Заседение Шетской районной избирательной комиссии

Бүгін аудандық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі күнтізбелік жоспарларды бекіту және сайлау округін құру туралы Шет аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

Отырысқа аудандық сайлау комиссиясының мүшелері, аудандық «Шет шұғыласы» газетінің редактор-директоры М.Садуақасов, онлайн режимде учаскелік сайлау комиссиялары қатысты.

Отырысты ашқан аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Мұқабаев Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес ҚР Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарын сайлау бойынша сайлау науқаны басталдығын атап өтті.

Аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Г. Акеева саяси партия партиялық тізімдерді бекіту кезінде оған енгізілген адамдардың жалпы санының отыз пайызы әйелдер мен жиырма тоғыз жасқа толмаған жастарды қамтитынын, бекітілген жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну кезеңі дауыс беру күнінен екі ай бұрын басталады және дауыс беру күнінен қырық күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталатынын жеткізді.

Отырыстың екінші мәселесі бойынша аудандық мәслихат депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы сайлау комиссиясының хатшысы Н.Маженова хабарлама жасады.

Сонымен қатар, отырыс соңында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 21-бабының 4-тармағына және 14-бабының 6-тармағына сәйкес Шет аудандық сайлау комиссиясының «Аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы» Қаулысына қол қойылды.

Дата публикации
23 октября 2020