
Жылыту маусымында барлығы Ақжал кентіндегі 1 орталық локалдық қазандығы арқылы 13 көп қабатты тұрғын үй, 137 автономды жылу қазандықтарынан: 9 көпқабатты тұрғын үй, модульдік қазандық арқылы 43 көп қабатты тұрғын үй, 51 білім беру нысандары, 22 мәдениет үйлері, 4 спорт кешендері, 8 денсаулық нысандары қалыпты жағдайда жылумен қамтамасыз етіліп отыр.
Аталған қазандықтардың және жылу жүйелерінің 2021-2022 жылдарғы дайындығына бюджет және кәсіпорындар қаржы есебінен от қазандықтарды жылу беру маусымына дайындау үшін 118,511 млн. теңге. қаралып отыр. Жұмыстардың орындалысы мамыр-шілде айларына жоспарланған.
КӨМІРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША:
Жылыту қазаңдықтарын көмірмен қамтамасыз ету мақсатында 16727 тонна көмірге білім және спорт бөлімдеріне облыстық бюджеттен 155,9 млн теңге және аудандық бюджет қаржатынан 53,017 млн. теңге жалпы 208,9 млн тг. қаржы қарастырылып отыр, мемлекеттік сатып алу биржа арқылы наурыз-сәуір айларында жүргізіліп, қазандықтар қыркүйек айында арнайы бекітілген кестеге сай көмірмен қамтамасыз етілетін болады.
Жалпы аудан бойынша 7,3 шақырымды құрайтын жылу жүйелері бар, оның ішінде магистралдық 3,5 шақырым болса, 3,8 шақырым кварталішілік жылу жүйелері бар. кварталішілік желілердің 0,3 шақырымына жөндеу жүргізу үшін 3,019 миллион теңге «Электржабдықтау» ЖШС қаражат қарастырып, жылу құбырларының изоляциясын, ысырмаларды ауыстыру мақсатында жұмсалады.
АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІ МЕН КӘРІЗ ЖҮЙЕЛЕРІ БОЙЫНША:
Аудан бойынша 61 елдімекенде, 11732 аулада 42434 тұрғын тұрады, олар ауыз сумен төменгі жағдайда қамтылған:
Ұзындығы 261,2 шақырым су құбыры- 29 елді мекенінде орналасқан, яғни 10104 аула, 36766 адам су құбырынан сумен қамтылған. (47 пайыз).
32 елді мекенде 2325 ауланың 5668 тұрғыны құдық суын пайдаланып отыр.
Ағымдағы жылы дайындық барысында су құбырының 102,8 км жөндеу жұмысына 31,346 млн. теңге және кәріз жүйесінің 1,5 км жөндеу жұмыстарына 0,79 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР БОЙЫНША:
Шет ауданы аумағында 166 көпқабатты тұрғын үйлер бар, олар Ақсу-Аюлы ауылында 23 үй, барлығы 2 қабатты; Ақжал кентінде 10 үй, бір үй 2 қабатты, бес үй 3 қабатты, төрт үй 5 қабатты; Ақадыр кентінде 101 үй, оның 87 үй 2 қабатты, 9 үй 3 қабатты, 1 үй 4 қабатты, 4 үй 5 қабатты; Мойынты кентінеде 25 үй, барлығы 2 қабатты, Ықшам аудандағы №№1, 3, 4, 5, 7 үйлер бос тұр; С.Сейфуллин кентінде 8 үй бар, оның 6 үй 2 қабатты, 2 үй 3 қабатты.
Жылу жүйелерінің жөндеу жұмыстары, оның ішінде: стояктары, винтельдері және жер төлелерді кептіру жұмыстарын жүргізуге дайындақтар жыл сайынғы облыстық басқарма арқылы берілген іс-шараға сәйкес ұйымдастырылып, жұмыстар жоспарға сай жүргізілетін болады. Жоспар бойынша қазан айына дейін 100 пайыз дайындық қамтамасыз етіледі.
Бүгінгі күні тұрғындармен арнайы берілген тапсырмаға сай кент және село әкімдіктерімен мүлік меншік иелерінің бірлестігін және жәй серіктестік құру туралы жиындар өткізілуде. Жоспар бойынша қазан айына дейін мүлік меншік иелерінің бірлестігі санын 30 пайызға (50 үйге) жеткізу жоспарда тұр.
ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ БОЙЫНША:
Аудан бойынша электр желілері 1168,33 км. оның жөндеу жұмыстарын қажет ететін 43 км. («Шет-Энерго» ЖШС 25,0 км), («Электржабдыктау» ЖШС 12 км), (Нова-Цинк» ЖШС 6 км).
сымдарды қайтадан тарту және ауыстыру жұмыстары жүргізілетін болады. Аталған жұмысқа меншік иелерінен 31,4 миллион теңге қаражат қарастырылған.
Аудан бойынша барлығы 177 КТП және Подстанция нысаны бар («Шет-Энерго» ЖШС 92 дана), («Электржабдыктау» ЖШС 84 дана), (Нова-Цинк» ЖШС 1 дана). Оның ішінде 11 подстанцияға изоляторларын айырбастау және майларды ауыстыру жұмыстары жүргізілетін болады. Аталған жұмысқа 5,4 миллион теңге меншік иелерінен қарастырылған.
Ауданға қарасты бюджеттік мекемелер, қызмет көрсетуші кәсіпорындар 2021-2022 жылдары аралығындағы жылу беру маусымына дайындық бойынша іс-шараларын ереженің №1, 2, 3, 4, 5, 6, 11 және 12 қосымшаларына сәйкес үлгіде қалыптастырылып ағымдағы жылдың 19 ақпан күні Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына ұсынылған болатын.
ОТ ҚАЗАНДЫҚТАРДЫ СЫРТҚА ШЫҒАРУ ТУРАЛЫ:
Аудан бойынша әлеуметтік өміршең маңызы бар нысандардың техникалық талаптарға сәйкес келмейтін қазандықтары келесідей:
Білім беру ошақтарында 3 нысан. (Көктенкөлі, Ағадыр (М.Маметова), Ақшатау) Биылғы жылы М.Маметова атындағы мектептің отқазандығын жеке ғимарат салынып шығарылуы жоспарлануда.
Мәдениет үйлері 5 нысан. (Красная Поляна, Нұраталды, Ақой, Бұрма, Талды) Биылғы жылы бюджеті нақтылау кезінде отқазандықты сыртқа шығару жұмыстары назарға алынып қаржы бөлу жоспарлануда.
ЖОЛ ҚАТЫНАСЫ БОЙЫНША:
Аудан аумағындағы 202 км аудандық маңыздағы, 406 км облыстық маңыздағы, 460 км республикалық маңыздағы автокөлік жолдарында қөлік қатынасына бөгет жоқ, аталған жолдарда қыс айларында бекітілген мердігерлер тарапынан арнайы техникалары қызмет көрсетуде.