Шет ауданының мәдениет нысандарының желісі 55 нысанды құрайды,оның ішінде 2 мәдени демалыс орталығы (Шет аудандық мәдени-сауық орталығы Ақсу-Аюлы а. және Ағадыр а. Шабал Бейсекқызы атындағы мәдени-сауық орталығы), 23 Мәдениет үйі және ауылдық клуб, 28 кітапхана (оның ішінде 2 балалар кітапхана филиалы, 9 модельді кітапхана), 2 "Зерде" бейнемобильі, 1 мұражай және 1 мұражай филиалы.
Клубтық құрылымдар саны 118, оның ішінде қатысушылар саны 1564 адам, оның ішінде 4 көркемөнерпаздар ұжымы "халықтық" құрметті атағы бар (2 халық театры (Ақсу-Аюлы және Ағадыр кентінде), 1 "Ақсу-Аюлы" халықтық ән және би ансамблі, 1 "Ақадыр әуендері"фольклорлық ансамблі).
Ауданның Орталықтандырылған кітапхана жүйесі толығымен компьютерленген, 28 кітапханаға 76 компьютерден келеді. 28 кітапханадан 20 кітапхана (71%) Интернет желісіне қосылған, орталық аудандық кітапхананың компьютерлері жергілікті желіге және серверге қосылған, 28 кітапханадан 30 телефон желісі орнатылған. Электрондық деректер базасын құру үшін "РАБИС" лицензиялық бағдарламасы (Республикалық автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйе) қолданылады. 2017 жылы аудандық кітапхана сайтына сілтеме жасай отырып, 27 кітапханада жеке сайттар (Wix сайт-конструктор арқылы) құрылды.
Аудан аумағында 216 тарих және мәдениет ескерткіші тіркелген, оның ішінде республикалық маңызы бар - 4, жергілікті - 212. (Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1992 жылғы 26 қаңтардағы №38 Қаулысымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы №279 қаулысымен, Қарағанды облысы әкімдігінің 16.04. №11/03 қаулысымен)