«Antikor Live» жобасының аясында «Әкімдіктердің ашықтығы, есептілігі және қол жетімділігі» тақырыбында өткізілетін тікелей эфир

      Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев ағымдағы жылдың 19 тамызында өткізілген кеңес отырысында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін, мемлекеттік органдардың бұл бағыты бойынша барлық жұмыстарына жаңа серпін беру керектігін тапсырды.

      Осы орайда, ауданымызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және жемқорлық фактілерін болдырмауға бағытталған бірқатар іс-шаралар қолға алынуда. Келген азаматтарды 2018 жылы әкімдіктің бірінші қабатында құрылған «Open space» қабылдау бөлімінде қабылдап, қойған сұрақтарына жауап беріп көмек көрсетілуде. Осы жылдың аяғына дейін сервистік әкімдік ашылуы жоспарланып отыр.

      2018 жылы ауданда «Сарыарқа – адалдық алаңы» жобасының аясында, аудан тұрғындарына тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін арнайы мониторингтік топ құрылып 2018-2019 жылдары кестеге сәйкес барлық елді мекендерді, мемлекеттік те мемлекеттік емес те мекемелер мен кәсіпорындарды аралап, консультативті түсіндірме жұмыстарын жасады.

       2020 жылы еліміздегі індетке байланысты, наурыз айынан бастап, ауданның округтерінің әкімдері, аудан әкімінің орынбасарлары мен мекеме басшылары онлайн форматында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тұрғындар тарапынан туындаған сұрақтарға жауап береді. Апта сайын «Адал көмек» құқықтық көмек көрсету іс-шаралары онлайн форматында ұйымдастырылады. Бүгінгі таңға аудандық бөлім басшылары, ауыл, кент әкімдері барлығы аталған іс-шараға қатысып, тікелей эфир арқылы «Инстаграм» парақшасында түсіндірме жұмыстарын жасап, туындаған сұрақтарға жауаптарын берді. Кәзір бұл шараны өзім және мекеме басшылары жоспар бойынша жалғастырудамыз. Бүгінгі таңға «Адал көмек» жобасының шеңберінде «Әкім сағаты» акциясында 12 мәрте сұхбат өткізілді. Тұрғындардан жалпы саны 260 сұрақтар мен өтініш, ұсыныстар түсті. Оның 140 – тікелей эфир барысында жауабы берілді. 64 сұрақтарға шешімін тауып, 56 сұрақ алдағы жұмыс жоспарына алынды. Қайталама қойылған сұрақтар -86. Сонымен қатар, ай сайын  «Халық заңгері» құқықтық көмек көрсету іс-шаралары өткізілуде. Жылдың басынан 9 акциясы өткізілді.

      Аудандық мемлекеттік мекемелердің қызметтік автокөліктеріне кешкі сағат 19:00-ден кейін жүрулеріне қатаң тиым салынған. Бұнда тек ЖКХ бөліміне жұмысының ерекшелігіне байланысты жүріп тұруына рұқсат етілді. Барлық қызметтік автокөліктердің екі жақтарына ауданның логотипы бар арнайы белгілер орнатылған.

      Жыл сайын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі. Бүгінгі таңда заң бұзушылықтар анықталған жоқ. Ішкі талдаудың уақытылы және сапалы жүргізілуі бақылауға алынған.

      Мемлекеттік қызметтер стандарттары бекітіліп, аудан әкімдігінің сайтында орналастырылған.

      Ауыл, кент әкімдіктерінде, бөлімдерде барған азаматтарға қолайлы жағдай туғызу мақсатында сервис орталықтары ұйымдастырылған.

      Әр мекемелерде және квази мемлекеттік мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңдылығына енгізілген өзгерістер жайлы коллективтері ішінде жиналыстар өткізіліп түсіндірме жұмыстары жасалды. Мекемелердің көрнекі жерлерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытында әзірленген ақпараттық тақталар ілулі.

       «Сарыарқа – адалдық алаңы» жобасының аясында, 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның ұстанымдарын кезеңдеп жүзеге асыру іс-шаралар жоспарын орындау арқылы қамтамасыз етілуде. Құқықбұзушылықтарға толеранттықтан – «мүлдем төзбеушілікке», әсіресе тұрмыстық сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне төзбеушілікке, құқықтық мәдениет пен азаматтардың құқықтық санасын дамытуға сынды жемқорлыққа қарсы іс-қимыл парадигмасының ауысуын белгілейді. Құқықтық қорғау кепіліне сенімсіздіктен – мемлекеттік билік институттарына, тәуелсіз және әділ мемлекеттік органдарға жоғары сенім деңгейін арттыру үшін жұмыстар атқарылуда. Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша барлық қойылған міндеттер мемлекеттік органдардың жұмыс жоспарларында көрініс табуда.

Дата публикации
25 февраля 2021