Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

2026 жылғы 13 қазанда сағат 18.00-де Шет аудандық мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастырып, өткізу бойынша Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

Отырыста Мемлекет басшысының 2026 жылдың 12 қазандағы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысында барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауын ағымдағы жылдың 29 қарашасына белгіленуі, осыған байланысты сайлау науқанын ұйымдастыруға қатысты біршама мәселелер қарастырылды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Шет аудандық мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары және округтік сайлау комиссияларының жұмыс режимі сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліссіз белгілеу туралы шешімдер қабылданды.

Бекітілген күнтізбелік жоспарға сәйкес 14 қазаннан бастап, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша депутаттыққа кандидаттарды  ұсыну басталады.

Кандидаттарды ұсыну 27 қазан сағат 18:00-ге дейін жалғасады, кандидаттарды тіркеу ағымдағы жылдың 1 қарашасы сағат 18:00-де аяқталады.

Сайлау алдындағы үгіт кезеңі - 1 қараша сағат 18:00-ден кейін басталып, 28 қараша сағат 00:00-де аяқталады.

Сайлауды дайындау және өткізу аясында Шет ауданы аумағында 358 комиссия мүшесі бар 62 сайлау комиссиясы, оның ішінде 1 аумақтық, 1 облыстық округтік, 12 аудандық округтік және 48 учаскелік комиссия жұмыс істейтін болады.

Шет аудандық мәслихатында бір мандатты аумақтық округтер бойынша 12 депутаттық мандат көзделген.

Шет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы бір мандатты 12 сайлау округін құрды.

Дата публикации
14 октября 2026