«Мемлекеттік органның ашықтығы» бағыты бойынша мемлекеттік органдардың қызметі тиімділігінің операциялық бағалау нәтижелері туралы қорытынды

 «Мемлекеттік органның ашықтығы» бағыты бойынша мемлекеттік органдардың қызметі тиімділігінің

операциялық бағалау нәтижелері туралы қорытынды

Қарағанды облысы әкімдігі

 

2019 жылы

(есепті кезең)

 

№

Операциялық бағалау өлшемі

Балл

1

Ашық деректер

17,1

2

Ашық бюджет

21,1

3

Ашық нормативтік құқықтық актілер

20

4

Ашық диалог

15,1

5

Ведомстволық бағынысты ұйымдардың ашықтығы

-

 

Өлшемдер бойынша жалпы баға

73,3

 

Айыппұл балдарын шегеру

 

 

Айыппұл балдарын шегеруді есепке ала отырып, қорытынды баға

 

 

         Қарағанды облысы әкімдігі (бұдан әрі – Әкімдік) бағалау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2020 жылғы                  5 наурыздағы № 44, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 11 наурыздағы № 82, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Төрағасының 2020 жылғы 10 наурыздағы № 40 және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 10 наурыздағы № 87/НҚ (бұдан әрі - Әдістеме) біріккен бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылын бағалау әдістемесіне сәйкес жүргізілді.

Әкімдік «Мемлекеттік органның ашықтығы» бағыты бойынша есептік деректерді бағалау жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне операциялық бағалау жүргізу кестесіне сәйкес енгізді.

Операциялық бағалау өлшемдері бойынша Әкімдік қызметінің тиімділігін талдауы:

 

  1. «Ашық деректер» өлшемі бойынша

 

«Ашық деректер» өлшемі бойынша бағалау бағаланатын мемлекеттік органдарды өздері бекіткен тізбелер шеңберінде және сұрау салулар бойынша ашық деректер жиынтығын жариялауға ынталандыруға, сондай-ақ АТ-қоғамдастығы, кәсіпкерлік, академиялық және зерттеу ұйымдары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары мен коммерциялық емес ұйымдар өкілдерінің арасында ашық деректер қажеттілігін талдауға бағытталған.

«Ашық деректер» өлшемі бойынша бағалау мынадай индикаторлар бойынша жүргізілді:

1) Бекітілген Тізбеге сәйкес деректер жиынтықтарының жарияланымдарының саны;

2) Сұраулар негізінде қосымша жарияланған ашық деректер жиынтықтарының саны;

3) Бекітілген Тізбеге сәйкес деректер жиынтықтарын жариялау мерзімдерін сақтау;

4) Деректер жиынтығын толтырудың дұрыстығы және толықтығы;

5) Халықтың ашық деректерге қажеттілігін анықтауға бағытталған іс-шараларды іске асыру.

Ашық деректер интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер жиынтығының тізбесі Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы                         14 шілдедегі № 51/01 қаулысымен бекітілген (бұдан әрі - Тізбе).

Тізбеге сәйкес Әкімдіктің ашық деректер жиынтығының жалпы саны                   17 құрады, олар бойынша жарияланымдардың саны (мерзімділігін ескере отырып – жыл сайын, қажеттілігіне қарай) – 20, оның ішінде порталда орналастырылған – 15.

Осылайша, «Бекітілген Тізбеге сәйкес деректер жинақтарының жарияланымдарының саны» индикаторы бойынша 5,3 балл беріледі.

«Сұраулар негізінде қосымша жарияланған ашық деректер жиынтықтарының саны» индикаторы бойынша қосымша орналастырылған деректер жиынтықтардың болмауына байланысты 0 балл беріледі.

«Бекітілген Тізбеге сәйкес деректер жиынтықтарын жариялау мерзімдерін сақтау» индикаторы бойынша барлық 15 жарияланым қажеттілігіне қарай өзектіленетіні анықталды, осыған байланысты аталған индикатор бойынша 7 балл беріледі.

«Деректер жиынтықтарын толтырудың дұрыстығы және толықтығы» индикаторы бойынша 4 жиынтық қате орналастырылғаны анықталды (2 жиынтықта толық емес мәліметтер бар – «Білім беру объектілері туралы деректер», «Спорт нысандары туралы мәліметтер» және 2 жиынтықта түйінді сөздер тек орыс тілінде көрсетілген – «Туризм объектілері туралы мәліметтер», «Азық-түлік себетіне кіретін азық-түлік өнімдері»), осыған байланысты аталған индикатор бойынша 4,8 балл беріледі.

«Халықтың ашық деректерге қажеттілігін анықтауға бағытталған іс-шараларды іске асыру» индикаторы бойынша тиісті іс-шаралардың өткізілуін растайтын деректер мен материалдардың болмауына байланысты                    0 балл беріледі.

Әкімдіктің «Ашық деректер» критерийі бойынша қорытынды баллды есептеу бес индикатор баллдарын қосу жолымен жүргізілді және ықтимал                     25 баллдан 5,3+0+7+4,8+0= 17,1 балл құрайды.

 

  1. «Ашық бюджет» өлшемі бойынша

 

«Ашық бюджет» өлшемі бойынша бағалау бағаланатын мемлекеттік органдарды бюджеттік ақпаратты жариялауға және келіп түскен түсініктемелер мен ұсыныстармен тиімді жұмыс істеуге ынталандыруға бағытталған.

Осы өлшем бойынша бағалау 7 индикатор бойынша жүргізілді:

«Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті оны қоғамдық кеңестің отырысына ұсынғанға дейін (бар болса), бірақ есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей орналастыру» 1) индикаторы бойынша ең жоғары 6 балл беріледі.

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарынан оларды алғаннан кейін он бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері туралы ақпаратты порталда орналастыру» 2) индикаторы бойынша 14 есептің 3-і уақтылы орналастырылмағаны анықталды, осыған байланысты 3,1 балл (4-3*4/14) беріледі.

«Азаматтық бюджетті орналастыру» 3) индикаторы бойынша                          53 материалды орналастырғаны үшін ең жоғары 3 балл беріледі.

«Бюджеттік бағдарламалар жобаларын орналастырудың дұрыстығы және толықтығы» 4) индикаторы бойынша ең жоғары 1 балл беріледі.

«Бюджеттік бағдарламалар жобаларын орналастырудың уақтылығы» 5) индикаторы бойынша ең жоғары 1 балл беріледі.

«Пайдаланушылардың ұсыныстары мен түсініктемелерін мониторингілеу және қарау» 6) индикаторы бойынша пайдаланушылардың ұсыныстары мен түсіндірмелерінің болмауына байланысты порталдың әрбір тілдік нұсқасы үшін 3 балдан (жиыны 6 балл) беріледі.

«Бюджеттік бағдарламалар жобаларын және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді жария талқылаудың басталуы туралы хабарландыруларды жариялау» 7) индикаторы бойынша Әкімдік тек интернет-ресурсқа сілтеме береді. Осылайша, осы индикатор бойынша 1 балл беріледі.

Әкімдіктің «Ашық бюджет» критерийі бойынша қорытынды балды есептеу 7 индикатор балын қосу жолымен жүргізілді және 25 ықтимал балдан 21,1 балды құрайды.

 

  1. «Ашық нормативтік құқықтық актілер» өлшемі бойынша

 

«Ашық нормативтік құқықтық актілер» өлшемі бойынша бағалау бағаланатын мемлекеттік органдарды нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын және заң жобаларының тұжырымдамаларын жариялауға, сондай-ақ келіп түскен түсіндірмелер мен ұсыныстармен тиімді жұмысқа ынталандыруға бағытталған.

Осы өлшем бойынша бағалау мынадай индикаторлар бойынша жүргізілді:

1) Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орналастыру;

2) Нысандарды толтырудың дұрыстығы (жолдардың толықтығы, нұсқалық, тілдік орналасу);

3) Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына және реттеушілік әсерді талдаудың қорытындыларына пайдаланушылардың ұсыныстары мен түсініктемелерін мониторингілеу және қарау;

4) Заң жобалары тұжырымдамаларының және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орналастыру туралы хабарландыруларды жариялау:

- әлеуметтік желілердегі және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдарындағы ресми аккаунттарда;

- Интернет желісінде;

- ақпараттық хаттарды жіберу арқылы.

         «Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орналастыру» индикаторы бойынша порталда нормативтік құқықтық актілердің 654 жобасы жарияланды. Осыған байланысты, осы индикатор бойынша Әкімдікке                           8 балл беріледі.

         «Нысандарды толтырудың дұрыстығы (жолдардың толықтығы, нұсқалық, тілдік орналасу)» индикаторы бойынша сәйкессіздіктер анықталған жоқ. Осылайша, осы индикатор бойынша 4 балл беріледі.

         «Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына және реттеушілік әсерді талдаудың қорытындыларына пайдаланушылардың ұсыныстары мен түсініктемелерін мониторингілеу және қарау» индикаторы бойынша – жария талқылау барысында 556 пікірлер мен ұсыныстар келіп түсті, оның ішінде 110 жауаптың мерзімі бұзылып[1] берілді. Осыған байланысты Әкімдікке 8 балл (10-2) беріледі.

         Пікірлерге жауап беру бойынша бұзушылықтар:

  1. «Малшыбай селосындағы көшелерге атау беру туралы» (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2059477) – түсініктемеге жауап берілмеген;
  2. «Майоровка кентінің әкімі» мемлекеттік мекемесін «Егінді ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне қайта тіркеу және «Егінді ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2060963) – түсініктемеге жауап берілмеген;
  3. «Ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін «Ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне қайта тіркеу және ауыл әкімінің аппараты туралы ережені бекіту туралы» (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2061714) – түсініктемеге жауап берілмеген;
  4. «Байтұған ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін «Байтұған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне қайта тіркеу және «Байтұған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2061720) – түсініктемеге жауап берілмеген;
  5. «Көбетей кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін «Кобетей ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне қайта тіркеу және «Көбетей ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2061724) – түсініктемеге жауап берілмеген;
  6. «2019 жылы Осакаров ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2072174) – 3 түсініктемелерге жауаптар берілмеген;
  7. «2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Осакаров аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 556 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2075023) – түсініктемеге жауап берілмеген;
  8. «Сарани қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 16 ақпандағы № 08/04 «Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысы жүзеге асыратын жұмыстардың, қызметтердің тізбесін айқындау туралы» қаулысы күші жойылды деп тану туралы» (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2080170) – 2 түсініктемелерге жауаптар берілмеген;
  9. «Кәсіптің жекелеген түрлері үшін бірыңғай тіркелген салық ставкасын бекіту туралы» (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2082726) – 6 түсініктемелерге жауаптар берілмеген;
  10. «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2018 жылғы 29 наурыздағы № 13/01 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2294268) – 7 түсініктемелерге жауаптар 12.04.2019 ж. берілген (НҚА-ны жария талқылау 19.03.2019 ж. дейін);
  11. «Қарағанды облысы жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы «Қарағанды облысы әкімдігінің 2006 жылғы 20 ақпандағы № 04/08 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2296414) – 2 түсініктемелерге жауаптар берілмеген;
  12. «Әлеуметтік және еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2310291) – түсініктемеге жауап берілмеген;
  13. «Қазақтелеком» АҚ шектеулі мақсатты пайдалануды (мемлекеттік сервитутты) белгілеу туралы» (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2316493) – 3 түсініктемелерге жауаптар берілмеген;
  14. «Денсаулық сақтаудың регламенттерін бекіту туралы» (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2322077) – 3 түсініктемелерге жауаптар берілмеген;
  15. «Бейбітшілік бульвары мен Нарманбет Төлепов көшесін Нұрсұлтан Назарбаев даңғылына біріктіру арқылы қайта атау туралы» (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2323329) – 2 түсініктемелерге жауаптар берілмеген;
  16. «Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілер болып табылатын және лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды жиырма бес пайызға көтеруге құқығы бар денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2329685) – 2 түсініктемелерге жауаптар берілмеген;
  17. «Жезқазған қалалық мәслихатының ХХХ сессиясының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 30/274 «Жезқазған қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2334861) – 2 түсініктемелерге жауаптар берілмеген;
  18. «Кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жай беру және үгіт-насихат материалдарын орналастыратын орынды анықтау туралы» (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2334923) – 2 түсініктемелерге жауаптар берілмеген;
  19. «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 наурыздағы № 18/02 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2335602) – түсініктемеге жауап берілмеген;
  20. «Азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қыркүйектегі № 54/02 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2337503) – 11 түсініктемелерге жауаптар 17.07.2019 ж. және 31.12.2019 ж. берілген (НҚА-ны жария талқылау 02.05.2019 ж. дейін), 1 түсініктемеге жауап берілмеген;
  21. «Абай ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 10 наурыздағы № 10/06 «Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы» (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2338927) – 2 түсініктемелерге жауаптар берілмеген;
  22. «Абай ауданы мәслихатының 7-сессиясының 2016 жылғы 21 шілдедегі № 7/73 «Абай қаласында, Топар, Қарабас, Южный ауылдарында және Кулайайгыр, Агрогородок, Жартас ауылдарында коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталу нормаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2341347) – 2 түсініктемелерге жауаптар берілмеген;
  23. «Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының анықтамасы туралы» (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2341615) – 2 түсініктемелерге жауаптар берілмеген;
  24. «Қарағанды қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2344680) – 2 түсініктемелерге жауаптар берілмеген;
  25. «Қарағанды қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 17 мамырдағы № 19/15 бірлескен қаулысына өзгерістер енгізу туралы және Қарағанды қалалық мәслихатының 2017 жылғы 10 мамырдағы № 149 «Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалааралық қоғамдық көлікте жүруге (таксиден басқа) жеңілдіктер туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2344760) – 2 түсініктемелерге жауаптар берілмеген;
  26. «Қарағанды облысындағы қабірлерді күтіп ұстауға арналған көму және іс жүргізу ережесін бекіту туралы» (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2349063) – 2 түсініктемелерге жауаптар берілмеген;
  27. «Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының анықтамасы туралы» (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2359893) – түсініктемеге жауап берілмеген;
  28. «Қаражал қалалық мәслихатының XX сессиясының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 189 «Коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталу нормаларын, сондай-ақ Қаражал қаласында коммуналдық-тұрмыстық қалдықтарды жинау, жою, кәдеге жарату және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2361309) – 2 түсініктемелерге жауаптар берілмеген;
  29. «Мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2362754) – 2 түсініктемелерге жауаптар берілмеген;
  30. «Азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қыркүйектегі № 54/02 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2365824) – 5 түсініктемелерге жауаптар 19.07.2019 ж. берілген (НҚА-ны жария талқылау 19.06.2019 ж. дейін);
  31. «Абай аудандық мәслихатының 35 сессиясының 2014 жылғы 19 қарашадағы № 35/370 «Ауылда тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2373132) – 2 түсініктемелерге жауаптар берілмеген;
  32. «Әлеуметтік және еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2019 жылғы 18 маусымдағы № 37/02 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2374159) – түсініктемеге жауап берілмеген;
  33. «Шет ауданының 2019 жылы жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 26/230 шешіміне өзгерістер енгізу туралы жылы» (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2392531) – түсініктемеге жауап берілмеген;
  34. «Қондырғыларды кейіннен пайдалану (ғимараттарды бұзу) бойынша жұмыстар кешені туралы шешім беру» мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2392688) – түсініктемеге жауап берілмеген;
  35. «Тұрғын үй сертификаттарын алушылардың санаттары мен көлемдерінің тізбесін бекіту туралы» (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2399249) – 4 түсініктемелерге жауаптар берілмеген;
  36. «Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 шілдедегі № 52/01 «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығына кепіл шартын тіркеу туралы» мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы «қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2413457) – түсініктемеге жауап берілмеген;
  37. «Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 4 «Облыстың елді мекендерінің, ауылдық округтерінің 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» 32-сессиясының шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2414640) – түсініктемеге жауап берілмеген;
  38. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2460463) – 9 түсініктемелерге жауаптар берілмеген;
  39. «V шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының XLI сессиясының 2014 жылғы 27 қарашадағы № 363 «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және Қарағанды қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізімін айқындау ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2496199) – 2 түсініктемелерге жауаптар берілмеген;
  40. «Қаражал қаласы әкімінің 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 2 «Сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2539111) – түсініктемеге жауап берілмеген;
  41. «Азаматтық қызметші болып табылатын және жергілікті бюджет қаражаты есебінен жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, Ветеринария, Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2552015) – түсініктемеге жауап берілмеген;
  42. «Бұқар жырау аудандық мәслихатының 8-сессиясының 2012 жылғы 20 қыркүйектегі № 5 «Бұқар жырау ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегінің мөлшері мен тәртібі туралы ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2563619) – 2 түсініктемелерге жауаптар берілмеген;
  43. «Ақтоғай ауданында жайылымдар айналымы және жайылымдарды басқару жоспарын бекіту туралы» (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2584283) – түсініктемеге жауап берілмеген;
  44. «Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына жұмысқа орналасуға квота белгілеу туралы» (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2606433) – түсініктемеге жауап берілмеген;
  45. «Азаматтық қызметші болып табылатын және жергілікті бюджет қаражаты есебінен жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, Ветеринария, Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі» (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2642218) – түсініктемеге жауап берілмеген;
  46. «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2663301) – 2 түсініктемелерге жауаптар 03.03.2020 ж. берілген (НҚА-ны жария талқылау 25.12.2019 ж. дейін);
  47. «Мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 02/02 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2671632) – түсініктемеге жауап берілмеген;
  48. «Шет ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2020 жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2709028) – 2 түсініктемелерге жауаптар берілмеген.

         Әкімдікпен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орналастыру туралы хабарландыруларды жариялау туралы ақпарат берілмеген. Осылайша, «Заң жобалары тұжырымдамаларының жобаларын және нормативтік құқықтық актілерді орналастыру туралы хабарландыруларды жариялау»  индикаторы бойынша Әкімдікке 0 балл беріледі.  

         Әкімдіктің «Ашық нормативтік құқықтық актілер» критерийі бойынша қорытынды баллды есептеу төрт индикатор баллдарын қосу жолымен жүргізілді және мүмкін 25 баллдан: 8+4+8+0=20 балл құрайды.

 

  1. «Ашық диалог» өлшемі бойынша

 

         «Ашық диалог» өлшемі бойынша бағалау бағаланатын мемлекеттік органдарды мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының блог-платформасы арқылы жеке және заңды тұлғалармен тиімді өзара іс-қимыл жасауға ынталандыруға және жетекшілік ететін салалардағы мемлекеттік органның қызметіне қатысты қоғамдық пікірді талдауға бағытталған.

         Осы өлшем бойынша бағалау мынадай индикаторлар бойынша жүргізілді:

         «Бірінші басшының блогы» индикаторы бойынша Әкімдікке порталдың әрбір тілдік нұсқасы үшін 0,5 балдан беріледі (жиыны 1 балл).

         Әкімдік есепті кезеңде келіп түскен 626 өтініштің 626-ін, оның ішінде                   242 мерзімді бұза отырып қарады. Осылайша, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік органдар басшыларының ресми блог-платформасында жауаптар алған мәселелердің үлесі» индикаторы бойынша Әкімдікке 6,1 балл беріледі.

«Интернет-конференциялар мен сауалнамалар өткізу» индикаторы бойынша Әкімдік 8 интернет-конференция және 10 сауалнама өткізгені анықталды, демек, 6 балл беріледі.

«Бірінші басшылардың блогтарды жүргізуі (жазбалардың болуы)» индикаторы бойынша есеп беру кезеңінде Әкімдік жазбаларды орналастырған жоқ, осыған байланысты 0 балл беріледі.

«Ашық отырыстарды (алқаларды) онлайн-трансляциялау режимінде өткізу» индикаторы бойынша Әкімдік есепті кезеңде онлайн режимінде ашық отырыстардың 20 трансляциясын өткізді,осыған байланысты осы индикатор бойынша 2 балл беріледі.

Әкімдіктің «Ашық диалог» критерийі бойынша қорытынды баллды есептеу 5 индикатордың баллдарын қосу жолымен жүргізілді және 25 ықтимал балдан 1+6,1+6+0+2 = 15,1 баллды құрайды.

 

«Мемлекеттік органның ашықтығы» бағыты бойынша Әкімдіктің тиімділігін бағалаудың жалпы балы мүмкін 100 балдың 73,3 балды құрайды.

 

Қорытындылар мен ұсынымдар:

Жүргізілген бағалау нәтижелері мемлекеттік органның ашықтығы бойынша мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылы бөлігінде Әкімдіктің қызметі тиімділігінің орта дәрежесі туралы куәландырады.

Бағалау барысында сәйкестендірілген жағдайды назарға ала отырып, мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылының сапасын арттыру мақсатында:

- ашық деректердің орналастырылатын жиынтықтарын өзектендіру мерзімділігі мен мерзімдерінің сақталуын, сондай-ақ ашық деректер жиынтықтарының дұрыс орналастырылуын қамтамасыз ету;

- «Ашық бюджеттер» порталында материалдарды уақтылы және дұрыс орналастыру бөлігінде облыстың бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне бақылауды күшейту;

- жобалар мен нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар жобаларын және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерді әлеуметтік желілерде және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдарында ресми аккаунттарда және мүдделі ұйымдарға ақпараттық хаттар жіберу арқылы орналастыру туралы хабарландыруларды жариялауды қамтамасыз ету;

- «Ашық НҚА» порталында пайдаланушылардың ұсыныстары мен түсініктемелерінің сапалы мониторингін және уақтылы қаралуын қамтамасыз ету»;

- әкімнің блогына келіп түскен сұрақтардың уақытылы қаралуына және орналастырылуына бақылауды күшейту;

- әкімнің блогындағы жазбаларды тұрақты негізде орналастыру.

 

 

[1] ҚР Ақпарат және коммуникация министрінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 22 бұйрығымен бекітілген ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында заң жобалары тұжырымдамаларының жобаларын және нормативтік құқықтық актілер жобаларын орналастыру және жария талқылау қағидаларының 10-тармағына сәйкес ҚР [1] ҚР Ақпарат және коммуникация министрінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 22 бұйрығымен бекітілген ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында заң жобалары тұжырымдамаларының жобаларын және нормативтік құқықтық актілер жобаларын орналастыру және жария талқылау қағидаларының 10-тармағына сәйкес жобаларды әзірлеуші мемлекеттік органдар ақпаратты пайдаланушылардың ескертулерін және (немесе) ұсыныстарын орналастырылған жобаларды жария талқылау аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде қарайды және негіздемелерді көрсете отырып, оларды қабылдау не қабылдамау туралы шешім қабылдайды.

 

«Мемлекеттік органның ашықтығы» бағыты бойынша мемлекеттік органдардың қызметі тиімділігінің операциялық бағалау нәтижелері туралы қорытынды
Дата публикации
25 февраля 2021