Талды ауылдық округі әкімінің 2025-2026 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі

Құрметті ауыл тұрғындары!

Құрметті Мұхит Сайлауұлы!

Есепті бастамас бұрын 2025 жылдың ІІ жартыжылдығында есептік жиында жергілікті тұрғындардың көтерген ұсыныс пікірлеріне, өтініштеріне жауап бере кетейін:

  1. 1. Алибаева Алтын Сиязовна – ауыл тұрғыны, зейнеткер.

           - 1.      «Алтын жас» бағдарламасы бойынша жұмыс қашан болады?

         - Жауап: Аудандық мәдениет үйінде «Алтын жас» бағдарламасы аясында бос жұмыс орынның болмауына байланысты А.А.Сиязқызын жұмысқа орналасуына мүмкіндік болмады.

  1. Абенқызы Рымтай – ауыл тұрғыны, зейнеткер:

- Менің қоятын сұрағым біздің ауылда участковый жоқ. Ауылымызға тұрақты участковый берсеңіздер?

- Жауап:  Талды ауылдық округі бойынша учаскелік полиция инпекторы мәселесі шешіліп, ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап ауылымыздың азаматы  М.К.Садуакасов тұрақты учасккелік полиция инспекторы болып тағайындалды.

  1. Толеуов Саят – ауыл тұрғыны, зейнеткер:

- Нұраталды-Талды аралық жолы қашан жөнделеді?

- Жауап:  Талды – Нұраталды аралық жолын 2026 жылдың жоспары бойынша жөндеу жұмыстарына сұраныс жасалуда.

         Ендігі кезекте өткен жылы атқарылған және ағымдағы жылы атқарылатын жұмыстар туралы баяндауға рұқсат етіңіздер!

Былтырғы жыл  ауылымыз үшін жемісті жыл болды десек болады.

 

2026 жылдың І жарты жылдығына бюджет қаражаты есебінен жүргізілген жұмыстар мен елдімекенді абаттандыру және көгалдандыру, сондай-ақ санитарлық тазалық жұмыстарына тоқтала кетейін:

Қыс мезгілінде көше аралық жолдар және Талды – Берекетті аралық жолды қардан тазарту және шығару жұмыстарына 4 700 000 теңге қаражат бөлініп тиісті жұмыстар атқарылды. Талды ауылындағы Тұрмыстық қатты қалдықтар төгетін полигонның аумағын қоршауға 800 мың теңге бюджет есебінен қаржы бөлініп, жер жырту тәсілімен және топырақ үю тәсілімен көлемі 2 км жерге қоршау жасалып, қоқыс төгетін бірнеше орындар жасалды. Абаттандыру жұмыстары бойынша барлық қоғамдық орындарды сырлау, әктеу, күл қоқыстарын тазарту жұмыстары атқарылды. Сонымен қатар «Қаражартас» пирамидасындағы Талды өзенің үстінен өтетін жаяу жүргіншілерге арналған жаңа көпір баялып, қалпына келтірілді. Талды-Нұраталды және Талды-Жаңа-жұрт аралығындағы жол жиектері қоқыстан тазартылды. 500 тонна иесіз күл-қоқыстар және тұрғындар тарапынан 1000 тонна қоқыс шығарылды.  

Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою шаралары бойынша: Өткен жылы ауылымызда өрт, су сияқты табиғи апаттар орын алған жоқ. Алайда біздің өрт сөндіруші бригадамыз көршілес елдімендер атап айтқанда: Нұраталды, Ақшоқы ауылдық округтеріне және Ақбастау ауылдарына көмек көрсетті.

Жылу беру маусымының өту барысы бойынша: Қысқы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары жүргізілді.

Ауылшаруашылығы саласы және Ветеринария саласы бойынша: Округ бойынша  мал саны: 3435 ірі қара, қой мен ешкі 5533, жылқы 1735, құс 1352. Ветеринария саласы бойынша жұмыс толығымен орындалды. Сібір жарасы, туберкулез, қарасан, нодульярлы дерматитке қарсы 3100 бас ІҚМ, 3800 ҰММ. Бруцеллез ауруына 2100 ІҚМ, 3850 ҰММ сераологиялық тексеру жүргізілді. Округ бойынша 37 қаңғыбас ит жойылды.

 Ауылшаруашылық саласы бойынша Инвестициялық жобаларға келетін болсақ биылғы жылы жыл басынан «Мейірлан» шаруа қожалығы лизинг жүйесімен құны 25 млн теңге тұратын МТЗ БЕЛАРУСЬ 922 тракторын, руллон пресс, косилка, тырнауыш сияқты ауылшаруашылық техникаларын толық  алса, «Аукешов» шаруақожалығы МТЗ БЕЛАРУСЬ 920 тракторын, руллон пресс, косилка, тырнауыш техникаларын 26 млн теңгеге  ауылшаруашылық техникаларын алып отыр. Ағымдағы «Асхат» шаруақожалығы 200 га егін екті.

Жерді кері қайтару бойынша: 2025-2026 жылдары жер мәселесі бойыншада біршама жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда ауыл халқының жылқы малын бағуға бөлінген 5000 га жердің, ауыл көшелеріндегі көше жарық шамдарының және әлеуметтік павильондардың жерлері толық рәсімделді. Сонымен қатар былтырғы жылы «Темірлан» шаруақожалығының 429 га жері мемлекеттік жер қорына қайтарылды.

Құрылыс жұмыстары бойынша: Талды ауылының кіре берісіне аялдама орнатылды. Бөлінген қаражат 370 000 теңге. Сонымен қатар өздеріңіз білетін былтырғы жылы Сеңкібай Оразғұлұлы атындағы монумент ашылған болатын, биылғы жылы аталған монументтің жанына арнайы күрке (беседка) орнатылды. Бөлінген қаражат 630 000 теңгені құрады. Сондай-ақ биылғы жылы ветеринариялық пункт салу жоспарланып отыр.

Коммуналдық сала бойынша: Талды ауылының істен шыққан прожекторлары ауыстырылды. Д.Смайлов көшесінің артындағы үйлерге 3 прожекторлар орнатылды. Ауылда жаңып кеткен КТП, аудан басынан КТП әкелініп, ауыстырылды. Жарнамалық бильбордтардың 7 баннерлері жаңартылды, 1 жылға бөлінген қаражат 1 000 000 теңге.

Халықты жұмыспен қамту бағыты, сонымен қатар жастарды жұмыспен қамту бойынша: Биылғы жылы 4 адам тұрақты жұмыспен қамтылса, 8 адам қоғамдық жұмыспен қамтамасыз етілді.

Шағын және орта кәсіпкерлік саласы бойынша: Талды ауылында ағымдағы жылы жаңадан кулинария және қонақ үй іске қосылуда. Аталған нысандар ауыл тұрғындары мен ауылымызға келген қонақтарды сапалы қызметпен қамтамасыз етіп, жайлы жағдайда қарсы алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл кәсіпкерлік нысандар ауыл экономикасының дамуына оң әсерін тигізіп, жаңа жұмыс орындарының ашылуына жол ашады.

Мәдениет саласы бойынша: Мәдениет және өнер қызметкерлері күні мерекесіне орай, округке қарасты Талды мәдениет үйіне демеушілік есебінен 1 млн 500 мың теңгеге музыкалық аппаратура сыйға тартылды.

Өткен 2025 жылы ауылдың асфальт төселмеген  барлық көшесі асфальтталды. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында ауылымыздың көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге нақтырақ айтсақ 3,2 шақырым жолды жөндеуге  173 млн тенге қаражат бөлінді. Сонымен қатар Талды-Нұраталды аралық жолғада орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге сұраныс жасалуда.

 Ауылымызда туризмді дамыту мақсатында алдағы уақытта Халықаралық симпозиум «Сарыарқаның көшпелі мәдениеті: «Ұлы дала құпиялары – Талды» атты халықаралық тарихи фестиваль өткізу жоспарлануда.

 

Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Дата публикации
01 июня 2026