2020 жылы 21590 қызмет көрсетілген, оның 1070 мемлекеттік мекемелер арқылы қағаз жүзінде, ал баламалы (ХҚКО арқылы, «электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілетін) түрде көрсетілетін қызметтерден мемлекеттік мекемелер арқылы 3445 қызмет көрсетілген, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 2614 қызмет көрсетілген. Электрондық түрде 14461 қызмет, соның ішінде «электронды үкімет» порталы арқылы 2974 қызмет, ал «Е-лицензиялау» арқылы 380 қызмет. Қызмет берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы 11107 қызмет көрсетілген.
Сонымен қатар, жоғарыда аталған тізілімде кейбір қызметтер («Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу») «Электрондық үкіметтің»веб-порталы арқылы ғана көрсетіледі деп жазылған, алайда қызметтердің стандарттарына сәйкес қағаз жүзіндеде көрсетіледі. Сонымен қатар, аудандық ветеринарлық станция мекемесі арқылы көрсетілетін «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» және «Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттік қызметтерінің санын «Қарағанды облысының Ветеринария басқармасы» ММ есебінде көрсетілген.
Ішкі бақылау шаралары жоспарға сәйкес жүргізілуде. 2020 жылдың 20 сәуіріндегі «2019 жылғы 4 желтоқсандағы №156 бұйрығына өзгеріс енгізу» туралы №56нқ бұйрығына сәйкес ауданның білім бөліміне қарасты мектептерге жүргізілетін ішкі бақылау шаралары ағымдағы жылдың ІV тоқсанында жүргізілді.
Түсіндірме жұмыстарға тоқталсақ, ағымдағы жылы Электрондық Үкімет веб порталын популяризациялау мақсатында ауылдық округтер мен кенттерде 2020 жылы аудан аумағында 11 баннер ілінді.
2020 жылы 4 рет мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелердің қызметкерлері тарапынан қызмет алушыларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер және бос жұмыс орындар жәрмеңкелері ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың ақпан айында аудан орталығында көп балалы отбасылар мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылармен кездесу өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді және ауылдық округтер мен кенттер әкімдері халық алдында есеп беру кездесулерінде веб-портал арқылы электронды түрде алуға болатын мемлекеттік қызметтер жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілген.
2020 жылы көрсетілетін қызметтерді электронды түрде алуды насихаттау бойынша 2500 дана кітапшалар таратылып, мемлекеттік қызмет көрсететін барлық мекемелердің ақпараттандыру тақталарында орналастырылған.
Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау және оқшаулау шараларын күшейту мақсатында 26 наурыздан бастап 16 сәуірге дейін аудан аумағындағы №1 және №2 халыққа қызмет көрсету орталықтары мемлекеттік қызметтерді қашықтан көрсетуге көшуіне байланысты түсіндірме жұмыстары («Шет Шұғыласы» газетіне және барлық әлеуметтік желілерге хабарландырулар жарияланды, ауылдық округтермен кенттер әкімі аппараттары ғимараттарында хабарландырулар ілінген, ЭЦҚ (электронды цифрлы қолтаңба) онлайн режимде алу жөнінде видеороликтер оның ішінде ЭЦҚ (электронды цифрлы қолтаңба) алу нұқаулығы таратылуда) жүргізілуде.
Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында 2020 жылдың 11 қыркүйегінде ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы, 2020 жылдың 17 қыркүйегінде ауданның АХАТ қызметінің бас инспекторы, 2020 жылдың 22 қыркүйегінде ауданның денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы тікелей эфирде мемлекеттік қызметтер мәселелері жөнінде сұхбат берді.
Түсіндірме жұмыстарын жандандыру және видеороликтер көрсетілуін кең көлемді тарату мақсатында ағымдағы жылдың тамыз айында аудан орталығында жарық диодты LED экран орнатылды.
Мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелердің ақпараттандыру тақталарында жаңадан шыққан ережелер орналастырылған.
Ауылдық округтермен кенттер әкімі аппараттары ғимараттарында хабарландырулар ілінген, ЭЦҚ (электронды цифрлы қолтаңба) онлайн режимде алу жөнінде видеороликтер оның ішінде ЭЦҚ (электронды цифрлы қолтаңба) алу нұқаулығы таратылуда) жүргізілуде.
Мемлекеттік қызметтердің өтініштерін қабылдайтын мамандар қажетті қорғаныс құралдарымен (маскалармен, қолғаптармен, антисептиктермен) жабдықтандырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелердегі мемлекеттік қызмет алушылардың арыз – шағымдары мен ұсыныс пікірлеріне арналған журналдарға ешқандай арыз-шағымдар түскен жоқ.