Төтенше жағдай - адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.
Төтенше жағдайды алдын алу және салдарын жою мақсатында жаз айларында дала өртін алдын алу және салдарымен күресу үшін қажетті құрал жабдықтар дайындалып, еріктілер тобы құрылып, кент тұрғындары арасында кент әкімі аппаратының жауапты маманы мен жергілікті полиция бөлімінің учаскелік инспекторымен түсіндірме жұмыстары үнемі жүргізіледі.
Су тасқының алдын алу жұмыстарын атап өтсек кент бойынша 20 суағар құбырлары тазартылып, мұздары ойылады. Инерттік материалдар дайындалып, тиісті жұмыстар үнемі атқарылады.