Жалпы аудан бойынша 2020 жылы өз ісін дамытуға және ашуға әр түрлі несиелік серіктестіктермен қорлардан 1350,0 млн. теңге көлемінде несие алынды (2019 жылы 1321,0 млн. теңге). Оның ішінде ауданында жұмыс істеп тұрған «Шет көмек» несиелік серіктестігінен өз ісін ашуға және дамытуға ағымдағы жылы 398,7 млн. теңге көлемінде несие алды.
«Бизнестің жол картасы 2020-2025» бағдарламасы жүзеге асырылған кезеннен бастап 2011 - 2020 жылдар аралығында 505,0 млн. теңгені құрайтын 12 жоба жүзеге асырылып, 117 жаңа жұмыс орындары ашылды. Бағдарлама аясында жүзеге асыру үшін жобалар іздестіру бағытында жан-жақты жұмыстар ұйымдастырылып, ауылдық округтармен кент әкімдерімен тығыз жұмыстар жүргізілуде.
2018 жылы Ақой, Бұрма ауылдарындағы ауылшаруашылық өндірістік кооперативтеріне жетіспейтін инфрақұрылым тарту бойынша жобалар облыстық Үйлестіру кеңесінде қаралып, он шешімін алды. Бүгінгі күнде Ақой ауылындағы «Ақой Ақбұлақ» кооперативіне қажетті жұмыстар аяқталып, іске қосылды.
Соңымен қатар, бағдарлама аясында берілетін грантқа 2016 жылы жеке кәсіпкер Бахытжанқызы Сәуленің «Сән салонын ашу» жобасы женімпаз атанып, 500 мың теңгеге грант иегері болып анықталса. 2017 жылы жеке кәсіпкер Разуан Сая «Наубайхана ашу» жобасы бойынша 3,0 млн. теңге грант ұтып, жобасын Қызылқой ауылында іске асырды. Ал 2018 жылы Кеншоқы ауылындағы жеке кәсіпкер Турабекова Мадина «Наубайхана ашу» жобасы бойынша 2,0 млн. теңге грант ұтып, жобасын іске асыру бағытында тиісті жұмыстар ұйымдастыруда. 2019 жылы жеке кәсіпкердің наубайханасына жетіспейтін инфрақұрылымды тарту бойынша жергілікті бюджеттен 250 мың теңге қаржы қаралып, су және кәріз жүйесі тартып берілді.
Ағымдағы жылға грантқа қатысуға ауданнан 2 қатысушы қажетті құжаттарын тапсырып, өз жобаларын комиссия алдында қорғады. Құжат тапсыру, жобаны қорғау онлайн түрде өткізілді.
2020 жылы Батық ауылында орналасқан «Қайрат» шаруақожалығына жетіспейтін инфрақұрылымын тарту бойынша 17,5 млн. теңге тиісті құжаттары дайындалып, Үйлестіру кеңесінде қаралып, оң шешімін тапты. Алдағы уақытта жоба бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.
Сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында субсидиялау бағыты бойынша Қазақстан-Австралия бірлескен кәсіпорны «CENTRAL ASIA MINING» өзінің «Шахта құрылысын жүргізу және пайдалы қазбалар өңдіру» жобасы бойынша «Сбербанк» АҚ екінші деңгейлі банкісінен 274,6 млн. теңге көлемінде несие алды. Жобасын алдағы уақытта аудан аумағындағы кәсіпорындарда іске асыруға жұмыстар жүргізуде.
Ағымдағы жылы К.Мыңбаев ауылдық округіне қарасты «Жорға 1» ЖШС-не жетіспейтін инфрақұрылым тарту бойынша құжаттары облыстық Аймақтық үйлестіру кеңесіне қарау үшін тапсырылды.
«Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдікті несиелендіру бағдарламасы бастау алғаннан бері «Аграрлық несиелік корпорация» АҚ-нан, яғни 2019 жылы 346,2 млн. тг құрайтын 13 жоба, 2020 жылы 516,2 млн. тг құрайтын 14 жоба несие алды. Іске асырылған жобалар негзінен мал бағытын дамытуға және шаруашылық техникаларын алуға алынған.