
Сәуір айының 11-13-күндері аралығында Сары-Шаған кентінде «Қазақ күресінен» 2010-2011 жылы туған жасөспірімдер арасында Ақтоғай ауданы әкімі Кубогынің жүлдесі сарапқа түсті. Жарысқа Астана қаласы, Ұлытау обылысы, Абай ауданы, Жамбыл обылысы, Семей, Шу, Қарағанды, Балхаш, Ботакара, Босаға, Шығанақ, Мойынқұм, Қарқаралы, Темиртау және тағы баска өңірлерден 21 команда жиналып, 300 ден астам палуан өзара бақтарын сынады. Додалы жарыста Мойынты кентінен барған ауылымыздың жас палуаны Бекет Нұрдаулет 35 келі салмақ дәрежесіңде қола жүлдегер атанды. Нұраулетті және бапкері Тлеухор Нұржанды құттықтаймыз және алдағы сындарда сәттілік тілейміз!