
Ағымдағы жылдың 13-сәуір күні Мойынты кентінде кент орта мектебінің 57-түлектері кент әкімідігінің қолдауымен мектеп бірігендеріне он жыл толуына орай қазақ халқының ұлттық ойыны – көкпар ұйымдастырды. Ойын Ақжал командасы, Шет ауданы, Қарқаралы, Ақтоғай ауданы, Босаға, Киікті, Өспен, Айғыржал және Ақшатау командалары арасында өтті. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған додаға жетпіс ат шапты. Бірінші беташар салымы Ақтоғай ауданы Ақшидан келген Ерасыл палуан салды. Өгіз өлді салымды Шет ауданынан келген, белгілі кәсіпкер Тәуіртай Қанағат салды. Ойында қызу тартысты сәттер айтарлықтай болды. Ақтоғай ауданының ойыншылары ең көп салымды болды. Және ауылымыздың белді көкпаршылары да шауып көзге көрінді. Айта кетсек, Тлеухор Нұрай 20 мың теңге, бір серке салымды болды, Балтабай Ерасыл қайтуын салып, Бөде Дәулет 10 мың теңге, Даниярбек Қайнар баруын салып 10 мың теңгеге салымды болды. Көкпаршыларға алдағы ойындарға сәттлік тілеп, аттарыңыз сүрінбей, тақымдарыңыз талмасын дейміз.