GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Қызметі
Әкім аппараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
21 октября 2026
Қарағандыда Серік Сәпиев жүлдесі үшін 200-ден астам жас боксшы шаршы алаңға шығады

Қарағандыда Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің жүлдесі үшін бокстан XIV халықаралық турнир өтіп жатыр. Алты күнге жалғасатын жарыста Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолия және Қырғызстанның 2011–2012 жылдары туған 200-ден астам жас боксшысы бақ сынайды. Спортшылар 14 салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.

Турнир алғаш рет 2012 жылы Серік Сәпиев Лондон Олимпиадасында топ жарғаннан кейін ұйымдастырылды. Содан бері жарыс халықаралық деңгейге көтеріліп, қатысушылар қатары да кеңейді. Кейін турнирге ұлдармен бірге қыздар да қатыса бастады.

– Қарағанды облысы талантты спортшыларды түлеткен өңір ретінде танымал. Ұлттық құрама сапында әрдайым қарағандылық боксшылар бар, ал аймағымызда бокстың бай тарихы қалыптасқан. Осындай турнирлер арқылы біз сол дәстүрді жалғастырып, спорттың дамуына үлес қосып келеміз. Жарыс барысында жас боксшылар шеберлігін шыңдап қана қоймай, шетелдік қарсыластарымен күш сынасып, халықаралық тәжірибе жинақтайды. Мұндай кездесулер олардың алдағы жарыстарға психологиялық тұрғыдан да дайындалуына көмектеседі, – деді Серік Сәпиев.

Қарағанды облысының атынан турнирге 100 спортшы қатысып жатыр. Олардың 75-і – ұл, 25-і – қыз. Жас боксшылардың кейбірі үшін бұл жарыс өз шеберлігін жаңа деңгейде сынап, әлеуетін көрсетуге берілген маңызды мүмкіндік.

Дін Мұхаммед Ержанов бокспен бесінші жыл айналысып келеді. Ол шаршы алаңға әкесі мен ағасының жолын үлгі тұтып келген.

– Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің жүлдесі үшін өтетін турнирге қатысу мен үшін үлкен мақтаныш. Біз жарысқа тыңғылықты дайындалдық, көп жаттығып, шеберлігімізді арттыруға күш салдық. Жүлдегерлер үштігіне ілігемін деп үміттенемін, – деді жас боксшы.

14 жастағы Ерсұлтан Мағрипбек бокспен алты жылдан бері айналысады. Осы уақыт ішінде облыстық және республикалық жарыстарда жүлделі орындарға ие болған.

Қазір ол Әлия Молдағұлова атындағы облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде білім алып жүр. Серік Сәпиев жүлдесі үшін өтіп жатқан турнирде Ерсұлтан Тәжікстаннан келген қарсыласын жеңіп үлгерген.

– Бұл жарысқа қатысып жатқаныма өте қуаныштымын. Жақсы дайындалдым, жеңіске жетемін деп үміттенемін. Қарсыластарымның ішіндегі ең мықтыларының бірі – Астанадан келген боксшы. Екеуміздің кездесуіміз тартысты болады деп ойлаймын, – деді Ерсұлтан.

Қызмет бағыты
20 октября 2026
«Таза Қазақстан» аясында Қарағанды облысында жаңа скверлер ашылып, елді мекендер көгалдандырылуда

Республика күні қарсаңында Шет ауданына қарасты Ақжал кентінде жаңа гүлзар пайдалануға берілді. Мұнда тұрғындардың тынығуына арналған орындар жасақталып, орындықтар қойылып, 250 жас терек егілді. Көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары «Таза Қазақстан» ұлттық экологиялық бағдарламасы аясында жүргізілді.

Гүлзар аумағына қоқыс жәшіктері мен гүл егілетін құмыралар қойылып, биіктігі 20 метрлік ту тұғыры орнатылды. Алдағы уақытта демалыс орнының аумағын кеңейтіп, абаттандыру жұмыстарын одан әрі жалғастыру көзделіп отыр.

Қарқаралы қаласының тұрғындары да экологиялық бастамаға белсене атсалысты.

Олар Тоқтар Әубәкіров атындағы орталық көшеге 50 жас шырша отырғызды.

Жыл басынан бері аудан аумағында 500-ден астам ағаш егілген.

Бұқар жырау ауданында да елді мекендерді көгалдандыру жұмыстары қарқын алған.

Баймырза ауылдық округінде 200 ағаш отырғызылса, Шешенқара ауылында тағы 200 түп көшет егілді. Жалпы, жыл басынан бері аудан аумағы үш мыңнан астам жасыл желекпен толықты. Игі іске жергілікті кәсіпорындар мен тұрғындар да өз үлесін қосты.

— «Таза Қазақстан» — туған өлкеміздің тазалығына, табиғатын сақтауға және экологиялық қолайлы орта қалыптастыруға деген ортақ жауапкершілігіміздің көрінісі. Бірлесе атқарған жұмысымыз арқылы бүгінгі және келер ұрпақ үшін таза, жасыл әрі көрікті аудан қалыптастыруға үлес қосып келеміз, - деп атап өтті Бұқар жырау ауданының өкілдері.

Елді мекендерді көгалдандыру көшелер мен қоғамдық орындардың ажарын ашып қана қоймай, тұрғындардың тынығуына қолайлы орта қалыптастыруға, қоршаған ортаның көркеюіне де ықпал етеді.

Бұқар жырау, Қарқаралы және Шет аудандары әкімдіктерінің мәліметінше

19 октября 2026
Қарағанды облысында өңірінде Республика күніне орай республикалық Republic Day және Bereke Fest акциялары өтеді

Республика күні қарсаңында Қараағанды облысында 2026 жылғы 17 қазаннан 27 қазанға дейін қоса алғанда «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциялары өтеді. Бұл күні  тұтынушыларға түрлі тауарлардың кең таңдауы төмендетілген бағамен ұсынылатын болады.

Мерекелік ұсыныстардың ең қызу кезеңі 21–27 қазан аралығына жоспарланған. Дәл осы күндері акциялардың негізгі бөлігі, арнайы бағалық ұсыныстар мен мерекелік жеңілдіктер болады. Сатып алушылар азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды тиімді шарттармен сатып ала алады.

Жалпы республикалық науқанның бастамашылары - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар.

Акцияларды өткізу ұлттық мерекеге орайластырылған және халық үшін қажетті тауарлардың қолжетімділігін арттыруға, тұтынушылық сұранысты қолдауға әрі ішкі саудаға қосымша серпін беруге бағытталған. Отандық өндірушілердің өнімдерін өткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше назар аударылады.

Қарағанды облысында «Republic Day» және «Bereke Fest» акцияларына қатысатын сауда нысандарының толық тізімімен және олардың мекенжайларымен төменде танысуға болады.

«Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акцияларына қатысатын сауда нысандарының тізімі 

«Republic Day» республикалық акциясы

  1. Бум СҮ — Қарағанды қ, ш/а Степной-3, 3Б.
  2. Таир СҮ — Қарағанды қ, Бухар-жырау даңғылы, ғимарат №88/2.
  3. Global City СОО — Қарағанды қ, 134-есептік орам, ғимарат №921.
  4. City Mall СОО — Қарағанды қ, Бухар-жырау даңғылы, 59/2.
  5. ЦУМ СҮ — Қарағанды қ, Бухар-жырау даңғылы, 53/8.
  6. Арбат СҮ — Қарағанды қ, Бухар-жырау даңғылы, 55/7.
  7. Абсолют СҮ — Қарағанды қ, Бухар-жырау даңғылы, ғимарат №55.
  8. Арай СО — Қарағанды қ, Құрылысшылар даңғылы, 10.
  9. Абзал СҮ — ​ Қарағанды қ, Бухар-жырау даңғылы, 50а.
  10. Проспект СҮ — Қарағанды қ, Язева көшесі, 14/1.
  11. Каскад СҮ — Қарағанды қ, Мамыраева шағын ауданы, учаске 24/1.
  12. Акжолтай СҮ — ​ Қарағанды қ, Бухар-жырау даңғылы, 53а.
  13. Строймарт СҮ — Қарағанды қ, ​137-есептік орам, 39.
  14. 12 месяцев СҮ — Қарағанды қ, ​Құрылысшылар даңғылы, 37/2.
  15. Умай СҮ — ​ Қарағанды қ, Карла Маркса көшесі, 9.
  16. Галерея СҮ — Қарағанды қ, Нурсултан Назарбаева даңғылы, 15.
  17. Азия СҮ — Қарағанды қ, Воинов-Интернационалистов көшесі, 31.
  18. Реал СҮ — ​ Қарағанды қ, 17-й шағын ауданы, 53/1.

«Bereke Fest» республикалық акциясы

  1. Норма СЖ — Қарағанды қ., ш/а Гульдер-1, ғимарат №3/1.
  2. Норма СЖ — Қарағанды қ., Новогородская көшесі, 1.
  3. Аян СЖ — Қарағанды қ., К.Маркса көшесі, 9.
  4. Аян СЖ — Теміртау қ., Республики даңғылы, 64.
  5. Аян СЖ — Теміртау қ., Тәуелсіздік бульвары, 25.
  6. Аян СЖ — Қарағанды қ., Ерубаева 48.
  7. Аян СЖ — Қарағанды қ., Восток-2 ш/а, 5.
  8. Аян СЖ — Қарағанды қ, 12 ш/а , 51/1.
  9. Аян СЖ — Қарағанды қ, Воинов-Интернационалистов көшесі, 32.
  10. Аян СЖ — Қарағанды қ, Ержанова көшесі, 39.
  11. Аян СЖ — Қарағанды қ, Рыскулова көшесі, 5А.
  12. Аян СЖ — Қарағанды қ, ш/а Голубые Пруды, 18/3.
  13. Аян СЖ — Қарағанды қ, Бухар Жырау даңғылы, 72.
  14. Аян СЖ — Қарағанды қ, Құрылысшылар даңғылы, 13.
  15. Аян СЖ — Қарағанды қ, Степной-2 ш/а, 14.
  16. Аян СЖ — Теміртау қ, Абай көшесі, 45.
  17. Аян СЖ — Теміртау қ, 7 ш/а , 24А.
  18. Аян СЖ — Теміртау қ, 7 ш/а 1А.
  19. Аян СЖ — Қарағанды қ, Алиханова көшесі 37/4.
  20. Аян СЖ — Қарағанды қ, Нұркен Әбдіров көшесі, 26.
  21. Аян СЖ — Қарағанды қ, Аманжолов көшесі 35/1.
  22. Аян СЖ — Қарағанды қ, Аманжолов көшесі, 17.
  23. Аян СЖ — Қарағанды қ, 21 ш/а , 4.
  24. Аян СЖ — Теміртау қ, Мира даңғылы, 66.
  25. Корзина СЖ — Қарағанды қ, Язева көшесі, 14/1.
  26. Корзина СЖ — Қарағанды қ, Степной-3, 3Б.
  27. Корзина СЖ — Қарағанды қ, Восток-5, 24/1.
  28. Корзина СЖ — Қарағанды қ, 22 ш/а , 24.
  29. Magnum СЖ — Қарағанды қ, Шахтеров көшесі, 82.
  30. Корзина СЖ — Теміртау қ, Металлургов даңғылы, 33.
  31. Юма СЖ — Қарағанды қ, Орбита 1, 6.
  32. Юма СЖ — Қарағанды қ, Гоголя көшесі 37/3.
  33. Гастроном СЖ — Теміртау қ, Абай көшесі 104.
  34. Гастроном СЖ — Теміртау қ, Металлургтер даңғылы 13.
  35. Гастроном СЖ — Теміртау қ, Республика даңғылы 27.
  36. GreenMart СЖ — Саран қ, 3 ш/а ғимарат №12Б.
  37. Фудмарт СЖ — Шахтинск қ, Абай Құнанбаев көшесі, 70.
  38. Real СЖ — Абай қ., Сакен Сейфуллин көшесі, 38.
  39. Оптима СЖ — Қарағанды қ, Абдирова даңғылы 44/1 тұрғын емес үй-жай 1.
  40. Оптима СЖ — Қарағанды қ, Анжерская көшесі, №41 нп1.
  41. Оптима СЖ — Қарағанды қ, 12 шағын ауданы ғимарат №7 В.
  42. Оптима СЖ — Қарағанды қ, Ермеков көшесі, №35 ү нп 2.
  43. Оптима СЖ — Қарағанды қ, Зелинского көшесі, №34/1 нп 2.
  44. Оптима СЖ — Қарағанды, Лободы көшесі №30/2.
  45. Оптима СЖ — Саран қ, есептік орам 003 ғимарат №365.
  46. Южный СЖ — Қарағанды қ, Космонавтов көшесі, 1/29, «Таир» СҮ.
  47. Южный СЖ — Қарағанды қ, Муканов көшесі, 9*.
  48. Южный СЖ — Қарағанды қ, Сакена даңғылы, 2 "а", мақ. "Южный" СҮ*.
  49. Южный СЖ — Қарағанды қ, Назарбаев даңғылы, үй №15, "Галерея" СҮ*.
  50. Южный СЖ — Қарағанды қ, Ермеков көшесі, үй №52*.
  51. Южный СЖ — Қарағанды қ, Бухар Жырау даңғылы, үй №50 "а", «Абзал» СҮ.
  52. Южный СЖ — Қарағанды қ, 17 ш/а , үй №41.
  53. Южный СЖ — Қарағанды қ, Карла Маркс көшесі, 7/1, "Irbis" СҮ*.
  54. Южный СЖ — Қарағанды қ, Зелинского көшесі, үй №28 "а", мақ. "ЮЖНый"*.
  55. Южный СЖ — Қарағанды қ, Н. Абдирова даңғылы, үй №15, мақ. «ЮЖНый»*.
  56. Южный СЖ — Қарағанды қ, Абай көшесі, 18, мақ. "Гастроном"*.
  57. Южный СЖ — Қарағанды, Мустафина көшесі, 3/2, «Город» СҮ.
  58. Южный СЖ — Қарағанды қ, Сатыбалдин көшесі, 11, мақ. «Раха».
  59. Южный СЖ — Теміртау қ, 3 шағын ауданы "а", үй №5*.
  60. Ёжик СЖ — Қарағанды қ, Кемеровская көшесі 57/1 ​.
  61. Ёжик СЖ — Қарағанды қ, 23-й шағын ауданы, 4.
  62. INMART СЖ — Қарағанды қ, Ә.Бөкейхан, ш/а 14, 44 А.
  63. INMART СЖ — Қарағанды қ, Ә.Бөкейхан, ш/а 16, 2 А.
  64. INMART СЖ — Қарағанды қ, Ә.Бөкейхан, ш/а 17, 47.
  65. INMART СЖ — Қарағанды қ, Сатыбалдин, 27.
  66. Balmart СЖ — Балқаш қ, Сатпаев көшесі, 15.
  67. INMART СЖ — Қарағанды қ, Н.Абдиров, 52.
16 октября 2026
Қарағандыда жетекші әлемдік өндірушілердің техникасы жөнделеді

Қарағандыда Central Asia Mining SERVICES (CAMS) компаниясы тау-кен шахта жабдықтарын жөндеу, қызмет көрсету және қалпына келтіру зауытын ашты. Енді тау-кен кәсіпорындары техниканың қызмет ету мерзімін ұзарта отырып, жергілікті жерде жөндей алады.

Зауытта заманауи диагностикалық стендтер орнатылып, жоғары білікті мамандар тобы жиналды. Компания Caterpillar, Epiroc, Sandvik, Volvo сияқты әлемдік көшбасшылардың техникасымен жұмыс істейді және осы өндірушілердің түпнұсқа қосалқы бөлшектерін жеткізеді.

Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Әлібек Молдакәрімов  кәсіпорынның ашылуы тау-кен өндіру саласының сервистік инфрақұрылымын нығайтатынын атап өтті.

– Біз үшін қазіргі заманғы өндірістік құзыреттермен қатар зауыт мамандарды оқыту мен даярлауды, оның ішінде жергілікті колледждермен бірлесіп дамытатыны маңызды. Мұндай жобаларды дамыту жаңа жұмыс орындарын құруға және өңірде заманауи өнеркәсіптік экожүйені қалыптастыруға ықпал етеді. Біз Қарағанды облысының өнеркәсіптік әлеуетін нығайтатын инвестициялар мен жобаларды одан әрі дамытуға мүдделіміз, – дейді ол.

CAMS бас директоры Шолпан Медельбекованың айтуынша, қазақстандық нарықта пайдаланылған тау-кен техникасына кәсіби қызмет көрсету әлі жеткілікті дамымаған.

– Нарықта қымбат ресми дилерлік қызмет пен стихиялық жеке қызметтер арасындағы алшақтықты жабуға және тау-кен компанияларының операциялық тиімділігін арттыруға қабілетті байыпты қызмет көрсететін компанияға қажеттілік бар, – деп түсіндірді компания басшысы.

Зауыт жанынан cams Training Center оқу орталығы ашылды. Мұнда мамандар үшін шеберлік сыныптары мен тренингтер өткізіледі. Алғашқы оқу бағдарламасын Мароккодан келген халықаралық сарапшы жүргізеді.

Компания Қарағанды жоғары политехникалық колледжімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Студенттер кәсіпорында өндірістік тәжірибеден өте алады.

15 октября 2026
Қарағанды облысының алты колледж студенті Қазақстанның үздік 100 студентінің қатарына енді

«Қазақстан Республикасы колледждерінің топ-100 студенті» республикалық байқауының қорытындысы шығарылды. Қарағанды облысынан алты студент жеңімпаз атанды. Олардың қатарында джиу-джитсудан әлем чемпионы, өнеркәсіптік газдарды тазарту жобасын әзірлеген болашақ металлург және көру қабілеті бұзылған балаларға арналған жобаның авторы бар.

Қарағанды облысынан үздік жүздіктің қатарына енген студенттер:

Айдана Ақмағанбетова — Bolashaq Қарағанды жоғары колледжі;

Ілияс Балтағазы — Bolashaq Қарағанды жоғары колледжі;

Ахмад Кәрібеков — IT & Business Қарағанды колледжі;Бүркіт Олжабай — Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі;

Әли Әбілов — «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі;

Сергей Спиридопуло — Теміртау жоғары политехникалық колледжі.

Олардың әрқайсысының жетістікке жету жолы өзінше ерекше.

Мәселен, үшінші курс студенті Ілияс Балтағазы оқуды кәсіби спортпен қатар алып жүр. Джиу-джитсудан спорт шеберіне үміткер атанған ол бірнеше рет әлем чемпионы болып, Азия және Орталық Азия чемпионаттарында жүлделі орындарға ие болған. Сондай-ақ спортшының қоржынында беделді Abu Dhabi Grand Slam турнирінің күміс және Бахрейнде өткен Азия жастар ойындарының қола медальдары бар. Биыл ол Қырғызстанда өткен AJP Tour өңірлік турнирінде алтын, ал Әбу-Дабиде ұйымдастырылған Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды. Ильяс дене шынықтыру пәнінің мұғалімі-жаттықтырушысы мамандығы бойынша білім алуда. Жетекшісі — Анар Қайыркенқызы Сәбитова.

Теміртаулық Сергей Спиридопуло металлургияны меңгеріп қана қоймай, өндірісті экологиялық тұрғыдан таза ету жолдарын іздеуге бел буған. Ол кәсіпорындардан шығатын газдарды тазарту жүйесінің 3D-моделін әзірледі. Биыл Сергей «Металлургия» құзыреттілігі бойынша халықаралық чемпион атанып, республикалық олимпиадалардың жеңімпазы болды. Жетекшісі — Мақпал Мұратқызы Баймендинова.

Бүркіт Олжабай әлі педагог мамандығын меңгеріп жүр, алайда болашақ мұғалімді мектеп қабырғасында жұмыс күтіп тұр. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің болашақ ұстазы «Абай оқулары» және «Мұқағали оқулары» республикалық байқауларында бас жүлдені иеленген. Сондай-ақ Қанипа Бітібаева атындағы олимпиаданың облыстық кезеңінде жеңімпаз атанып, республикалық кезеңде I дәрежелі дипломмен марапатталған. Оқуын аяқтаған соң Бүркіт Қарағандыдағы Абай Құнанбаев атындағы №104 мектеп-гимназиясында еңбек жолын бастай алады. Жетекшісі — Әлия Жұмажанқызы Қасымова.

Айдана Ақмағанбетова да болашағын педагогика саласымен байланыстырмақ. Ол бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша білім алуда. Bolashaq колледжінің студенті болашақ педагогтерге арналған облыстық байқауларда бұған дейін де жеңіске жеткен. Топ-100 байқауына Айдана «Саусақ ұшындағы Қазақстан» жобасын ұсынды. Бұл — көру қабілеті бұзылған балаларға туған елінің тарихы мен ерекшеліктерін танып-білуге көмектесетін тактильді макет. Жетекшісі — Әйгерім Нұрболқызы Бейсенова.

Ахмад Кәрібеков IT саласын таңдағанымен, шығармашылық қабілетін де қатар дамытып келеді. IT & Business колледжінің студенті WorldSkills өңірлік чемпионатында бейнемонтаж құзыреттілігі бойынша жеңімпаз атанған. Сондай-ақ Qaragandy StudentFest фестивалінде жүргізушілер байқауынан үшінші орын алып, «Экоквиз» сайысында жеңіске жеткен. Бұдан бөлек, облыстық дебат турнирінде жүлдегер атанды. Жетекшісі — Нұрасыл Нұрланұлы Нұрланов.

Әли Әбілов оқуды қоғамдық қызметпен ұштастырып жүр. Ол «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжіндегі студенттік парламентті басқарады. Болашақ электрмеханик зияткерлік сайыстарда да жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Оның жетістіктері қатарында тарих пәнінен өткен республикалық олимпиаданың бірінші орны мен «Кітап оқитын колледж» облыстық байқауындағы жеңісі бар. Сонымен қатар ол халықаралық ғылыми конференцияның жүлдегері атанды. Жетекшісі — Нұржан Шынәлиұлы Бектаев.

«Қазақстан Республикасы колледждерінің топ-100 студенті» байқауы оқу үлгерімі жоғары, таңдаған кәсібін терең меңгеріп, өз жобаларын жүзеге асыратын және қоғамдық өмірде белсенділік танытатын студенттерді анықтауға бағытталған. Іріктеу бірнеше кезеңнен тұрды: алдымен колледждер арасында өткізіліп, кейін республикалық финалмен аяқталды.

14 октября 2026
Шет ауданында студенттер құқықтық квестте білімдерін сынады

Шет агротехникалық колледжінің студенттері «Заң мен тәртіп аумағы» атты құқықтық квестке қатысты. Алты команда құқық қорғау және төтенше жағдайлар қызметтерінің жұмысымен танысып, заңнама бойынша білімдерін тексеріп, үздік атану үшін бақ сынады.

Бағдарлама Шет ауданының полиция бөлімінде, прокуратурасында және төтенше жағдайлар бөлімінде өткен экскурсиялардан басталды. Әр нысанда студенттер сала мамандарының жұмысымен танысып, мемлекеттік органдардың қоғамдық тәртіпті қалай қамтамасыз ететіні, азаматтардың құқықтарын қалай қорғайтыны және халықтың қауіпсіздігі үшін қандай шаралар атқаратыны жөнінде мағлұмат алды.

Полиция бөлімінде жастар қызметкерлердің міндеттері, жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары және әр адамның өз іс-әрекетіне жауапкершілігі туралы білді. Прокуратурада студенттерге азаматтардың құқықтарын қорғау, заңдылықтың сақталуын қадағалау, сондай-ақ өз құқықтары мен міндеттерін білудің маңызы түсіндірілді. 

Ал төтенше жағдайлар бөлімінде жастар құтқару қызметтерінің жұмысымен, қауіпсіздік ережелерімен және қауіпті жағдайларда әрекет ету тәртібімен танысты.

Экскурсиялардан кейін қатысушыларды Шет ауданының Жастар ресурстық орталығында интерактивті квесттің келесі кезеңі күтіп тұрды. Алты команда тақырыптық тапсырмаларды орындап, құқық саласына қатысты сұрақтарға жауап берді және ұсынылған күрделі жағдайдың шешімін бірлесе іздеді. Бұл кезеңде құқықтық біліммен қатар, ой қорыту, жылдам шешім қабылдау және топпен жұмыс істеу қабілеті де сынға түсті.

Квест қатысушыларды марапаттау рәсімімен қорытындыланды. Жеңімпаз командалармен қатар, белсенділік танытып, жақсы білімін және ұйымшылдық қабілетін көрсеткен қатысушылар да атап өтілді.

Іс-шара «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылып, өткізілді.

Шет ауданы әкімдігінің ақпараты бойынша

05 октября 2026
Қарағанды облысында қосымша энергетикалық қуат іске қосылды

Қарағанды облысы өнеркәсіпті дамыту және жаңа тұтынушыларды электр желісіне қосу үшін қосымша мүмкіндікке ие болды. 500 кВ «Нұра» қосалқы станциясында екінші автотрансформатор пайдалануға берілді. Ол өңірді электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттырып, желі арқылы берілетін электр энергиясының көлемін ұлғайтады және қосымша қуат резервін қалыптастырады.

«Нұра» қосалқы станциясы Бұқар жырау ауданындағы Ғ. Мұстафин атындағы ауылдық округте орналасқан және KEGOC компаниясының «Орталық ЖЭЖ» филиалының құрамына кіреді.

Қосалқы станция 1979 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ол Екібастұздан Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне, соның ішінде Қарағанды қаласы мен облысын электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін салынған. Бүгінде ол өңірдің энергетикалық жүйесіндегі маңызды нысандардың бірі болып қала береді. Қосалқы станция арқылы Қарағанды энергия торабы мен ұлттық энергетикалық жүйе арасындағы электр энергиясының негізгі алмасуы жүзеге асырылады.

— «Нұра» қосалқы станциясының Қарағанды энергия торабын сенімді электрмен жабдықтауда маңызы зор. Ең жоғары жүктеме кезінде оған түсетін салмақ айтарлықтай жоғары болды. Сондықтан бірнеше жыл бұрын екінші автотрансформатор орнату туралы шешім қабылданды, — деді «KEGOC» АҚ «Орталық ЖЭЖ» филиалының директоры Алмас Саухимов.

Жаңа қуат қосымша тұтынушылар мен электр энергиясын өндіретін жаңа нысандарды желіге қосуға мүмкіндік береді. «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы да қосымша мүмкіндікке ие болады. Мұнда өндіріс көлемі ұлғайған сайын кәсіпорындарды қажетті электр энергиясымен қамтамасыз ету мүмкіндігі артады.

Энергетикалық инфрақұрылымның мұндай дамуы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында бекітілген басымдықтарға сәйкес келеді. Онда энергетиканы дамыту тек экономикалық міндет ретінде ғана емес, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, тұрақты дамудың және азаматтардың өмір сүру сапасын арттырудың маңызды шарты ретінде қарастырылады.

— Жобаны іске асырудың Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін стратегиялық маңызы бар. Қуаттың артуы қолданыстағы шектеулерді жоюға, жаңа тұтынушыларды қосуға жағдай жасауға және әлеуетті жобаларды іске асыру үшін энергетикалық негіз қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жаңа өнеркәсіптік нысандарды «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағына қосу мүмкіндігінің маңызы ерекше. Бұл өңірдің әлеуетін арттырып, өнеркәсіпті одан әрі дамытуға жағдай жасайды, — деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Сүйінбаев.

Жобаны іске асыру барысында қазақстандық қамту үлесі 67%-ды құрады. Автотрансформатордың өзі қазақстандық компанияда шығарылған. Компания қазірдің өзінде оның сериялық өндірісін іске қосты.

Жаңартылатын энергетика саласы да жаңа мүмкіндіктерге ие болды. Өңірде қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясын салу жоспарланып отыр. Жаңа автотрансформатор алдағы уақытта осындай нысандарды энергетикалық жүйеге қосуға мүмкінді.

29 сентября 2026
Қарағандыда үшінші рет республикалық «Сын – шын болсын» театр фестивалі өтеді

13–17 қазан аралығында Қарағандыда III республикалық «Сын – шын болсын» театр фестивалі өтеді. Биылғы өнер мерекесі театр сыншысы, жазушы, аудармашы, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әшірбек Сығайдың шығармашылық мұрасына арналады. Фестиваль аясында Алматы, Астана, Тараз, Көкшетау және Семей қалаларынан келген театр ұжымдары Сәкен Сейфуллин және Константин Станиславский атындағы театр сахналарында үздік қойылымдарын ұсынады.

Фестивальге Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық-драма театры, Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры, Әбдірахман Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық академиялық қазақ драма театры, Ақмола облыстық орыс драма театры, сондай-ақ Астананың «Жастар» және Абай облысының «Дарын-ай» жастар театрлары қатысады.

III республикалық «Сын – шын болсын» театр фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі 13 қазанда сағат 17:00-де өтеді.

Фестиваль бағдарламасына жанры әртүрлі алты спектакль енген. Көрермендер «Макбет» және «Қарагөз» трагедияларын, «Парасат майданы», «Қараш асуындағы баллада», «Соқырлар» және «Ұлпан» драмаларын тамашалай алады.

Фестивальдің салтанатты жабылу рәсімі және жеңімпаздарды марапаттау 17 қазанда сағат 16:00-де өтеді.

Айта кетейік, «Сын – шын болсын» алғашқы республикалық театр фестивалі 2021 жылы ұйымдастырылып, ол да Әшірбек Сығайға арналды. Араға екі жыл салып, 2023 жылы екінші фестиваль өтті. Ол қазақтың ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі, КСРО халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қалибек Қуанышбаевтың туғанына 130 жыл толуына орай өткізілді.

28 сентября 2026
«Таза Қазақстан»: Қарағанды облысында тазалық пен көгалдандыру жұмыстары қалай жүріп жатыр

Қарағандыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жаңа эко саябақты абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Қазірдің өзінде мұнда 4500 түп ағаш егілді. Өңірдің өзге де қалалары мен аудандарында көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары қатар жүргізілуде.

«Таза Қазақстан» бастамасы аумақтарды көркейтіп, көгалдандырумен ғана шектелмейді. Өңірде елді мекендердің тазалығы мен абаттандырылу деңгейіне бақылау күшейтілді. Қалалар мен аудандарда абаттандыру талаптарының сақталуын қадағалауға мүмкіндік беретін 520 бейнебақылау камерасы орнатылды. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте айтылды.

Аумақтарды тазарту жұмыстары да жүйелі түрде жалғасып келеді. Қазір өңірде күзгі тазалық айлығы өтіп жатыр. Осы уақытқа дейін 20 мың тоннадан астам қоқыс шығарылған.

Шет ауданында экологиялық жұмыстар көктемнен басталды. Содан бері мұнда 5 мыңға жуық ағаш отырғызылып, 75 мың тоннадан астам қоқыс пен күл-қоқыс шығарылды. Елді мекендердегі тазалықты сақтап, тұрмыстық қалдықтарды жинауды ретке келтіру үшін 100 қоқыс контейнері орнатылып, 18 контейнер алаңы қоршалды.

Туған өлкені көркейту ісіне жастар да белсенді атсалысуда. Теміртауда «Жасыл ел» жасақтарының мүшелері саябақтар мен гүлзарларды, сондай-ақ қаланың басқа да қоғамдық орындарын тазалап, абаттандыруға үлес қосып жүр.

Экологиялық жұмыстың тағы бір маңызды бағыты – өңірдегі жасыл желектерді түгендеп, есепке алу. Бүгінде облыста 1,2 миллионнан астам ағаш пен бұтаның деректері цифрландырылды. Сонымен қатар 328 мектепте жасыл қор қалыптастырылған.

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев «Таза Қазақстан» бастамасы бір реттік акция емес, тұрақты әрі жүйелі жұмыс болуы керектігін атап өтті.

– Ең бастысы – атқарылған жұмыстың жергілікті жерде нақты нәтижесін көру: елді мекендер таза әрі жинақы болуы, аумақтар абаттандырылып, жасыл желек сақталуы керек. Бұл іске мемлекеттік органдармен қатар тұрғындардың өздері де белсенді қатысуы маңызды. Бүкіл ел болып жұмылып, ортақ іске бар күшімізді салғанда ғана нақты нәтижеге қол жеткізе аламыз, – деді өңір басшысы.

23 сентября 2026
Қарағанды облысында «Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қарағанды облысында республикалық «Еңбек жолы» байқауының өңірлік кезеңі өз мәресіне жетті. 

Еңбек әулеттері, тәлімгерлер мен жас мамандар арасынан үздіктер анықталып, Еңбек күні қарсаңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар табысталды.

— Еңбек күні – өз еңбегі, білімі мен таланты арқылы облысымыздың, тұтас еліміздің болашағына үлес қосып жүрген барша еңбек адамдарына деген құрметтің белгісі. «Еңбек жолы» байқауы жыл сайын елге өз ісіне адал, еңбегімен елге үлгі болып жүрген азаматтарды танытып келеді. Кәсіби шеберлігін ұрпақтан-ұрпаққа аманат етіп келе жатқан еңбек әулеттері, мол тәжірибесін жастарға үйреткен білікті тәлімгерлер және бүгінде жоғары жетістіктерімен танылып жүрген жас мамандарымыз – біздің ерекше мақтанышымыз. Сіздердің күн сайын атқарып жүрген жасампаз еңбектеріңіз – өскелең ұрпаққа көрсетілетін ең жақсы өнеге, — деді облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

«Үздік еңбек әулеті» номинациясының жеңімпазы атанған Хабибуллиндер отбасы энергетика саласында еңбек етіп келе жатқан үш буын өкілін біріктіреді. Бір кәсіпорындағы әулеттің жалпы еңбек өтілі 170 жылды құрайды.

Әулет негізін қалаған Хамза Хабибуллин 1973 жылы Топардағы Қарағанды МАЭС-іне жұмысқа орналасып, еңбек жолын кезекші слесарьдан бастап, қазандықтардың аға машинисіне дейін өсті. Зейнетке шыққаннан кейін де еңбек жолын тәлімгер ретінде жалғастырып, жас мамандарға өзінің мол тәжірибесін үйретті. Әкесінің кәсіби жолын оның екі ұлы жалғастырды. Кейін Хамза Гатауллаұлының үш немересі де өз тағдырын станциямен байланыстырып, энергетика саласында еңбек етуге келді.

— Біздің отбасымыз үшін бұл жеңіс жай ғана марапат емес, бірнеше ұрпақтың еңбегіне берілген жоғары баға. Олар өз үлгісімен мамандық өмірдің ажырамас бөлігі әрі отбасылық дәстүр екенін көрсетті. Еңбек әулетіміздің осындай жоғары марапатқа ие болғанын мақтан тұтамыз. Бізге еңбекке деген сүйіспеншілікті дарытқан ата-анамызға алғысымыз шексіз. Бұл байқауды жалғастыру қажет. Өйткені еңбек – құрмет пен абыройдың белгісі екенін барша жұрт көрсін, – деді энергетика саласында 20 жылдан астам уақыт еңбек еткен, бүгінде станцияның оқу орталығында инженер болып жұмыс істейтін Андрей Хабибуллин.

«Үздік еңбек әулеті» номинациясында екінші орынды Саран қаласынан келген Шабельниктердің педагогтер әулеті иеленді. Үшінші орын Теміртау қаласында, металлургия саласындағы отбасы мүшелерінің жалпы еңбек өтілі 112 жылдан асатын Приваловтар әулетіне және Шахтинскіден келген энергетиктер әулеті Лопатиндер отбасына бұйырды.

Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері атанған Жарасқан Әбдрешов те өз еңбек жолы мен тәжірибесі туралы ой бөлісті. Ол Шахтинскідегі Qarmet Machinery кәсіпорнында токарь болып еңбек етеді.

— Мен өнеркәсіп саласында көп жылдан бері еңбек етіп келемін және бір білерім: ортақ нәтиже әр адамның еңбегінен құралады. Өз мамандығыңызды құрметтеңіздер, еңбектеріңізді бағалаңыздар – сонда еңбектің лайықты бағасы міндетті түрде беріледі, – деді Жарасқан Әбдірешов.

Бұл номинацияда екінші орын Қарағанды қаласының мектеп психологы Алёна Сыскинаға бұйырды. Үшінші орынды Бұқар жырау ауданынан келген кітапханашы Майгүл Асқарова мен Қарқаралы ауданындағы тоғызқұмалақ жаттықтырушысы Бүркіт Бейсенаев иеленді.

«Үздік жас маман» номинациясының жеңімпаздары түрлі кәсіп иелерінің арасынан анықталды.

Бас жүлдеге Ақтоғай ауданында еңбек етуге келген дәрігер Әлихан Махамбет лайық деп танылды. Екінші орынды Балқаш мыс қорыту зауытының конвертершісі Болат Мұхамедяр иеленді. Үшінші орын Приозерск қаласының математика пәнінің мұғалімі Ақниет Ағатаева мен Қарағанды қаласының теміржолшысы, электровоз машинисі Айдын Жақсылыққа берілді.

Әлихан Махамбет Балқашта туып-өсіп, екі жыл бұрын Қарағанды медицина университетін тәмамдаған соң еңбек жолын ауылда жалғастыруға бел буған.

— Жас мамандарға көрсетіліп отырған қолдау көңіл қуантады. Маған қызметтік баспана беріліп, көтерме жәрдемақы төленді. Мемлекет ауыл медицинасының дамуына да айрықша көңіл бөліп отыр, – дейді жас дәрігер.

Ермағанбет Бөлекпаев еңбек адамдарының еңбегін көпшілікке танытып, байқау лауреаттарын жұртшылыққа үлгі ету мақсатында қалалар мен аудандарда олардың суреттері бейнеленген билбордтар орнатуды ұсынды.

Байқаудың өңірлік кезеңінде жеңімпаз атанғандар енді республикалық «Еңбек жолы» байқауының финалында бақ сынап, елдегі үздіктер қатарынан көрінуге мүмкіндік алады.

 

 
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы