Әкімшілік туралы

"Өспен ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ауылдық округ әкімі мен әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын атқарушы-өкімші орган болып табылады. Ауылдық округ әкімінің аппараты заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес банктерде шоттары болады.

Ауылдық округ әкімінің аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 

Аудан әкімі аппаратының құрылтайшысы мемлекет атынан Өспен ауылдық округ әкімі болып табылады.

Об акимате
Дата публикации
12 марта 2024