"Шет ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

Бекітілген

әкімдігінің қаулысымен

Шет ауданы

2015 жылғы 10 ақпан

№ 03/05

 

 

Ереже

мемлекеттік мекемесі туралы

"Шет ауданы әкімінің аппараты "»

 

 

1. Жалпы ережелер


"Шет ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мемлекеттік мекеме) аудан әкімі мен әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Мемлекеттік мекеме егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі заңдарымен.
Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс № 101700, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылы, Шортанбай жырау көшесі, 24 үй.
Мемлекеттік органның толық атауы - "Шет ауданы әкімінің аппараты"мемлекеттік мекемесі.
Осы Ереже құрылтай құжаты болып табылады
мемлекеттік мекемесі.
Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 


2. Миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,
мемлекеттік органның құқықтары мен міндеттері


Мемлекеттік мекеменің миссиясы: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік басқару саласында мемлекеттік саясатты жүргізу.
Міндеттер:

1) аудан әкімінің және аппарат қызметкерлерінің қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

2) аудан әкімінің және аппарат қызметкерлерінің қызметін құқықтық қамтамасыз ету;

3) әкім аппаратының және аппарат қызметкерлерінің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету.

Функциялары:
ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеуге қатысу жолымен Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын аудан аумағында іске асыруға қатысу және мемлекеттік бағдарламалардың және әлеуметтік-экономикалық даму болжамын іске асыру барысын бақылау, өз құзыреті шегінде ұсыныстар әзірлеу;
Шет ауданының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын, оны іске асыру бойынша шаралар кешенін әзірлеуге, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асырудың тетіктері мен тактикасын жетілдіруге қатысу және осы мақсатта аудан аумағында атқарушы билік органдарының қызметін үйлестіруді жүзеге асыру, олардан талдау, аудан әкімі мен әкімдігінің актілерін дайындау, олардың орындалуын қадағалау, әлеуметтік-экономикалық жағдайды дамыту мәселелері бойынша ұсыныстар мен болжамдарды қалыптастыру, аудан әкімі мен әкімдігінің актілерін дайындау,;
азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдесу;
аудан аумағында кәсіпкерлік қызметті және инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдай жасау;
орталық атқарушы орган берген өкілеттіктерге сәйкес республикалық бағыныстағы кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің қызметін үйлестіру, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың, республикалық бағыныстағы аумақтық органдардың өзара іс-қимылын және қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету;
Қарағанды облысы әкімінің аппаратымен, мемлекеттік мекемелермен, ведомстволармен, кенттер мен ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарымен, аудандық мәслихатпен, басқа да ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің, аудан әкімі мен әкімдігінің, аудандық мәслихаттың актілерінің жобалары бойынша ұсыныстар енгізу;
аудан әкімі мен әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
аудан әкімінің және оның орынбасарларының қызметін құжаттамалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру, қызметтік құжаттарды, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, өтініштері мен арыздарын қарау, азаматтарды жеке қабылдау, келіп түскен хаттар мен арыздарды, құжат айналымын талдау, іс жүргізуді ретке келтіру және жетілдіру, құпия құжаттармен жұмыс істеу, мемлекеттік және орыс тілдерінде іс қағаздарын жүргізу;
аудан әкімінің номенклатурасына кіретін кадрлар бойынша ұсыныстарды зерделеу және енгізу жолымен жергілікті атқарушы билік органдарында кадрлық саясатты жүзеге асыру, олардың оқуын, тағылымдамадан өтуін және қайта даярлауын ұйымдастыру;
аудан әкімдігінің, аудан әкімінің және оның орынбасарларының күнделікті қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды, олармен өзара іс-қимылды, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі өткізетін ішкі және сыртқы саясатты, аудандағы экономикалық және әлеуметтік жағдайды, мәселелерді шешу жолдарын түсіндіруді ұйымдастыру;
ауданда заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту мәселелері бойынша аудан әкімі мен әкімдігінің құқық қорғау органдарымен және сот жүйесі органдарымен өзара іс-қимылын және үйлестіруді қамтамасыз ету;
аудан әкімі мен әкімдігінің норма шығармашылығы қызметінің тетігін жетілдіру бойынша шаралар қабылдау;
аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің және әкімдік қаулыларының сақталуын қамтамасыз ету;
нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету, азаматтық хал актілерін тіркеуді бақылау және тиісті дерекқорлардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды қоспағанда, азаматтық хал актілерін тіркеу;
туу туралы куәліктерді беру кезінде жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Құқықтары мен міндеттері:
аудан әкімінің және әкімдігінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын өзге де ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды, өзге де материалдарды, лауазымды тұлғалардан ауызша және жазбаша түсініктемелерді сұратуға және алуға;
ауданның атқарушы органдарының қарамағында бар ақпараттық деректердің барлық түрлерін, оның ішінде құпия мәліметтерді пайдалану;
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, Премьер-Министрдің өкімдерін, облыс әкімі мен әкімдігінің актілерін, аудан әкімі мен әкімдігінің актілерін, облыс әкімі мен оның орынбасарларының тапсырмаларын, аудан әкімі мен оның орынбасарларының тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша ауданның атқарушы органдарында, кенттер мен ауылдық округтер әкімдері аппараттарында тексеру жүргізу, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар енгізу;
мемлекеттік мекеменің қарауына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;
аудан әкімінің және оның орынбасарларының тапсырмасы бойынша
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың қызметкерлері аудан әкімдігінің отырысына мәселелерді дайындауға, мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын проблемалық мәселелерді зерделеу мен шешуге кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар өкілдері;
осы Ережеде белгіленген міндеттер мен функциялардан туындайтын, қолданыстағы заңнамамен берілген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

 


3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру


Мемлекеттік мекемеге басшылықты аудан әкімі аппаратының басшысы жүзеге асырады, ол мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
Аудан әкімі аппаратының басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Аудан әкімі аппараты басшысының өкілеттігі:

1) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;

2) мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басқарады;

3) Белгіленген лимит шегінде аудан әкімі аппаратының құрылымы мен штат кестесінің жобасын, ауылдық округтер мен кенттер әкімдері аппараттары, Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар құрылымының жобасын аудан әкімдігіне бекітуге ұсынады;

4) әкімге әкімдік қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын қол қоюға ұсынады;

5) аудан әкімі мен әкімдігінің қабылдаған актілерінің және әкімнің тапсырмаларының орындалуын бақылауды және тексеруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

6) қажет болған жағдайда нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалардың және басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеу үшін жұмыс топтарын құрады;

7) аудан әкіміне және әкімдігіне ауылдық округтер мен кенттер әкімдерінің заңсыз актілерінің күшін жою, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларының заңнамаға қайшы келетін бұйрықтарын тоқтата тұру туралы ұсыныстар береді;

8) мемлекеттік қызмет туралы қолданыстағы заңнамаға және еңбек заңнамасына сәйкес кадрлармен жұмысты бақылайды;

9) ерекше көзге түскен қызметкерлерді көтермелеу және лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді;

 

"Шет ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Дата публикации
25 октября 2019