Қарағанды облысы Шет ауданының
аумақтық сайлау комиссиясының
2026 жылғы 13 қазандағы № 3
қаулысына қосымша
үлгі күнтізбелік жоспары
|
1. Сайлау округтерінің тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
||||||
|
|
Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей 2026 жылғы 23 қазаннан кешіктірмей (14-б. 6) т., 22-б.) |
|||||
|
2. Аумақтық, округтік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
||||||
|
|
Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 2026 жылғы 23 қазаннан кешіктірмей (13-б. 4-т., 15-1-б. 3-т.)
|
|||||
|
3. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
||||||
|
|
Шет ауданының әкімі Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде 2026 жылғы 28 қазаннан кешіктірмей (23-б. 5-т.) |
|||||
|
4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
||||||
|
|
Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей 2026 жылғы 28 қазаннан кешіктірмей (17-б. 2-т.)
|
|||||
|
5. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тиісті округтік сайлау комиссиясына заңнамада көзделген құжаттарды ұсыну |
||||||
|
|
Азаматтар өзін-өзі ұсыну жолымен және саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органы 2026 жылғы 14 қазанда басталады және 27 қазанда сағат 18:00-де аяқталады (103-б.)
|
|||||
|
6. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау
|
||||||
|
|
Тиісті округтік сайлау комиссиясы Көзделген құжаттарды ұсынғаннан кейін (102-б., 103-б. 6-т.) |
|||||
|
7. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну |
||||||
|
|
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) Тіркелгенге дейін (104-б. 2-т.) |
|||||
|
8. Шет аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды тіркеу |
||||||
|
|
Тиісті округтік сайлау комиссиясы 2026 жылғы 14 қазанда басталады және 1 қарашада сағат 18:00-де аяқталады (104-б.) |
|||||
|
9. Шет аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хаттаманы Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну |
||||||
|
|
Тиісті округтік сайлау комиссиясы Тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде (104-б. 5-т.) |
|||||
|
10. Шет аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
||||||
|
|
Тиісті округтік сайлау комиссиясы Тіркелгеннен кейінгі жетінші күннен кешіктірмей (104-б. 6-т. 1-тт, 6-1-т. 1-тт.) |
|||||
|
11. Шет аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттардың ұсынған сенім білдірілген адамдарын тіркеу |
||||||
|
|
Тиісті округтік сайлау комиссиясы Сенім білдірілген адамдардың тізімі тіркеуге ұсынылғаннан кейін (14-б , 8-тт.), 16-1-т. 6-тт., 31-б.) |
|||||
|
12. Шет аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттардың және оның жұбайының (зайыбының) декларацияланған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің анықтығын тексеру |
||||||
|
|
Мемлекеттік кіріс органдары Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде
|
|||||
|
13. Кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу |
||||||
|
|
Тиісті округтік сайлау комиссиясы Кандидат тіркелгеннен кейін (34-б. 6-т.) |
|||||
|
14. Бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттардың арнаулы шоттарына қаражаттың түсуі және олардың жұмсалуы туралы есептерді жариялау |
||||||
|
|
Тиісті округтік сайлау комиссиясы Айына екі рет |
|||||
|
15. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды айқындау, оларды жарақтандыру және ақпараттандыру |
||||||
|
|
Жергілікті атқарушы органдар және Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Үгіт басталғанға дейін, 2026 жылғы 1 қарашаға дейін (28-б. 6-т.) |
|||||
|
16. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу |
||||||
|
|
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады 2026 жылғы 1 қарашада сағат 18.00-ден кейін басталады және 2026 жылғы 28 қарашада нөл сағатта аяқталады (27-б. 2-т.) |
|||||
|
17. Кандидаттарға (жүгінген кезде) сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру, бөлінген үй-жайларда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
||||||
|
|
Жергiлiктi атқарушы органдар және Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-б. 4-т.) |
|||||
|
18. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну |
||||||
|
|
Шет ауданының әкімі Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын 2026 жылғы 8 қараша (26-1 б. 1-т.) |
|||||
|
19. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін өздері туралы деректермен танысу үшін сайлаушыларға ұсыну |
||||||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда 2026 жылғы 13 қарашадан бастап (26-б. 1-т.) |
|||||
|
20. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету |
||||||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей 2026 жылғы 18 қарашаға дейін (18-б. 5) т., 38-б., 2-т.) |
|||||
|
21. Жекелеген сайлау учаскелерінде дауыс беруді бастау мен аяқтаудың басқа уақытын белгілеу және бұл туралы шешімді сайлаушыларға жеткізу |
||||||
|
|
Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау күніне дейінгі он күннен кешіктірмей 2026 жылғы 18 қарашаға дейін (38-б. 1-т., 3-т.) |
|||||
|
22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу |
||||||
|
|
Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Үш күннен ерте емес және сайлауға дейінгі бір күннен кешіктірмей 2026 жылғы 26 қарашадан ерте емес және 28 қарашаға дейін (37-б. 3-т.) |
|||||
|
23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау |
||||||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беруді бастаудың басқа уақыты белгіленбесе, дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда сағат 06:00-де (40-б. 1-т.) |
|||||
|
24. Дауыс беруді өткізу |
||||||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Сайлау күні, егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе, сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін (38-б. 1-т.) |
|||||
|
25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде тиісті мәслихаттардың депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау |
||||||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Егер дауыс беру уақыты өзгермесе, сағат 20:00-де басталады және дауыстарды санау уақыты санау басталған кезден бастап 12 сағаттан аспауға тиіс (18-б. 8) т., 43-б.) |
|||||
|
26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу |
||||||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу (43-б. 8-т.) |
|||||
|
27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті жоғары тұрған сайлау комиссияларына ұсыну |
||||||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (108-б. 1-т.) |
|||||
|
28. Округ бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды Шет ауданының аумақтық сайлау комиссияларына ұсыну |
||||||
|
|
Округтік сайлау комиссиялары Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (108-б. 1-т.) |
|||||
|
29. Шет аудандық мәслихаты депутаттары сайлауының нәтижелерiн белгілеу |
||||||
|
|
Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткен күннен кейін екі күндік мерзімнен кешіктірмей 2026 жылғы 30 қарашадан кешіктірмей (14-б. 9) т, 44-б. 2-т., 108-б., 3-т) |
|||||
|
30. Мәслихат депутаттарын сайлау қорытындыларын анықтау |
||||||
|
|
Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап бес күн мерзімнен кешіктірмей 2026 жылғы 3 желтоқсаннан кешіктірмей (111-б. 1-т.) |
|||||
|
31. Шет аудандық мәслихаты депутаттарын сайлау қорытындылары туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
||||||
|
|
Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей 2026 жылғы 5 желтоқсаннан кешіктірмей (14-б. 9) т., 44-б. 4-т. 2) т.) |
|||||
|
32. Сайланған Шет аудандық мәслихат депутаттарын тіркеу және әрбір депутатқа куәлік пен төсбелгі тапсыру |
||||||
|
|
Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясы (14-б. 9) т., 46-б. 3-т., 1) т., 112-б. 1-т.) |
|||||
|
33. Тиісті сайлау комиссиясына сайлау қорлары қаражатының пайдаланылуы туралы есептер беру |
||||||
|
|
Кандидаттар, саяси партиялар Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейін бес күннен кешіктірмей (34-б. 9-т.) |
|||||
|
34. Кандидаттардың сайлау қорларына келiп түскен ақшаның жалпы сомасы және олардың көздері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
||||||
|
|
Тиісті округтік сайлау комиссиялары Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн он күн ішінде (34-б. 4-т.) |
|||||
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.