Аудан экономикасының нақты сектор саласында, 2020 жылдың 3 айында – 24542,5 млн.теңгенің өнімі өндірілді. Былтырғы жылмен салыстырғанда – 5290,1 млн.теңгеге артты, айғақтық көлем индексі – 106,0 % құрады (2019 ж- 19252,4 млн.теңге.).
Сала бойынша 4 айда 32500,0 млн.теңгеге өнім өндіріліп, қызмет көрсетілмекші, ол 2019 жылдан 5474,5 млн.теңгеге артып, айғақтық көлем индексі 100,0 %-ға орындалмақшы (2019 ж- 27025,5 млн.теңге).
Негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі – 5005,8 млн.теңге жетіп, өткен жылдың 2 айымен салыстырғанда – 2378,3 млн.теңгеге артты. Айғақтық көлем индексі – 187,9 % құрады (2019 ж- 2627,5 млн.тенге).
4 айда -5500,0 млн.теңге инвестиция құйылады деп жоспарлануда, айғақтық көлем индексі- 175,0 %-болмақшы (2019 ж – 3040,5 млн.теңге.)
Ауылшаруашылық саласында қаңтар-наурыз айында – 4765,5 млн.теңгенің өнімі өндірілді. Өткен жылмен салыстырғанда -225,2 млн.теңгеге артты. Айғақтық көлем индексі –103,7 % болды (2019 ж- 4540,3 млн.теңге).
4 айда сала бойынша – 7903,1 млн.теңгенің өнімі өндіріледі деп жоспарлануда, айғақтық көлем индексі- 102,6 % болмақшы. Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 22,1 %-ға артады (2019 ж -6468,0 млн.теңге).
Анықтама:
қаңтар-наурыз:
Өндірілген өнім; Ет -3,3 мың.тон, 3,4 %; сүт -15,7 мың.тон, 3,8%; жұмыртқа -1,2 мың.дана, 3,9 %;
Мал басының саны; Ірі қара мал басы -101,9 мың.бас 6,1 %; жылқы -52,1 мың.бас, 6,6 %; қой-ешкі -227,1 мың.бас, 2,7%; құс -49,4 мың.бас 6,0 % құрады.
қаңтар-сәуір
Өндірілетін өнім; Ет -3,2 мың.тон, 3,0 %; сүт -15,3 мың.тон, 1,0%; жұмыртқа - 1206,8 мың.дана, 1,0 %;
Мал басының саны; Ірі қара мал басы -98,0 мың.бас 3,0 %; жылқы -51,0 мың.бас, 4,0 %; қой-ешкі -223,4 мың.бас, 1,0%; құс -47,1 мың.бас 1,0 % құрамақшы.
Тұрғын үй саласына келетін болсақ, қаңтар-наурыз айында – 4620 ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді. Өткен жылдың 2 айымен салыстырғанда 123,5 %-ға орындалды.
Сала бойынша 4 айда -4900 ш.м тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 105,0 %-ға орындалмақшы.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 3 айда – 1496,7 млн.теңге болды, өткен жылдың 3 айымен салыстырғанда -117,4 млн.тенгеге артты. Айғақтық көлем индексі – 106,1 % болды. (2019 ж- 1379,3 млн.тенге, 89,7 %).
4 айда құрылыс жұмыстарының көлемі -2089,9 млн.теңгеге жетеді деп жоспарлануда, айғақтық көлем индексі 110,0 % болады деп күтілуде. (2019 ж- 1872,3 млн.теңге)
Тауар айналым көлемі есепті мерзімде – 444,3 млн.теңгені құрады, былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда -26,4 млн.теңгеге артты. Айғақтық көлем индексі – 100,0 % болды.
4 айда тауар айналым көлемі- 500,0 млн.теңге болмақшы, айғақтық көлем индексі- 101,0 % болады деп күтілуде.
2020 жылдың 1 сәуіріне ауданның бюджетінің кіріс жағы 123,4%-ға орындалды, межеленген 799,8 млн.теңгенің орнына 987,2 млн.теңге алым-салық түсті.
Шығыс жоспары 2497,4 млн.теңге болса орындалысы 2493,2 млн.теңге, қаржы игерімі 99,8 %-ды құрады, яғни 4,2 млн.теңгеге жуық қаржы игерілмеді.
Анықтама:
Оның ішінде:
-342,1 мың.теңге – республикалық бюджеттен берілген трансферттен:
271,3 мың теңге-«Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-сі, республикалық бюджеттен берілген мемлекеттік әлеуметтік пакет бағдарламасынан қалған бос қалдықтар,
60,3 мың теңге-«Ауданның білім бөлімі» ММ-нен жалпы білім беру ұйымдарынан қалған бос қалдықтар,
10,5 мың теңге-4 деңгейлі бюджет бойынша әлеуметтік қызметкерлердін жалақысынан қалған бос қалдықтар.
3869,9 мың.теңге – жергілікті бюджеттен қалған қаржы:
Оның ішінде:
1800,0 мың теңге -«Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нен жолдарды күтіп ұстау бағдарламасы бойынша мердігер жұмыстын аяқталғаны туралы актіні кеш тапсыруына байланысты.
2069,9 мың теңге - барлық бюджеттік бағдарлама әкімгерлерінен қалған бос қалдықтар.
2020 жылдың 1 мамырына кіріс жағы 100,6%-ға орындалады, межеленген 902,6 млн.теңгенін орнына 907,6 млн.теңге алым-салық түседі деп жоспарлануда.
Шығыс жоспары 4439,9 млн.теңге болса орындалысы 4437,4 млн.теңге, қаржы игерімі 99,9 %-ға орындалмақ, яғни 2,5 млн.теңгеге жуық қаржы игерілмейді деп күтілуде.
Анықтама:
Оның ішінде:
-150,0 мын.теңге – республикалық бюджеттен берілген трансферттен:
150,0 мың теңге - бюджеттік әкімгерлерінен қалатын бос қалдықтар.
2350,0 мың.теңге – жергілікті бюджеттен қалатын қаржы:
Оның ішінде:
2350,0 мың теңге - бюджеттік әкімгерлерінен қалатын бос қалдықтар.
Шағын және орта бизнес саласында қаңтар-наурыз айында жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 3116 бірлікті құрап, онда 4554 адам жұмыспен қамтылды.
Өндірілген өнім көлемі 2507,5 млн теңгені құрады, өткен жылмен салыстырғанда 2,2 %-ға артты.
Қаңтар-наурыз айына жұмыс істейтін субъектілер саны 3207 бірлікке жетіп, өндірілетін өнім көлемі 7848,4 млн теңгенге жетеді деп күтілуде.
Әлеуметтік жағдай, есепті мерзімге жұмыссыздар саны 451 адам болды, өткен жылмен салыстырғанда 3,9 %-ға өскен. Жұмысқа 244 адам орналастырылды, былтырғы жылмен салыстырғанда 6 адамға төмендеді. Қоғамдық жұмысқа 128 адам тартылды.
Есепті мерзімде, туу деңгейі көрсеткіші төмендегені байқалды, табиғи коэффиценті 2019 жылы -17,57 болса, 2020 жылы -17,27 құрады. Жалпы өлім коэффициентіде өсті 2019 жылы -6,39 болса 2020 жылы -6,44. Нәрестелердін шетінеу коэффициенті 2019 жылы-5,60, 2020 жылы- 6,30 коэффициент болып тіркелді.
Крименогендік жағдай келесідей, есепті мерзімде 25 қылмыс тіркеліп, былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 4,2 %-ға өсіп отыр.