Заседание избирательной комиссии о проводимой работе по подготовке к выборам

Сайлауға дайындық бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы сайлау комиссиясының отырысы

        Шет аудандық сайлау комиссиясының  аудандық мәслихат депутаттарын сайлау мәселелері және  сайлауға дайындық барысы туралы отырысы өтті. Отырысқа учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары онлайн-режимде қосылды.

Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ержан Мұқабаев  аудандық мәслихатқа  «Nur Otan», «Ауыл» ХДПП», «ADAL», «Ақ жол» ҚДП» саяси партияларынан 34 кандидат тіркелгендігін, үміткерлердің жалпы санының 47,1 пайызын нәзік жандар мен 29 жасқа дейінгі жастар құрайтындығын айтты.

Сонымен қатар, азаматтардың сайлау құқықтарын, сайлау науқанының негізгі кезеңдерін түсіндіретін, дауыс беруге қатысуға шақыратын ақпараттар және ақпараттардың баспа бұқаралық ақпарат құраладары беттерінде және интернет желілерінде де жариялану керектігі айтылды.

        Тағы бір маңызды мәселе – сайлау учаскелерінің материалдық-техникалық базасы және учаскелердің интернетпен, пандустармен қамтылу мәселелері және мүмкіндігі шектеулі жандардың сайлау құқығын қамтамасыз ету бойынша учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары тоқталып өтті.

Дата публикации
27 декабря 2020