Аз қамтылған азаматтардың электрондық базасында 2020 жылға 148 отбасы 765 адам тұр. 2020 жылы 765 адамға мемлекеттік емес көздерден 4277,9 мың теңге әлеуметтік көмек көрсетілді.
Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша 2020 жылы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына жататын 5 адамға өтініштер бойынша 312,3 мың тенге және атаулы мереке күндеріне 3135 адамға 22101,0 мың тенге әлеуметтік көмек көрсетілді.
2020 жылы атаулы әлеуметтік көмек (АСП) 148 отбасындағы 765 адамға тағайындалып 62164,1 мың теңге төленді. 2020 жылы қаңтар айынан бастап атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасындағы 1-3 жас және 3-6 жас аралығындағы 1492 балаларға 8613,5 мың теңге көлемінде кепілдендірілген әлеуметтік топтама (ГСП) көрсетілді. Сонымен қоса 2020 жылы төтенше жағдай кезеңінде халықтың бірнеше саннаттарына 58578,7 мың теңге көлемінде азық түлік-тұрмыстық жиынтықпен (ПБН) қамтамасыз етуге арналған төлем төленді.
Аудан көлемінде 2119 мүгедек бар. Оның ішінде, І топтағы - 162, ІІ топтағы -828, ІІІ – топтағы - 980 және 16 жасқа дейін 127 мүгедек бар.
Ауданның 11 ауылдық округтері мен кенттерінде 14 мүгедек бала және 66 жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге 16 әлеуметтік мамандар үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетті.
Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін ата-аналарынан 9 өтініш түсті. 423,0 мың теңге бөлініп, әрқайсысына айына 5556 теңгеден төленді.
2020 жылы 77 мүгедек, оның ішінде 26 мүгедек бала міндетті гигиеналық құралдар-жөргектермен қамтамасыз етілді. Гигиеналық құралдарды алуға жергілікті бюджеттен 8499,4 мың теңге, республикалық бюджеттен 4088,5 теңге бөлінді.
Протездік-ортопедиялық құралдармен 44 мүгедек, оның ішінде 32 мүгедек бала қамтамасыз етілді.
Сурдо техникалық құралдармен қамтамасыз ету үшін 33 мүгедектен өтініш түсіп, 32 мүгедекке құралдар берілді.
Тифло техникалық құралдармен қамтамасыз ету үшін 43 мүгедектен өтініш түсіп, 34 мүгедекке құралдар берілді.
Кресло-арбамен қамтамасыз ету үшін 34 өтініш түсті, оның ішінде 1 мүгедек бала. Кресло-арбамен 32 мүгедек қамтамасыз етілді.
Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін Ақмола облысы Бурабай ауданы Щучинск қаласындағы «Алмаз» шипажайына облыстық басқармадан 50 жолдама берілді.
Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметін ұсыну үшін жыл басынан 70 мүгедек өтініш білдірді. Жеке көмекші қызметін көрсету үшін жергілікті бюджеттен 24034,3 мың теңге төленді.
Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша жыл басынан 9 өтініш түсті. Оның ішінде психоневрологиялық және жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге арналған МӘМ-ге орналасуға 4 өтініш түсіп, 1 орналастырылды. Қарағанды қаласындағы №2 ардагерлер мен мүгедектер үйіне демалуға 4 адам жіберілді. Қарқаралы қаласындағы оңалту орталығына демалуға 1 адам барды.
Ауданда 109 әлеуметтік инфрақұрылым нысандары бар, барлығы паспорттаудан өткізіліп,мүгедектерге қолжтімділік қаматамасыз ету үшін 81 нысан бейімделді.
«Ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» бағдарламасы бойынша әр маманға 2240 адамға 12444,714 мың тенге төленді.