GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Әкім аппараты
Қызметі
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Все материалы
06 октября 2026
ТАЗА ҚАЗАҚСТАН

26 қыркүйек күні «Таза Қазақстан» акциясы аясында Өспен ауылдық округі әкімдігі қызметкерлерінің қатысуымен сенбілік жұмыстары жүргізілді.

Сенбілік барысында қоқыс қорымы арнайы техника көмегімен тазартылып, оның маңайында абаттандыру және тазалық жұмыстары атқарылды.

Сонымен қатар, орталық көшелердегі асфальт жабындысының шұңқырларын бітеу жұмыстары жүргізілді.

🌿 Тазалық – ортақ міндет. Ауылымыздың көркеюі мен тазалығы әрқайсымыздың үлесімізден басталады!

15 сентября 2026
Жерлесіміз халықаралық додада!

Жерлесіміз халықаралық додада!

Жұмекенов Бауыржан бауырымыз Әзербайжанда өткен IRONMAN Azerbaijan 2026 халықаралық жарысына қатысып, ел намысын қорғады.

IRONMAN — спортшының физикалық дайындығын ғана емес, оның жігерін, төзімділігін, табандылығы мен рух мықтылығын сынға салатын әлемдік деңгейдегі айтулы жарыс. Қатысушылар жүзу, веложарыс және жүгіру кезеңдерінен өтіп, өздерінің шынайы мүмкіндіктерін сынайды.

Осындай күрделі додаға қатысып, мәреге дейін жету — өз алдына үлкен жетістік!

Жерлесіміз Бауыржанның халықаралық аренада бақ сынап, Қазақстанның көк туын көкке көтеріп, туған жерінің атын танытқанына қуаныштымыз! 

Бауыржан, алдағы уақытта да спорттағы биік белестерді бағындырып, толағай жетістіктерге жете беруіңе тілектеспіз!

Жеңістен бұрын — жігер бар.
Нәтижеден бұрын — еңбек бар.
Ал үлкен жетістіктің артында — табандылық бар!

07 сентября 2026
Өспен ауылдық округіне қарасты Еркіндік ауылының өнерпаздары аудандық «ТІЛ-FEST» фестиваліне белсене қатысып, дипломмен марапатталды!  

Өспен ауылдық округіне қарасты Еркіндік ауылының өнерпаздары Қазақстан халқының Тілдері күні мерекесіне орай ұйымдастырылған аудандық «ТІЛ-FEST» фестиваліне белсене қатысып, Дипломмен марапатталды!  

Бұл — Еркіндік ауылы өнерпаздарының шығармашылық ізденісі мен белсенді еңбегінің жемісі!
Ерекше алғысымызды Еркіндік ауылының мәдениет жетекшісі Болатқызы Аяжан қарындасымызға білдіреміз! Алдағы уақытта да шығармашылық табыстар, биік белестер мен толағай жетістіктер тілейміз! 

Еркіндік ауылының өнерпаздарын шын жүректен құттықтаймыз! 

Өнерлеріңіз өрге жүзсін! Әрбір жетістіктеріңіз округымыздың абыройын асқақтата берсін! 

07 сентября 2026
ЖАҢААРҚА – ӨСПЕН: ДОСТЫҚ КЕЗДЕСУІ 

⚽️ ЖАҢААРҚА – ӨСПЕН: ДОСТЫҚ КЕЗДЕСУІ 

29 тамыз күні Қарағанды қаласындағы «Шахтер» стадионында Жаңаарқа – Өспен ардагерлері арасында достық футбол кездесуі өтті. 

Тарихы мен тағдыры тамырлас қос елді мекеннің азаматтарын біріктірген тағылымды шараның басты мақсаты – достық пен бірлікті нығайту, өзара сыйластықты арттыру және ескі жолдың жаңғыруына қолдау білдіру.

Тартысты өткен футбол кездесуінде Жаңаарқа командасы – 3, Өспен командасы – 3 есебімен тең түсті. 

Кездесу барысында спорттық бәсекемен қатар, ардагерлер арасында жылы жүздесу, естелік әңгімелер мен достық қарым-қатынас орнады.

Осындай тағылымды шараны ұйымдастырып, ел ағаларын бір алаңда тоғыстырған азаматтарға алғыс білдіреміз! 

Достығымыз берік, бірлігіміз мығым болсын!

19 августа 2026
Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтары!

Қарағанды облысы бойынша жыл басынан бері 2 292 интернет алаяқтық деректері тіркеліп, көбінде, бұл қылмыстың түрі ұялы телефондарды қолдану арқылы жасалады.

Алаяқтар банктік ақпаратқа қол жеткізу үшін азаматтардың қажетті жеке мәліметтерін алудың түрлі тәсілдерін қолданады: жоғары лауазымды полиция қызметкерлері WhatsApp мессенджеріне алдын ала қолдан жасалған, растайтын құжаттарды тастай отырып ұсынады: елтаңбалы мөрмен расталған қызметтік куәліктерді, қылмыстық іс қозғау туралы қаулы түрлі банктердің қаржы бөлімдерінің қызметкерлері ұсынады.

Мысалы, Қарағанды қалалық полиция басқармасының Киберпол бөлімшесімен аз. А. арызы бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде, іс құжаттарына сәйкес белгісіз тұлғалар оның атынан онлайн несие алып, алған қаражатты жымқырған.

Көбінде Сізге несие рәсімделгені туралы жаңылыстырады және олар банк картасы бойынша мәліметтерді, карточка нөмірін, банк картасының артқы жағында орналасқан CV кодын хабарлауды сұрайды және алаяқтар WhatsApp мессенджеріне қонырауларды пайдаланады, өйткені WhatsApp қоңырауларды бақылау қиын, өйткені бұл адамдар ел ішінде де, одан тыс жерлерде де болуы мүмкін.

Интернет-алаяқтық «Колеса», «Крыша», «OLX» интернет-сайттарынпайдалануарқылы да жасалады. Әлеуметтікжелілерарқылы: «Инстаграмм», «Телеграмм», «Фейсбук», «ВКонтакте», арқылымүліктісатутуралыхабарландырудыжариялаукезінде.

Сонымен қатар, алаяқтар көбінесе қымбат заттардың өте төмен құнын пайдаланады, осылайша сатып алушыларды тартады.

Қазіргі уақытта қылмыстың осы түрін жандандыруға байланысты ішкі істер органдары қылмыстың осы түрін жасауға жол бермеуге бағытталған шаралар қабылдауда.

ІІМ АБАЙЛАҢЫЗ - ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАР қылмыскерлердің алаяқтық әрекеттері туралы ескерту сипатындағы SMS хабарламалар жібере басталды.

Республиканың ішкі істер органдары азаматтарды сақ болуға және негізгі сақтық шараларын ұстануға шақырады. ІІМ негізгі ұсынымдары:

  1. Ешқандай жағдайда банктер немесе құқық қорғау органдары қызметкерлерінің несие беру, мүлікті сату және ақшасын қауіпсіз шоттарға аудару немесе несие беру туралы телефон нұсқауларын орындамаңыз. Құқық қорғау органдары телефон арқылы арнайы операциялар жүргізбейді.

2.Өзінің дербес деректерін, пластикалық карталардың деректемелерін ешкімге хабарламау, аударымдар туралы түбіртектерді, тіпті банк, полиция қызметкерлері болып табылатын тұлғаларға кодтар мен кодтық сөздерді және т.б. бермеуді талап етеміз.

  1. Жеке деректерді белгісіз және тексерілмеген сайттарға және басқа көздерге бермеңіз. Тексерусіз алдын ала төлем жүргізбегеңіз. Тауарды алғаннан кейін төлем туралы келісуге тырысыңыз. Мұндай қызметтер, мысалы Қазпоштамен көрсетіледі.
  2. Күмәнді мәмілелер бойынша аударымдарды жүзеге асырмаңыз, ашық кіріс көзінсіз қаржылық схемалардан сақ болыңыз.

5.Қолданбаларды орнату үшін тек ресми App Store, Play Market және т.б. пайдаланыңыз.

  1. Өтпеуге сілтемелер бойын- ша жіберуді, мысалы жалған төлемдер жасалғандай болып көрсетілуі мүмкін, жеке тұлғалар төлем жасау үшін жеке ұялы телефондағы бағдарламалардың СПАМ-сілтемесі жеке терезесі арқылы белгісіз тұлғалардан хабарлама ретінде келу мүмкін.

7.Банкинг қызметтеріне қолжетімділік құпия сөздерін үнемі ауыстырып отыруді, яғни 3D қорғауды және банктер ұсынатын басқа да, қауіпсіздік шараларын пайдаланып отыруды.

8.Негізінде тұлғаларға өздерінің шоттарындағы ақша қозғалысын жиі тексеріп отыруды ескертеміз.

 

ҚСжАЕК Қарағанды облысы бойынша Департаменті

17 августа 2026
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ТАЗА АУЫЛ!

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ТАЗА АУЫЛ! 🌿

12 тамыз күні «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында ауылымыздың саябағында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. 

Туған жеріміздің тазалығы мен көркеюіне үлес қосып, сенбілікке белсене атсалысқан теміржол саласының ШЧ-21, ПД-13, ПД-14, ПД-15 және ЭЧ ұжымдарына шын жүректен алғысымызды білдіреміз! 

Сонымен қатар, осы ұжымдарды басқарып отырған ауылымыздың азаматтары Конуров Жандос ағамызға және Үдешов Өмірзақ ағамызға ерекше ризашылығымызды білдіреміз!

Жұмыстан тыс уақытта өздерінің жеке уақыттарын бөліп, ауылымыздың тазалығына атсалысып, туған жерге деген жанашырлықтарын көрсеткендеріңіз үшін мың алғыс! 

 
Жастарына қарамастан жастардың бастамасын қолдап, сенбілікке белсене қатысып, ауыл тазалығына үлес қосып, баршаға үлгі көрсетті. Бұл – үлкенге құрмет, кішіге ізет пен ауылға деген жанашырлықтың жарқын көрінісі! 

Бірлігіміз бекем, ынтымағымыз жарасымды болсын! Ауылымыз әрдайым таза, көрікті әрі жасыл мекенге айнала берсін!

10 августа 2026
Жастар күніне орай Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылында еріктілер арасында ұйымдастырылған шағын футболдан ашық біріншілік жоғары деңгейде өтті.

Жастар күніне орай Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылында еріктілер арасында ұйымдастырылған шағын футболдан ашық біріншілік жоғары деңгейде өтті.

Тартысқа толы додада намысты қолдан бермеген Өспен жастарының құрама командасы керемет ойын өрнегін көрсетіп, қарсыластарынан басым түсіп,  І -ОРЫНДЫ жеңіп алды!

 Жеңімпаз жастарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге мықты денсаулық, биік белестер мен толайым табыс тілейміз. Өспен жастарының абыройы әрдайым асқақтай берсін!

10 августа 2026
28–31 шілде аралығында Қарағанды қаласында өткен XXXVIII «Сарыарқа» облыстық спартакиадасында жерлестеріміз ауданымыздың абыройын асқақтатып, жүлделі орындардан көрінді.

28–31 шілде аралығында Қарағанды қаласында өткен XXXVIII «Сарыарқа» облыстық спартакиадасында жерлестеріміз ауданымыздың абыройын асқақтатып, жүлделі орындардан көрінді.

🥉 Футболдан жерлестеріміз Мұрат Саид, Қаражанов Ердәулет, Ерғалиев Рауан және Балғабеков Рауан Шет ауданының құрама командасы сапында өнер көрсетіп, тартысты дода қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орынды иеленді.

🥈 Волейболдан Өспен ауылдық округінің қыздар командасы ауданымыздың намысын қорғап, жоғары ойын үлгісін көрсетіп, жүлделі ІІ орынға ие болды. 

Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Спортшыларымызға алдағы жарыстарда сәттілік, толағай табыс және жаңа жеңістер тілейміз. Ел мерейін үстем етіп жүрген жерлестерімізге алғысымыз шексіз!

05 августа 2026
Шет ауданы прокуратурасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді тобы

Мобильді топтың мақсаты – кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылуы туралы әрбір сигналға жедел әрекет ету, оның ішінде оқиға орындарына шығуды жүзеге асыру.
Негізсіз тексерулер жүргізу, мемлекеттік органдар тарапынан кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру және басқа да құқық бұзушылықтар фактілері бойынша төменде көрсетілген нөмірлерге хабарласу қажет:

Мәми Е.С. – Шет ауданы прокурорының орынбасары 8-701-444-66-10
Мусина М.К. – Шет ауданы прокуратурасының аға прокуроры 8-775-458-97-73
Сейльбеков О.К. – «Атамекен» Шет ауданы бойынша кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры 8-701-420-35-36

22 июля 2026
Жерлесіміз Қ.Көпбаевтың демеушілігімен 3 жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан “Kairat Cup League” жасөспірімдер лигасы өз мәресіне жетті!

Жерлесіміз Қ.Көпбаевтың демеушілігімен 3 жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан “Kairat Cup League” жасөспірімдер лигасы өз мәресіне жетті!

 2026 жылғы 1 маусым – 16 шілде аралығында өткен лиганың финалдық кездесуі 16 шілде күні өтіп, жеңімпаздар анықталды.

Бір жарым айға созылған тартысты додаға 5 команда қатысып, 3–8 сынып оқушылары бақ сынады. Жалпы 15 кездесу өткізіліп, жас футболшылар жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетіп, жеңіске деген жігері мен спорттық шеберліктерін дәлелдеді.

 Жүлделі орындар:

🥇 І орын – «Таир и Ко»

🥈 ІІ орын – «Барыс»

🥉 ІІІ орын – «Қыран»

🌟 Арнайы номинациялар:

⚽ Үздік шабуылшы – Дүйсенбі Әлижан

🧤 Үздік қақпашы – Балғабеков Темірхан

⭐ Үздік ойыншы – Мерей Тайшыбек

Үздік қорғаушы – Сайлау Әлинұр

👨‍🏫 Үздік бапкер – Балғабеков Ерік

 Лиганың демеушісі – Тажентаев Ермек

📋 Бас төреші – Тыхметов Азамат

Номинациялар:

🔥 «Қайсар мінез» – Дәркен Айқын

🎯 «Үздік гол» – Еспаев Тимур

Осындай игі бастаманы қолға алып, ауыл жастарының спортпен шұғылдануына қолдау көрсетіп жүрген Көпбаев Қайрат ағамызға шынайы алғысымызды білдіреміз.

👏 Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Жас спортшыларға алдағы жарыстарда да толағай табыс, жарқын жеңістер мен биік белестер тілейміз!

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы