«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орынына орналасуға конкурстық комиссияның шешімі
2026 жылдың 15 сәуірде уәкілетті органның және мемлекеттік органның сайтында "Шет ауданының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ басшысы, санаты E-R-1 (1 бірлік), № 2-1, (А блогы), "Шет ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" ММ басшысы, (санаты E-R-1 (1 бірлік), №10-1, (А блогы), "Шет ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ басшысы, (санаты E-R-1 (1 бірлік), № 3-1, (А блогы) барлығы 3 бос орнына ішкі конкурс жарияланғандығын айтты.
Конкурстық комиссия үміткерлер ұсынған құжаттарды қарастырып, кәсіби тәжірибесін, басқару және коммуникативтік дағдыларын ескере отыра, үміткермен өткізген әңгімелесу қорытындысын талқылай келе бір ауыздан ШЕШІМ ЕТТІ
"Шет ауданының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ басшысы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына Кулсаров Алибек Елубекович ұсынылды.
"Шет ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" ММ басшысы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына Ахмедия Самат Аманжолұлы ұсынылды.
"Шет ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ басшысы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына Жүніс Шоқан Кәмелұлы ұсынылды.