"Қарағанды облысы Шет ауданы Сәкен Сейфуллин атындағы кент әкімінің аппараты" ММ-мен мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша 2025 жылғы қызметі туралы есеп

«Қарағанды облысы Шет ауданы Сәкен Сейфуллин атындағы кент әкімінің аппараты» ММ-нің мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша

2025 жылғы қызметі туралы есеп

 

  1. Жалпыереже

 

Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар мен аэро ғарышөнер кәсібіминистрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес «Қарағанды облысы Шет ауданы Сәкен Сейфуллин атындағы кент әкімінің аппараты» ММ-сі (бұдан әрі- әкім аппараты) жер қатынастары бойынша 4 қызмет түрін көрсетеді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсетусапасына бақылау жасау бойынша мемлекеттік органдардың қызметінің талдауы 2025 жылы Сәкен Сейфуллин атындағы кентте 50 мемлекеттік қызмет көрсетілгендігін көрсетті. Электронды формата 45 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Электрондық нысанда көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы көлемінің 82 % пайызын құрады. 45 мемлекеттік қызмет Е-лицензиялау жүйесі арқылы көрсетілді. Қағаз түрінде 5 қызмет көрсетілді.

 

  1. Қызмет алушылармен жүргізілген жұмыс

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында халықты ақпараттандыру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру мемлекеттік қызметтерді көрсерту сапасын арттыру, заң нормаларын бұзуды алдын – алу және сыбайлас жемқорлық іс-қимылдарын алдын – алу ісіндегі маңызды міндет болып табылады.

Халықты ақпараттандыру және мемлекеттік қызметтерді көрсету үрдістерінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында кент әкімі аппаратының ғимаратында ақпараттық стендтер бар, халықты мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнама нормалары туралы ақпараттандыруға бағытталған іс –шаралар жүргізіледі.

Электрондық қызметтердің қолжетімділігін арттыру және «электрондық үкімет порталын» қолданушылар үлесін ұлғайту мақсатында кент әкімі аппаратының ғимаратында санитарлық – эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» жұмыс істеп тұр. «Өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышына» өз қызметінің бағыты бойынша қызмет алушыларға «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда алу бойынша консультациялық көмектер көрсететін жауапты тұлға бекітілген.

Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі-мемлекеттің басты басымдығы. Сондықтан қызмет көрсетушілердің міндеттерінің бірі мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

Бүгінгі таңда әкім аппараты қызметкерлерді шақыру батырмасымен жабдықталған. Бұдан басқа, Брайль бедерлі-нүктелі қарпі бар ақпараттық тақтайшалары, тактильді плиткалар орнатылған. Сондай-ақ пандус құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес келтірілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мәселесі ерекше бақылауда тұр, осыған байланысты 2026 жылы Мемлекеттік қызметтерді жаңа сапалы деңгейде көрсету арқылы халықтың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыс жалғастырылатын болады.

 

  1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына бақылау жасау

Барлық мемлекеттік қызметтер белгіленген мерзімдерде, мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен регламенттерін бұзусыз көрсетілді. Есепті кезеңде жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтердің мерзімінде көрсетілмеуі немесе сапасына қатысты шағымдар мен өтініштер тіркелген жоқ.

 

Халыққа электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтер алу тәртібі бойынша тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілді, бұл электрондық қызметтердің үлесінің артуына оң әсерін тигізді.

 

  1. 2026 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жөніндегі жоспарлар

электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін ұлғайту бойынша жұмысты жалғастыру;

халық арасында электрондық үкімет порталының мүмкіндіктерін пайдалану жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту;

азаматтардың цифрлық сауаттылық деңгейін арттыруға ықпал ету;

мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері мен стандарттарының қатаң сақталуын қамтамасыз ету;

ведомствоаралық электрондық құжат айналымы шеңберінде уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жетілдіру;

көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына тұрақты мониторинг жүргізу және азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою.

Аталған шараларды іске асыру мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін, ашықтығын және сапасын арттыруға, сондай-ақ халықтың қанағаттану деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.

 

Қарағанды облысы

Шет ауданы Сәкен Сейфуллин

атындағы кент әкімі аппаратының

бас маманы                                                                                 Г.Кошанова

 

"Қарағанды облысы Шет ауданы Сәкен Сейфуллин атындағы кент әкімінің аппараты" ММ-мен мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша 2025 жылғы қызметі туралы есеп
Дата публикации
05 января 2026