GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Баспасөз орталығы
Әкім аппараты
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Все материалы
Жергілікті басқару
19 октября 2026
19 қазан – Құтқарушылар күні құтты болсын!

1995 жылғы 19 қазанда Мемлекеттік төтенше жағдайлар комитетін құру туралы жарлыққа қол қойылды. Дәл осы кезден бастап құтқарушылар жалынмен арпалысып, қауіппен бетпе-бет келіп, қарапайым жандардың жүрегіндегі қорқынышты сейілтіп келеді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің 2026 жылғы деректеріне сәйкес жыл басынан бері құтқарушылар 70 мыңнан аса қауіпті жағдайдың алдын алған. Осы уақыт аралығында 8 мыңнан астам адамды құтқарып, 9 мыңнан астам адам қауіпті аймақтардан эвакуациялаған. Сонымен қатар 3 мыңға жуық зардап шегушіге медициналық көмек көрсетілген.

Бұл көрсеткіштердің артында асқан батырлық, құтқарушылардың жанқиярлығы мен тынымсыз еңбегі жатыр.

Құтқарушылар күні – осындай жауапты міндетті атқарып жүрген мамандарға құрмет білдіріп, олардың қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызын айшықтай түсетін ерекше мереке.

Жергілікті басқару
09 октября 2026
🚫 *НАШАҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ*

Есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы күрес және есірткі қылмыстарының алдын алу – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды бағыттарының бірі.

Ауданда есірткінің заңсыз таралуының алдын алуға, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған профилактикалық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

Жастар мен жасөспірімдер арасында есірткінің зияны туралы түсіндіру жұмыстарына, құқықтық жауапкершілік мәселелеріне және салауатты өмір салтын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді.

*Нашақорлыққа жол жоқ! Салауатты ұрпақ – қауіпсіз қоғамның негізі!*

Жергілікті басқару
06 октября 2026
*Мүлікті қорғау – ортақ жауапкершілік*

Азаматтардың, ұйымдар мен инфрақұрылым нысандарының мүлкін сақтау – қоғамдық қауіпсіздіктің маңызды бағыттарының бірі.

Мүлікті ұрлықтан және басқа да құқыққа қайшы әрекеттерден қорғау үшін қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау қажет:

🔹 үйден шығар кезде есік пен терезелерді мұқият жабу;

🔹 бағалы заттарды қараусыз қалдырмау;

🔹 аула мен шаруашылық нысандарының аумағын тиісті деңгейде жарықтандыру;

🔹 мүмкіндігінше бейнебақылау және күзет дабылын орнату;

🔹 тұрғын үй мен қосалқы ғимараттардың кілттерін бөгде адамдарға бермеу;

🔹 күдікті адамдарды немесе құқық бұзушылық белгілерін байқаған жағдайда құқық қорғау органдарына дереу хабарлау.

Әсіресе тұрғындардың ұзақ уақытқа үйінен кететін кезеңдерінде мүліктің сақталуына ерекше назар аудару маңызды.

*Мүлікті қорғау – әр азаматтың жауапкершілігінен басталады. Қауіпсіздік ережелерін сақтау – өз мүлкіңізді қорғаудың тиімді жолы.*

Жергілікті басқару
01 октября 2026
Қарты бар үйдің — қазынасы бар!

Құрметті ауылымыздың ардақты ақсақалдары мен ақ жаулықты әжелері!

Сіздерді Қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! 🌷 Сіздер — ауылымыздың ақылшысы, кейінгі ұрпаққа бағыт-бағдар берер өнегелі жандарсыздар. Ақ баталарыңыз бен ізгі тілектеріңіз әр шаңыраққа береке, әр жүрекке жылу сыйлайды.

Сіздерге ең алдымен мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен береке тілейміз. Балаларыңыздың қуанышын, немере-шөберелеріңіздің қызығын көріп, әрдайым төрде абыроймен отырыңыздар!

Ақсақалдарымыздың ақылы ортаймасын, әжелеріміздің мейірімі таусылмасын! Ауылымыздың ынтымағы мен бірлігі жарасып, үлкендеріміздің батасы әрдайым елге қорған, кейінгі ұрпаққа жол болсын.

Жүздеріңізден күлкі, жүректеріңізден қуаныш кетпесін! Қарттықтарыңыз қадірлі, ғұмырларыңыз мәнді де сәнді болсын!
Қарттар күні құтты болсын!

Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы
28 сентября 2026
Ауылымыздың жас дзюдошысы — жарыс жеңімпазы

Ауылымыздың жас дзюдошысы — жарыс жеңімпазы

Ақтөбе қаласында ауыл жасөспірімдері арасында өткен V жазғы ойындарда спорттың дзюдо түрінен тартысты бәсеке ұйымдастырылды. Дүбірлі додаға еліміздің әр өңірінен келген жас спортшылар қатысып, өздерінің спорттық шеберліктерін ортаға салды.

Аталған жарыста ауылымыздың жас спортшысы да бақ сынап, 38 келі салмақ дәрежесінде жоғары нәтиже көрсетті. Жарыс барысында ол қарсыластарына лайықты қарсылық көрсетіп, әр белдесуде өз шеберлігін, ептілігін және жеңіске деген жігерін таныта білді.

Жас дзюдошы бірнеше белдесуде жеңіске жетіп, финалдық кезеңге жолдама алды. Шешуші белдесуде де жинақылық танытып, қарсыласын жеңіп, 38 келі салмақ дәрежесінде V ауыл жасөспірімдерінің жазғы ойындарының жеңімпазы атанды.

Бұл жеңіс — жас спортшының тынымсыз еңбегі мен тұрақты жаттығуының жемісі. Дзюдо сияқты күш пен төзімділікті, шапшаңдық пен тактикалық ойлауды қажет ететін спорт түрінде жеңіске жету үшін үлкен дайындық пен табандылық қажет. Жас спортшымыз жарыс барысында осы қасиеттердің барлығын көрсете білді.

Жеңістің артында спортшының өз еңбегімен қатар, оған бағыт-бағдар беріп жүрген бапкерінің еңбегі, ата-анасының қолдауы және жанкүйерлерінің сенімі тұрғаны сөзсіз. Сондықтан бұл жетістік — ауылымыз үшін үлкен қуаныш әрі мақтаныш.

Жас спортшының жеңісі ауылдағы өскелең ұрпаққа үлгі болып, балалар мен жасөспірімдерді спортпен шұғылдануға, салауатты өмір салтын ұстануға және биік мақсаттарға ұмтылуға жігерлендіре түседі.

Ауылымыздың атын абыроймен қорғап, дүбірлі додада жеңіс тұғырынан көрінген жас дзюдошымызды шын жүректен құттықтаймыз!

Алдағы жарыстарда да сәттілік серік болып, спорттық шеберлігін шыңдап, бұдан да биік белестерді бағындыруына тілектеспіз. Еліміздің көк туын көкке көтеріп, ауылымыздың абыройын асқақтатар талай жеңістер мен жүлделер бұйырсын!

Жеңісің құтты болсын, жас чемпион! Жарқын жетістіктерің көп болсын!

Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы
07 сентября 2026
Талды ауылында шағын футболдан аудандық жарыс өтті

Талды ауылында шағын футболдан аудандық жарыс өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай Талды ауылында шағын футболдан аудандық жарыс ұйымдастырылды.

Спорттық додаға ауданның елді мекендерінен 80 спортшы қатысып, өзара бақ сынасты. Жарыс барысында командалар тартысты ойын көрсетіп, спорттық шеберліктерін танытты.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

  • 🥇 І орын – Ағадыр кенті
  • 🥈 ІІ орын – Өспен ауылы
  • 🥉 ІІІ орын – Қайрақты ауылы

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ұйымдастырушылар тарапынан марапаттар табысталды.

Спорттық шара салауатты өмір салтын насихаттап, аудан жастарының бұқаралық спортқа деген қызығушылығын арттыруға өз үлесін қосты.

Жергілікті басқару
21 августа 2026
Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтары!

Қарағанды облысы бойынша жыл басынан бері 2 292 интернет алаяқтық деректері тіркеліп, көбінде, бұл қылмыстың түрі ұялы телефондарды қолдану арқылы жасалады.

Алаяқтар банктік ақпаратқа қол жеткізу үшін азаматтардың қажетті жеке мәліметтерін алудың түрлі тәсілдерін қолданады: жоғары лауазымды полиция қызметкерлері WhatsApp мессенджеріне алдын ала қолдан жасалған, растайтын құжаттарды тастай отырып ұсынады: елтаңбалы мөрмен расталған қызметтік куәліктерді, қылмыстық іс қозғау туралы қаулы түрлі банктердің қаржы бөлімдерінің қызметкерлері ұсынады.

Мысалы, Қарағанды қалалық полиция басқармасының Киберпол бөлімшесімен аз. А. арызы бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде, іс құжаттарына сәйкес белгісіз тұлғалар оның атынан онлайн несие алып, алған қаражатты жымқырған.

Көбінде Сізге несие рәсімделгені туралы жаңылыстырады және олар банк картасы бойынша мәліметтерді, карточка нөмірін, банк картасының артқы жағында орналасқан CV кодын хабарлауды сұрайды және алаяқтар WhatsApp мессенджеріне қонырауларды пайдаланады, өйткені WhatsApp қоңырауларды бақылау қиын, өйткені бұл адамдар ел ішінде де, одан тыс жерлерде де болуы мүмкін.

Интернет-алаяқтық «Колеса», «Крыша», «OLX» интернет-сайттарын пайдалану арқылы да жасалады. Әлеуметтік желілер арқылы: «Инстаграмм», «Телеграмм», «Фейсбук», «ВКонтакте», арқылы мүлікті сату туралы хабарландыруды жариялау кезінде.

Сонымен қатар, алаяқтар көбінесе қымбат заттардың өте төмен құнын пайдаланады, осылайша сатып алушыларды тартады.

Қазіргі уақытта қылмыстың осы түрін жандандыруға байланысты ішкі істер органдары қылмыстың осы түрін жасауға жол бермеуге бағытталған шаралар қабылдауда.

ІІМ АБАЙЛАҢЫЗ - ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАР қылмыскерлердің алаяқтық әрекеттері туралы ескерту сипатындағы SMS хабарламалар жібере басталды.

Республиканың ішкі істер органдары азаматтарды сақ болуға және негізгі сақтық шараларын ұстануға шақырады. ІІМ негізгі ұсынымдары:

  1. Ешқандай жағдайда банктер немесе құқық қорғау органдары қызметкерлерінің несие беру, мүлікті сату және ақшасын қауіпсіз шоттарға аудару немесе несие беру туралы телефон нұсқауларын орындамаңыз. Құқық қорғау органдары телефон арқылы арнайы операциялар жүргізбейді.
  2. Өзінің дербес деректерін, пластикалық карталардың деректемелерін ешкімге хабарламау, аударымдар туралы түбіртектерді, тіпті банк, полиция қызметкерлері болып табылатын тұлғаларға кодтар мен кодтық сөздерді және т.б. бермеуді талап етеміз.
  3. Жеке деректерді белгісіз және тексерілмеген сайттарға және басқа көздерге бермеңіз. Тексерусіз алдын ала төлем жүргізбегеңіз. Тауарды алғаннан кейін төлем туралы келісуге тырысыңыз. Мұндай қызметтер, мысалы Қазпоштамен көрсетіледі.
  4. Күмәнді мәмілелер бойынша аударымдарды жүзеге асырмаңыз, ашық кіріс көзінсіз қаржылық схемалардан сақ болыңыз.

5.Қолданбаларды орнату үшін тек ресми App Store, Play Market және т.б. пайдаланыңыз.

  1. Өтпеуге сілтемелер бойын- ша жіберуді, мысалы жалған төлемдер жасалғандай болып көрсетілуі мүмкін, жеке тұлғалар төлем жасау үшін жеке ұялы телефондағы бағдарламалардың СПАМ-сілтемесі жеке терезесі арқылы белгісіз тұлғалардан хабарлама ретінде келу мүмкін.
  2. Банкинг қызметтеріне қолжетімділік құпия сөздерін үнемі ауыстырып отыруді, яғни 3D қорғауды және банктер ұсынатын басқа да, қауіпсіздік шараларын пайдаланып отыруды.
  3. Негізінде тұлғаларға өздерінің шоттарындағы ақша қозғалысын жиі тексеріп отыруды ескертеміз.

 

ҚСжАЕК Қарағанды облысы бойынша Департаменті

 

 

Жергілікті басқару
12 августа 2026
Талды ауылдық округіне қарасты Талды – Берекетті елді мекендері арасындағы 20 шақырым автокөлік жолына жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Талды ауылдық округіне қарасты Талды – Берекетті елді мекендері арасындағы 20 шақырым автомобиль жолына жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Талды ауылдық округіне қарасты Талды – Берекетті елді мекендері арасындағы 20 шақырым автомобиль жолына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөндеу барысында жолдың техникалық жағдайын жақсарту және көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тиісті жұмыстар атқарылды.

Сонымен қатар, жол бойындағы су өткізу жүйелерін ретке келтіру мақсатында 5 суағар құбырына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қосымша 4 жаңа суағар құбыры орнатылды. Аталған жұмыстар жауын-шашын және еріген қар суларын тиімді өткізуге, жолдың шайылуы мен бұзылуының алдын алуға мүмкіндік береді.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Талды – Берекетті бағытындағы жолдың сапасы жақсарып, тұрғындар мен көлік құралдарының қауіпсіз әрі қолайлы қатынауына жағдай жасалды.

Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы
05 августа 2026
«Таза Қазақстан» акциясы аясында спорт алаңы тазартылды

«Таза Қазақстан» акциясы аясында спорт алаңы тазартылды

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ауылымыздың спорт алаңында тазалық жұмыстары жүргізілді. Акция барысында қатысушылар спорт алаңын қоқыстан тазартып, аумақты ретке келтіріп, қоршаған ортаның тазалығына өз үлестерін қосты.

Мұндай игі шаралар тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, туған жерге деген жанашырлықты арттыруға бағытталған. Таза әрі көрікті спорт алаңы жастардың спортпен шұғылдануына қолайлы жағдай жасап, салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді.

Тазалық – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Табиғатты аялап, туған жерімізді таза ұстауға бәріміз бірге атсалысайық!

Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы
24 июля 2026
Талды–Берекет автомобиль жолында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Қазіргі таңда Талды–Берекет автомобиль жолында күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жоба аясында жолдың сапасын жақсарту мақсатында жол жабыны жаңартылып, құрылыс-монтаж жұмыстары атқарылуда.

Сонымен қатар, жол бойындағы су ағар жүйелері толықтай жаңартылып, жаңадан орнатылуда. Бұл жұмыстар жолдың ұзақ мерзімге қызмет етуін қамтамасыз етіп, жауын-шашын және еріген қар суларын тиімді ағызуға мүмкіндік береді.

Жөндеу жұмыстары белгіленген жоспарға сәйкес жүргізілуде және аяқталғаннан кейін жол қозғалысының қауіпсіздігі мен жайлылығы едәуір артады.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы