Ауданымызда 2020 жылдың қаңтар айынан және қараша айына дейін 18-29 жастар аралығында жұмыспен қамтылғандар саны -326 адам, оның ішінде: қайта даярлау курсына жолданғандар - 6 жас, қоғамдық жұмысқа тартылғандар –169 жас, «жастар практикасы»- 36 жас, әлеуметтік жұмыс орындарында -1 жас.
Жылдың басынан аудан бойынша NEET санатында 25 жас тіркелген болатын. 2020-жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша олардың 12-і тұрақты жұмыс орындарына орналастырылып, 7-і өзін-өзі жұмыспен қамтып, 5-і бала күтімінде отыр. Бір жас орта арнаулы оқу орнына түсті.
2020 жылы тізімге алынған NEET санатындағы жастарға әлеуметтік –құқықтық көмек көрсету мен түсіндірме жұмыстары жиі жүргізіледі.Оның ішінде мемлекеттік атаулы көмек, кәсіби мамандық алу, медициналық көмек, жұмысқа орналастыру, құқықтық сауаттылық, әлеуметтік психологиялық көмек түрлері көрсетіліп отыр. Жұмысыз жастар, оның ішінде NEET санатындағы жастарды жұмысқа орналасуына жәрдемдесу, яғни оларды әлеуметтендіру басты назарда. Жұмыспен қамтуды камтамасыз ету, сондай ақ ынталандыру жұмыс берушілердің жұмысқа мүмкіндігі шектеулі жастарды қамтамасыз етілуде. Үкімет тарапынан жасалып жаткан бағдарламаларға жұмыссыз жастарды көбірек тарту жұмыстары жүргізіліп отыр.