GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы
Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Қызметі
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Все материалы
22 октября 2026
Заң және тәртіп қағидаты аясында Қауіпсіз үй жедел профилактикалық іс шарасы барысында Красная поляна ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маманы Д.Ш.Телеубаев пен Шет ауданының ПБ-ң С.Сейфуллин к.ПБ-ң ҚҚТ-ң УПИ-ы полиция капитаны Б.З.Игенбеков бірлесе Красная поляна ауылында түнгі рейдтік іс шара жүргізді
19 октября 2026
Красная поляна ауылдық округінде жергілікті өндірушілердің ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылған күзгі жәрмеңке өтті.
02 октября 2026
Красная поляна ауылдық округінде қарт тұрғындарға арналған мерекелік кеш өтті. Қонақтарға жылы әрі жайлы атмосфера, мерекелік бағдарлама және жақсы қарым-қатынас ұйымдастырылды. Іс-шара көңілді өтіп, барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен жағымды әсер сыйлады. Осындай кездесулер үлкендерімізге көңіл бөліп, қамқорлық пен қуаныш сыйлауға мүмкіндік береді.
29 сентября 2026
Красная Поляна ауылдық округінде облыстық сенбілік өтті. Сенбілік барысында бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері өздеріне бекітілген аумақтарды тазалап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Аумақтар қоқыстан тазартылып, тазалық пен тәртіпке келтірілді. Бірлесе атқарған жұмыстарымызбен ауылымыздың тазалығы мен көркеюіне өз үлесімізді қосайық!
24 сентября 2026
Красная поляна ауылдық округінде «Ит болғым келмейді» атты ертегі-спектаклі өтті! Жас көрермендер қойылымды қызығушылықпен тамашалап, көтеріңкі көңіл-күй мен жарқын әсер алды!
14 сентября 2026
Адалдық пен әділдік – қоғамның басты құндылығы «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында Красная поляна ауылдық округінде ауыл тұрғындары мен мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған жол бермеу бағытында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында заң талаптарын сақтау, адалдық пен әділдік қағидаттарын ұстану, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар тұрғындарға ақпараттық парақшалар таратылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңыздылығы туралы ақпарат берілді. Адалдық пен әділдік – әр азаматтың ортақ ұстанымы!
07 сентября 2026
Красная поляна ауылдық округі Қазақстан халқының Тілдері күніне арналған «Тіл – Fest» іс-шарасына белсенді қатысты. Қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін, тіл білу деңгейлерін және еліміздің мәдени әралуандығына деген құрметін көрсетті. Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтіп, түрлі этнос өкілдерін біріктірді.
01 сентября 2026
Красная поляна ауылдық округінің Мәдениет үйінің аумағында жаңа креативті аллея ашылды! Жарқын әрі заманауи безендіру аумақты көркейтіп, тұрғындар үшін жайлы әрі тартымды орынға айналдырды. Енді мұнда серуендеп, демалып, әдемі суреттерге түсуге болады.
26 августа 2026
Красная поляна ауылында балалардың спорт алаңдарына сыртқы жарықтандыру шамдары орнатылды. Енді ауылдың жас тұрғындары таза ауада көбірек уақыт өткізіп, спортпен шұғылданып, бос уақыттарын кешкі уақытта да қауіпсіз әрі қолайлы жағдайда өткізе алады. Жарықтандыру орнату – бұл тек аумақты абаттандыру ғана емес, сонымен қатар балалардың қауіпсіздігіне қамқорлық жасау және олардың спорт алаңдарын кешкі уақытта толыққанды пайдалануына мүмкіндік беру.
20 августа 2026
«Шерубай-Су» ЖШС қызметкерлерімен «Конституциялық құндылықтар: тәуелсіздік, егемендік және халық бірлігі» тақырыбында кездесу өтті. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясы, еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін нығайту, сондай-ақ қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты сақтау мәселелері талқыланды. Қатысушылар бейбітшілік пен қоғамдық келісімді нығайтудағы әр азаматтың жауапкершілігі мен рөлі туралы пікір алмасты.
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы