«Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы туралы

«Бизнестің жол картасы 2020-2025» бағдарламасы жүзеге асырылған кезеннен бастап 2011 - 2020  жылдар аралығында 505,0 млн. теңгені құрайтын 12 жоба жүзеге асырылып, 117 жаңа жұмыс орындары ашылды. Бағдарлама аясында жүзеге асыру үшін жобалар іздестіру бағытында жан-жақты жұмыстар ұйымдастырылып, ауылдық округтармен кент әкімдерімен тығыз жұмыстар жүргізілу қажет. Бүгінгі таңда Ақжал кенті әкімдігі тарапынан ескі автостанция ғимаратын іске қосуға ниет білдірген жеке кәсіпкерге жетіспейтін инфрақұрылым тартуға мемлекеттік бағдарлама аясында қолдау көрсетуге ұсыныс жасалынды. 

2018 жылы Ақой, Бұрма ауылдарындағы ауылшаруашылық өндірістік кооперативтеріне жетіспейтін инфрақұрылым тарту бойынша жобалар облыстық Үйлестіру кеңесінде қаралып, он шешімін алды. 2019 жылы Ақой ауылындағы «Ақой Ақбұлақ» кооперативіне қажетті жұмыстар аяқталып, іске қосылды.

Соңымен қатар, бағдарлама аясында берілетін грантқа 2016 жылы жеке кәсіпкер Бахытжанқызы Сәуленің «Сән салонын ашу» жобасы женімпаз атанып, 500 мың теңгеге грант иегері болып анықталса. 2017 жылы жеке кәсіпкер Разуан Сая «Наубайхана ашу» жобасы бойынша 3,0 млн. теңге грант ұтып, жобасын Қызылқой ауылында іске асырды. Ал 2018 жылы Кеншоқы ауылындағы жеке кәсіпкер Турабекова Мадина «Наубайхана ашу» жобасы бойынша 2,0 млн. теңге грант ұтып, жобасын іске қосты.  2019 жылы жеке кәсіпкердің наубайханасына жетіспейтін инфрақұрылымды тарту бойынша жергілікті бюджеттен 250 мың теңге қаржы қаралып, су және кәріз жүйесі тартып берілді.

Ағымдағы жылға осы бағыттағы грантқа қатысуға аудан бойнша тізім қалыптастырылуда.

2020 жылы Батық ауылында орналасқан «Қайрат» шаруақожалығына 17,5 млн. теңгеге және К.Мыңбаев ауылдық округіне қарасты «Жорға 1» ЖШС-не 61,1 млн. теңгеге жетіспейтін инфрақұрылым тарту тиісті құжаттары дайындалып, Үйлестіру кеңесінде қаралып, оң шешімін тапқан. Ағымдағы жылы жоба бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

Сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында субсидиялау бағыты бойынша Қазақстан-Австралия бірлескен кәсіпорны «CENTRAL ASIA MINING» өзінің «Шахта құрылысын жүргізу және пайдалы қазбалар өңдіру» жобасы бойынша «Сбербанк» АҚ екінші деңгейлі банкісінен 274,6 млн. теңге көлемінде несие алды. Жобасын алдағы уақытта аудан аумағындағы кәсіпорындарда іске асыруға жұмыстар жүргізуде.

Аталған бағдарлама аясында іске асыруға жобалар жөнінде және толық қанды ақпарат алу үшін:

- Шет ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөліміне 8 (71031)21214,50844  және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Шет аудандық филиалына 8 (71031)21641 нөмірлеріне хабарласуға болады.

«Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы туралы
Дата публикации
11 марта 2021