Қарағанды облысы Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясының Қарағанды облысы Шет ауданының Сәкен Сейфуллин атындағы кент әкімін сайлау қорытындысы туралы хабарламасы
2026 жылғы 13 қыркүйекте Шет ауданының Сәкен Сейфуллин атындағы кент әкімінің сайлауы өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес және Шет ауданының Сәкен Сейфуллин атындағы кенттің әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясы келесі сайлау қорытындыларын белгіледі:
Сәкен Сейфуллин атындағы кент бойынша сайлаушылар тізіміне 1526 сайлаушы енгізілді. Дауыс беруге – 899 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 7 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 3.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Бекенов Ерлан Мұратұлына – 87 сайлаушы дауыс берді;
Жәкенов Абзал Төлеуұлына – 737 сайлаушы дауыс берді;
Шабденова Айжан Кежекбайқызына – 66 сайлаушы дауыс берді.
«Бәріне қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 7.
Сайлау қорытындысы бойынша Сәкен Сейфуллин атындағы кенттің әкімі болып 1980 жылы туған, Сәкен Сейфуллин атындағы кент әкімі аппаратының бас маманы, Шет ауданы С.Сейфуллин кентінің тұрғыны, Жәкенов Абзал Төлеуұлы сайланды.
Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясы