индексі 83,2 пайызды құрады. 2021 жылдың қорытындысмен өнім көлемін 2000,0 млн. теңге, айғақтық көлем индексі 100,0 пайызға жеткізу жоспарлануда.

Өнім көлемінің 2021 жылдың қаңтар айында төмен болуы есеп тапсыратын кәсіпорындар ішінде үлесі жоғары «КарагандаПутьСервис» және «НұржолCOM» ЖШС-лары жыл басында мемлекеттік сатып алу жұмыстарының кеш жүргізілуі себептерінен деп түсіндіруде. Осыған сәйкес жергілікті әкімдер өз әкімдіктерінде тіркеліп, есеп тапсыратын кәсіпорын иелерімен есепті уақытылы тапсырып отыру үшін сөйлесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізсе. Соңымен қатар, жаңадан ашылып тізімге қосылған кәсіпорындарға есептерін көрсетуге жұмыс жүргізіп, бұрыннан тоқтап тұрған кәсіпорындарды жабуға заңдылықтар аясында тиісті қолдаулар көрсетсе. Алдағы уақытта бірлескен жұмыстардың нәтижесінде тауар айналымы көлемін орындауға болады.

          Сондай-ақ, атқарған жұмыстармен қоса аудандағы ірі елді-мекендерде орналасқан дүкендерде және жол бойында қызмет көрсететін нысандарда қызмет көрсету деңгейін арттыру бағытында әр-түрлі жаңашыл технологияларды енгізу үшін жергілікті әкімдермен және кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламалары аясында бүгінгі күнде аудан кәсіпкерлері өз істеріне енгізіп, жұмыстарын жүргізуде.

          Атап айтсақ, «Нұржол» дүкенінің иесі Ахтаев Бексұлтан «Интернет дүкені желісін» ашып тұрғындарға өз тауарларын сатуда. Соңымен қатар, Ақсу-Аюлы ауылында «Бақыт» сауда үйінде және Ақадыр «Ақадыр» дүкенінде пост-терминал құрылғысын іске қосып, тұрғындарға қолма-қол ақшасыз есеп айрысуға жағдай жасалынған. Жәнеде дүкендерде тауарларға электронды есеп жүргізіп отыру жағдайы жасалынған.

          Көптеген кәсіпкерлер әлеуметтік желілерде парақтарын ашып, сол арқылы жұмысын жүргізуде. Мысалға аудан орталығында және Қарағанды қаласына жүретін таксилер ватсап желісінде өз топтарын ашып, өз жұмыстарын тиімді жүргізуде. Осыған қосымша аудан дүкендерінде ватсап желісі бойынша өз топтарын ашып, тауарларға сол жерге тапсырыс беру арқылы тұрғындар қажет заттарға қол жеткізуде. Ауданда сандық технологияларды қолдану біртіндеп ене бастаған (көп кәсіпкерлер бүгінгі таңда «Каспий Голд» қосымшасы арқылы есеп айрысады). Кәсіпкерлер сандық технологиялардың өз кәсіптерінде енгізудің артықшылықтарына көз жеткізуде.

          Осыған қосымша айта кететін мәлімет ауданда коммуналдық салада қызмет жасайтын «ШетКоммунСервис» кәсіпорыны өз қызметі үшін төлемді Каспий банк қосымшасы арқылы төлеуге жағдай жасап отыр.

          Бұл жұмыстардың бәрі бүгінгі күнде карантиндік талаптардың сақталып, тұрғындар үйден шықпай қажетті төлемдерді жасауға мүмкіндік болып отыр.

          Сондай-ақ, аудан бойынша мемлекеттік жекеменшік әріптестік бағдарламасы аясында ауданда 2019 жылы 2 жекеменшік балабақша 2020 жылы 1 балабақша іске қосылды. Осы бағытта іске асыруға әкімдіктер тарапынан жобалар іздестіріп, ұсыныс жасауға болады.

          Азық-түлік тауарлар бағасын тұрақтандыру.

Республика көлемінде коронавирустық инфекцияның (COVID-19) алғашқы жұқтырғандары тіркелген уақытта аудан көлеміндегі тауар айналымы жоғары деген дүкендер бойынша «Дамир АА» ЖШС ұн, макаран өнімдеріне бағаның өсуі байқалды, яғни ұн өнімдерінің 1 килограммына орташа есеппен 3 теңге қосылса, макарон өнімдеріне 5-10 теңге қосылған. Және де кейбір дүкендерде қантқа дефицит байқалып дүкендердегі қантқа бөлшек баға 350 тг/кг дейін барды. Бұл өз кезегінде облыс орталығындағы көтерме сауда нысандарындағы туындаған мәселелермен түсіндіріледі. Сол себепті облыс орталығындағы «Тайбагорова Б.Е.» жеке кәсіпкерлігінен бөлім атынан сұраныс жасау арқылы 202 тг/кг (сату бағасы 222 тг/кг аспайды) болатын 6 тонна қант Шет ауданы кәсіпкерлеріне үлестіріліп берілді.

Анықтама үшін:

Ақадыр кенті: «Қайрамбеков М.» ЖК – 3 тонна;

Ақсу-Аюлы ауылы: «Байтанасов А.» ЖК – 1 тонна, «Бикен» ЖК – 1 тонна;

Ақжал кенті: «Майбасова Г.» ЖК – 1 тонна.

Қосымша басқа да көтерме сауда түрімен айналысатын кәсіпкерлерден қажетті азық-түлік түрлерін алу мүмкіндігі жөнінде жұмыстар жүргізілуде.

Қарағанды облысы бойынша азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорынан өнімдер алу бойынша да жұмыстар атқарылуда. Атап атқанда, қордан қолжетімді бағамен алуға болатын өнімдерді, яғни қор өткізіп жатқан қарақұмық жармасын алу  мүмкіндігі жөнінде әкімдіктер арқылы кәсіпкерлерге ұсынылып, қордан 21 тамызда 500 кг қарақұмық жармасы алынып (247 тг/кг – сатып алу бағасы, 260 тг/кг – сату бағасы), толықтай жергілікті тұрғындарға өткізілді. Тұрақтандыру қоры ұсынып жатқан азық-түлік тауарларын алу мүмкіндігі жөнінде өзекті мәлімет үнемі бақылауда. Осы секілді тұрақтандыру қорын аудан деңгейінде ашу қолға алынды. Жергілікті әкімдерге тиісті бағытта жұмыс істейтін кәсіпкерлерді тарту бойынша жұмыс жүргізу қажет екенін жеткіземін.

Сонымен қатар, аудан орталығында әлеуметтік павильон жұмыс жасауда. Мұнда, тікелей тауар өндіруші өз өнімдерін халыққа тиімді бағамен ұсынуда. Осындай дүкендер Ақжал кентінде де жұмыс істеп тұр. Бірі жергілікті «NOVA Цинк» ЖШС-нің қызметкерлеріне (жалпы халық санының 30%-ға жуығы) жеңілдетілген бағамен азық-түлік тауарларын өткізсе, екіншісі зейнеткерлерге жеңілдік жасайды (Ақжол дүкені).

Сонымен қатар, Ақсу-Аюлы, Ақадыр және Сәкен Сейфуллин атындағы кенттерінде әлеуметтік тегін дүкендер ашылып, мұқтаж жандарға (тізім бойынша) қажетті азық-түлік және киім-кешектермен қамтамасыз етіп отыр. Дүкендер демеушілер тарту арқылы, мұқтаж жандардың негізгі қажеттіліктерін өтеп, өз жұмыстарын жүргізуде.

Статистика деректеріне сәйкес аудан көлемінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 2021 жылдың ақпан айына қалыптасқан бағаны, 2020 жылдың желтоқсан айындағы бағамен салыстырғанда қарақұмық жармасы–6%,ұнтақ жармасы–16%, мәйекті ірімшік–63%,  күнбағыс майы – 45%, ас тұзы - 2% қымбаттаған.

Ағымдағы жылы аудан көлеміндегі азық-түлік тауарларын сататын 109дүкен иелерімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын себепсіз өсірмеу және үстеме ақы 10 пайыздан асырмау жөнінде меморандумға отыруға қол жеткізілді.

Сонымен қатар, бөлім тарапынан 2021жыл басынан бері округтер мен кенттердегі бағалардың өзгеру динамикасына сараптама жасалынды. Яғни, аудан бойынша бөлім қорытындысына сәйкес 2020 жылдың желтоқсан айы мен ағымдағы жылдың ақпан айында қалыптасып отырған бағаны салыстырсақ:

                   Қант – 2,

Күнбағыс майы – 5,

Тұз – 4 пайызға қымбаттаса,

Қарақұмық жармасы – 1,

Күріш - 1 пайызға арзандаған.

Былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырсақ аудан бойынша

(ақпан 2020/ақпан 2021):

Қарақұмық жармасы –26,            

Қант – 34,

Сұйық май – 40 пайызға қымбаттаса,

Тұз – 7,

Күріш – 3 пайызға арзандаған

Жыл басынан бері азық-түлік тауарлары бағасының өсуін тежеу жөніндегі жұмыс тобының 2 отырысы өткізілді. 2020 жылы жалпы 6 отырыс өткізілді.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тұрақтандыру мақсатында, ауданның ірі елді-мекендерінде өткен жылы маусымдық ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы 12 жәрмеңкесі өткізілген болатын. Биыл да бұл дәстүр жалғасын тауып, Наурыз мерекесі қарсаңында өткізу жоспарлануда.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру бойынша басты назар кәсіпкерлердің қосатын үстеме ақысы бойынша, яғни дүкенмен меморандум жасалған болса 10 пайыздан, жасалмаса «Сауда қызметін реттеу туралы» ҚР Заңының 9 бабына сәйкес 15 пайыздан асырмау талаптарын орындалысын бақылау болып табылады.

Ауданда өнеркәсіп, шағын және орта кәсіпкерлік саласының дамуы туралы
Дата публикации
11 марта 2021