
Тұрғын үй-коммуналдық саласы
Қазіргі уақытта тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты реформалау жүріп жатыр: тұрғын үйді, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылым элементтерін қайта құру, көп пәтерлі үйлерді басқару нысандарын қайта құру және т.б. әрбір жеке адам үшін тұрғын үйдің маңыздылығын ескере отырып, мемлекет тарапынан экономиканың осы саласына көп көңіл бөлінеді. Жылумен, жарықпен, газбен және сумен үздіксіз қамтамасыз ету, тұрғындардың әл-ауқатының маңызды шарты болып табылады.
Кент бойынша 2023-2024 жылғы қысқы жылу беру маусымында өміршең маңызы бар нысандар тәулік бойы тексеріліп отырылды. Кенттің ішкі автокөлік жолдарын қаран тазалау жұмыстары үнемі атқарылады.
2023 жылы Бейбітшілік көшесінде орналасқан 8 үйдің қасбеті жөндеуден өткізілді. Байғозы батыр, Қазыбек би көшелерінің автокөлік жолдары ағымдағы жөндеуден өткізіліп, тас жол төселді. Наурыз, Жеңіс көшелеріне көше жарық шамдары орнатылды. Иесіз атқан күл қоқыстар шығарылып, кент әкімі аппаратының ұйымдастыруымен кент мекемелерінің қатысуымен таза бейсенбі, сенбіліктер өткізілді.