Аудан аумағында «Тіл туралы» заңының және де басқа да тілге қатысты нормативтік құжаттардың жүзеге асырылуы туралы
Есепті кезеңде ауданның жергілікті атқарушы органның қызметі аудан көлемінде Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011- 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталды.
Ауданында тіл саясаты Қазақстан халқы бірлігінің факторы ретінде өңірде толерантты тілдік ортаны құруға мүмкіндік беретін қолайлы жағдайлар жасауға, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге, лингвистикалық капиталды сақтауға және ономастика саласында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға бағытталған.
2019 жылы аудан бойынша тілдерге арналған 2017-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының негізгі көрсеткіштеріндегі нысаналы индикаторларына: Мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесін- 2019 жылы-97 % (2018 жылы 96 %);
Ағылшын тілін меңгерген тұрғындардың үлесін- 2019 жылы- 17% (2018 жылы- 14 %) , Үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын тілдері) меңгерген тұрғындардың үлесін- 2019 жылы-15 % (2018 жылы- 13%) жеткізу толығымен орындалды.
Мемлекеттік тілде іс жүргізудің үлес салмағы 2016 ж. - 100%, 2017 ж. - 100%, 2018 ж.– 99%, 2019 жылы 99 % құрады (есеп тоқсан сайын жасақталады).
Ауданның мемлекеттік және азаматтық қызметкерлерінің мемлекеттік тілді білу деңгейін бағалау үшін «Қазтест» жүйесі бойынша тестілеу ұйымдастырылды. 2015-2018 жж. 445 адам, 2019 жылы 165 адам «Қазтест» тапсырды. Оның 178-і мемлекеттік қызметшілер, 362-і азаматтық қызметкерлер.
2016-2019 жж. тестілеу нәтижелері қазақ тілін қарапайым (А1) деңгейде 16 адам, базалық (А2) деңгейде 206 адам, орта (В1) деңгейде 219 адам, ортадан жоғары (В2) деңгейде 84 адам және жоғары (С1) деңгейде 3 адам меңгергенін көрсетті.
Бүгінгі таңда Қазақстан үшін үштұғырлы тіл- елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылудағы бірінші қадамы десе де болады.
Аудан бойынша үш тілді меңгерген тұрғындардың үлесі 2019 жылы 15 %-ды құраса, 2020 жылы 17 %-ға жеткізу көзделген. Осы нысаналы индикатор көрсеткішіне қол жеткізу мақсатында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанынан 2017 жылдан бастап тұрғындарға ағылшын тілі тегін оқытылуда.
Ағылшын тілінің курстарына 2017- 2018 жылдар аралығында 60 тыңдаушы қамтылды. Оның 15-і мемлекеттік қызметші, мемлекеттік қызмет көрсету саласының қызметкерлері-40, жеке тұлға-5.
2019 жылы - 40 адам А1 деңгейі бойынша курстан өтсе, А2 деңгейі бойынша 20 адам оқытылды. Ересектерге арналған ағылшын тілін оқыту курстары Ақсу-Аюлы ауылында және Ақадыр кентінде ұйымдастырылды.
2020 жылы да аталмыш курс Үңірек ауылында және Ақжал, Ақадыр кенттерінде басталып, оған 60 адамды оқыту жоспарлануда.
Түрлі сала қызметкерлері арасында, өзге ұлт өкілдері арасында аудандық деңгейде «Тілдарын», «Тіл- тұнық ойдың кәусары», «Тіл-парасат» байқаулары, «Үш тұғырлы тіл саясаты- жастардың болашағы мен мүмкіндігі» атты ақпараттық- насихаттық кездесу, «Бауырларға керегі- қазақтың тілі, өнері», «Өнерде жоқ шекара», «Ынтымағы жарасқан туған өлкем» байқаулары, «Болашағым, бақытым, дара тілім» атты тіл фестивалі, «Шежірелі, Шет өлкесі, киелім», «Жыраудан қалған жауһар сөз» атты жыр мүшәйралары, С.Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған «Мемлекеттік тіл-мемлекеттік қызметте» командалық және «Ана тілі аруы-2019» байқаулары ұйымдастырылып өткізілді.
Аудан атынан облыстық байқауларға қатысқан үміткерлеріміз облыстық, республикалық байқаулардан да жүлделі орындарға ие болып жүр. /2016 жылы «Тілдарын» аудандық, облыстық байқауларға қатысқан Нұрхан Нұрлан республикалық байқауда Бас жүлдеге, Алтынбек Балапашев облыстық «Тілдарын» байқауынан жүлделі ІІІ орын, 2018 жылы М.Карибаева, 2019 жылы Ә.Тлеуқұлова арнайы Алғыс хатқа ие болды. Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына арналған «Өлең- сөздің данасы» атты республикалық ақындар мүшәйрасында Б.Амангелдин арнайы ынталандыру сыйлығына ие болды/.
2018 жылы облыс әкімінің «Тіл жанашыры» сыйлығы бойынша өзге ұлт өкілдері арасындағы «Тіл білгірі» номинациясымен Шет ауданының Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы, пән олимпиадасының жеңімпазы, қазақ тілі бойынша бірнеше жобалардың авторы Е.Янке марапатталды.
Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тіл саясатын насихаттау жұмысы белсенді жүргізілуде. Мәселен, 2017 ж. 64 мақала жарық көрсе, 2018 жылы- 82, 2019 жылы 81 тақырыптық мақалалар жарияланды.
Үш тілді еркін меңгерген жастар туралы газет беттерінде кеңінен насихатталып келеді. «Үш тұғырлы тіл саясаты- заман талабы», «Көп тіл білудің маңыздылығы», «Үш тұғырлы тіл саясаты - жастардың жарқын болашағы», «Тіл мәселесі - ел мәселесі», «Өнерде жоқ шекара» тақырыбында мақалалар жергілікті БАҚ жарияланса, Қазақстан халқы ассамблеясының сайтында «Неміс ұлтының өкілі Е.Янке «Тіл жанашыры» атанды» тақырыбында мақала шықты.
Ауданымыздағы тілдік ахуалды одан әрі жақсарта түсу мақсатында бүгінде алдымызда үлкен міндет тұр. Оның негізгісі- қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы аясында латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін насихаттау, латын графикасында халықты оқыту мәселесін атауға болады.
Латын әліпбиін насихаттаушы-ақпараттық топ ұйымдастырылып, спикерлер тағайындалды, шаралар жоспары бекітілді.
Аудан тұрғындарын латын әліпбиіне дағдыландыру мақсатында жергілікті «Шет шұғыласы», «Шет өңірі» газеттерінің атауы латын қарпімен басылып және жергілікті жерлерде билбордтар латын әліпбиімен жазылған.
2018 жылы мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне латын графикасына халықты оқыту мәселесімен айналысатын қосымша әдіскер штат бірлігі берілді.
Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін насихаттау мақсатында 2017 жылы 58 ісшара, қамтылған адам саны- 611 адам, 2018 жылы 42 шара, қатысушылар саны- 394, 2019 жылы 57 шара өткізіліп, оған 910 адам қамтылды
Аудан мекемелерінің қызметкерлері арасында «Қазақша оқып, латынша жаз» атты акциялар, «Латынша жазып, дағдыланамыз» атты тренингтер өткізілді. Ақсу-Аюлы ауылында және Ақадыр кентінде Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің филолог ғылымдарының қатысуымен, «Жаңа әліпби- жаңа дәуір бастауы», «Латын әліпбиі: рухани тәуелсіздік жолы» атты 3 аудандық семинар, Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығымен бірігіп, «Латын графикасымен жазу дағдысын қалыптастыру жолдары», «Жаңа емле, құрылымы, ұстанымы және жаңалықтар» атты қазақ тілі мұғалімдері арасында 3 шеберлік сыныбы, «Қазақша оқып, латынша жаз» атты мекемелер арасында, ауылдық округ, кенттерде дағдыландыру тренингтері, латын қарпінде диктант жұмыстары ұйымдастырылып өткізілуді. Мұндай шаралар, Ақадыр, Ақсу-Аюлы, Ақжалда, Ақшоқы, С.Сейфуллин, Кеншоқы, Үңірек, Төменгі Қайрақты,Талды елді мекендерінде және ауданның құқық қорғау органдарында, білім мекемелерінде, кітапханаларда өтті. Шет аудандық мұрағаты қорындағы 1930-40 жылдардағы латын графикасында жазылған құжаттар көрмесі және түрлі тақырыптағы шаралар ұйымдастырылды.
2019 жылдың сәуір айында «Жаңа әліпбиді меңгертудің тиімді жолдары» тақырыбындағы семинар-тренинг Тіл жанашыры, қоғам қайраткері Оразгүл Асанғазықызының қатысуымен өткізілді.
2019 жылдың наурыз айында жергілікті «Шет шұғыласы» газетінде «Латынша жазып, дағдыланамыз» атты айдар ашылды. Үштұғырлы тіл саясатына және жаңа әліпбиге қатысты өткен ісшаралар, қазақ тілінде сөйлейтін өзге ұлт өкілдері туралы видеосюжеттер БАҚ-да, сондай-ақ «Fecebook», «Instagram» парақшаларында тұрақты жарияланып отырады.
Ауданда ономастикалық кеңістікті ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде. 2016-2018 жылдар аралығында жылы аудан бойынша идеологиялық тұрғыдан атауы ескірген 1 елді мекеннің /«Целинное» ауылы – Ақжол /Көктіңкөлі округі/ және Ақой, Ақадыр, Бұрма, Босаға, Өспен, Киікті, Көктіңкөлі елді мекендері бойынша моральдық тұрғыдан ескірген жалпы 52 көшенің атауы өзгертілді. Бүгінгі күнде аудан бойынша 317 көшенің 98%, елді мекендердің 99% мемлекеттік тілде.
Көрнекі ақпарат
Аудан аумағында аудан көркіне ажар беретін еңселі нысандар сандары арта түсуде. Халық игілігіне жұмыс жасап отырғанымен, жеке кәсіп иелері нысан маңдайшаларына, сыртқы жарнамаларына аса назар аудара бермейді. Аталған кемшіліктерді болдырмау, алдын-алу мақсатында «Көрнекі ақпарат пен жарнамаға-сауаттылық» атты рейд, акциялар өткізілді.
ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында тоқсан сайын «Көрнекі ақпарат пен жарнамаға сауаттылық» рейд жұмыстары жүргізіледі. 2017 жылы рейд жұмыстарымен 305, ал 2018 жылы 742, 2019 жылы 1090 нысан қамтылды.
Жалпы алғанда, қазіргі уақытта Шет ауданындағы тіл саясатын іске асырудың 2020−2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бағытындағы іс-шаралар жоспары бекітілді, алдағы уақытта тіл мәселесіне қатысты жұмыстар әрі қарай жалғасын табады.