Сайлау комиссияларын оқыту

Ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде Шет ауданының учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары облыстық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалы жанында Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің және мәслихаттары депутаттарының алдағы сайлау науқанына дайындық барысы бойынша ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн режимінде оқыту өткізді. Оқуға қатысқан комиссия төрағалары оқу соңында арнайы сертификаттарға ие болды. Қазіргі уақытта оқудан өткен АСК мүшелері каскадтық әдіс бойынша жергілікті жерлерде төмен тұрған сайлау комиссияларының мүшелерін даярлауды жалғастыратын болады.

Дата публикации
28 сентября 2020