Егемендік пен Тәуелсіздік – бәрінен қымбат қазынамыз, ең асыл құндылығымыз! Сондықтан мемлекеттігімізді күшейтіп, еліміздің іргесін бекіте түсу – баршамыздың қасиетті борышымыз.
Біз егемендікке ата-бабаларымыздың бойындағы мықты ерік-жігер мен өшпес рухтың арқасында қол жеткіздік.
Халқымыз Тәуелсіздік жолында құрбан болған ерлердің, бостандық үшін жанқиярлықпен күрескен тұлғалардың есімін әрқашан жадында сақтайды.
Аға буын тар жол, тайғақ кешуден өтсе де, барлық сын-қатерді еңсеріп, ел үшін қажырлы қызмет етті.
Халқымыз, әсіресе жастарымыз төл шежіремізді терең танып, оған құрметпен қарай бастады. Бұл – өте жақсы үрдіс.
Шын мәнінде, тарихқа тек біржақты көзқараспен қарауға болмайды. Біздің тарихымыз – ұлы жеңістердің, мәңгілік мұралар мен теңдессіз дәстүрлердің шежіресі.
Біздің тарихи деректерге толы даңқты жолымызды жігерлі, табанды, жасампаз тұлғалар жазды. Олардың өмірі мен ұстанымы – жас ұрпаққа үлгі-өнеге.
Түптеп келгенде, елдігіміздің тұғырын мемлекетшіл, отаншыл, парасатты, адал, еңбекқор адамдар нығайтады».
Напоминаем, что срок уплаты налога на транспортные средства за 2025 год завершился 1 апреля 2026 года. В случае неуплаты налога в установленный срок на сумму задолженности начисляется пеня. При непогашении задолженности в соответствии с законодательством Республики Казахстан применяются меры принудительного взыскания. В том числе исполнительное производство может быть передано частным судебным исполнителям для взыскания задолженности. Проверить наличие налоговой задолженности и произвести оплату можно через мобильные приложения банков второго уровня, портал eGov.kz, a также электронные сервисы Комитета государственных доходов. Во избежание дополнительных расходов и применения мер принудительного взыскания просим погасить имеющуюся налоговую задолженность в кратчайшие сроки. #заң_мен_тәртіп #закон_и_порядок #салықтар #налоги Своевременно оплачивайте налоги и соблюдайте требования законодательства!
2026 жылғы 13 қазан күні Қарағанды облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында жастарға арналған танымдық іс-шара өтті. Аталған шараға Шет ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Шет ауданының жастар ресурстық орталығы» КММ мамандары қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттік органдардың қызметімен таныстыру, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды түсіндіру. Іс-шара барысында жастар ауданымыздағы құқық қорғау және төтенше жағдайлар органдарының қызметімен танысып, олардың жұмыс тәртібі, негізгі міндеттері мен мамандықтарының ерекшеліктері туралы ақпарат алды. Экскурсия аясында қатысушылар: * Шет ауданының полиция бөліміне барып, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстармен танысты; * Шет ауданының прокуратурасына барып, заңдылықтың сақталуын қадағалау және азаматтардың құқықтарын қорғау қызметі туралы мәлімет алды; * Шет ауданының төтенше жағдайлар бөліміне барып, төтенше жағдайлардың алдын алу, қауіпсіздік талаптарын сақтау және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау бағытындағы қызметпен танысты. Танымдық экскурсиядан кейін жастардың құқықтық білімін нығайту, логикалық ойлау қабілетін дамыту және топтық жұмыс дағдыларын жетілдіру мақсатында Шет ауданының жастар ресурстық орталығында КВЕСТ ойыны ұйымдастырылды. Ойын барысында қатысушылар түрлі тапсырмаларды орындап, өз білімдері мен тапқырлықтарын сынады. Аталған іс-шара жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік органдардың қызметіне деген қызығушылығын қалыптастыруға және заң талаптарын құрметтеуге бағытталды. Сонымен қатар, жастардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруына мүмкіндік берді. переведи на русский
Мемлекет басшысы Король мен Патшайымның елімізге сапары Қазақстан-Бельгия қарым-қатынасын одан әрі нығайту тұрғысынан тарихи мәнге ие екеніне назар аударды.
– Қазақстанға қош келдіңіздер. Сапарларыңыз мемлекетіміздің дамуындағы өте маңызды кезеңмен тұспа-тұс келіп отыр. Жалпы, еліміз өркендеп, экономикасы ілгерілеп келеді. Сіздердің сапарларыңыз екіжақты қарым-қатынасқа тың серпін береді деп айтуға болады, – деді Президент.
🇧🇪Король Филипп қонақжайлық көрсеткені үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, ертеңгі жоғары деңгейде өтетін келіссөздер табысты болатынына сенім білдірді. Сондай-ақ екі елдің сан қырлы серіктестігін тереңдетудің маңызын атап өтті.
– Ұшақ трапынан қазақ жеріне қадам басқан сәттен бастап көрсетілген сый-құрмет үшін Сізге алғыс айтамын. Үш күндік сапармен келгенімізге қуаныштымыз әрі еліңізбен жақынырақ танысамыз деп сенемін, – деді Король Филипп.
Жеке жетістіктердің қатарында Қазақстанның су добынан ерлер құрамасының жетістігін ерекше атап өткен жөн. Жапонияда команда финалға дейін жетіп, күміс медаль иеленді. Тәуелсіз Қазақстан үшін алғашқы болған 1994 жылғы Азия ойындарынан бері су добынан ұлттық құрама бірде-бір рет жүлдесіз қалған емес.
Қазақстан 1994, 1998, 2002, 2010, 2014 және 2018 жылдары чемпион атанды, 2006 және 2022 жылдары қола медаль жеңіп алды, ал енді бұл жүлделер қоржынына Жапонияда алған күміс медальді қосты.
9–10 қазан күндері Ұлан ауданы, Бозанбай ауылындағы «Бүркіт төбеде» қазақтың дәстүрлі құсбегілік өнерін дәріптейтін «Шығыс Салбурыны – 2026» І Азия кубогі өтеді.
Айтулы халықаралық додаға 9 елдің бүркітшілері қатысып, бүркіт, қаршыға, сұңқар және ителгімен бақ сынайды.
Көрермендер назарына ұлттық спорттың бірегей түрлері - тазы жарысы, асау үйрету, жамбы ату, теңге ілу және «Толағай» жарысы ұсынылады.
Мерекелік кеште танымал өнер жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама өтеді.
Ұлттық рух пен дәстүрді дәріптейтін, спорт пен өнер тоғысатын айтулы шараға баршаңызды отбасыларыңызбен бірге келіп, тамашалауға шақырамыз.
#ШығысСалбурын2026 #АзияКубогі #ҰланАуданы #Бозанбай #Құсбегілік
Технологиялық компанияны басқа елде бизнес бастауға не итермелейді? Неліктен кәсіпкерлер команданы сол жақта жасақтауды шешеді, ал тәжірибелі маман басқа елге қоныс аударып, мансабын сонда жалғастыруды таңдайды?
Кәсіпкер үшін тек төмен салық немесе заманауи инфрақұрылымның болуы аздық етеді. Оған жұмыс істеу тәртібі ашық, бизнесті тіркеу оңай, маман табуға, тиісті мәртебе алуға және істі кеңейтуге қолайлы жағдай жасалған ел керек. «Trusted Kazakhstan» тұжырымдамасы дәл осы қағидатқа негізделген.
Astana Hub бас директоры Мағжан Мадиев бұл ойды былайша өрбітеді:
«Қазақстан халықаралық IT және AI мамандары, кәсіпкерлер мен технологиялық компаниялар ұзақ мерзімді қызмет пен бизнесті кеңейту үшін таңдайтын қолайлы ортаны жүйелі түрде қалыптастырып келеді».
Тәжірибеде бұл қалай көрініс табады?
Қазақстаннан әлемдік нарыққа шығып жұмыс істеуге бола ма?
Соның бір айқын көрсеткіші — технология экспорты. 2020 жылы қазақстандық IT-қызметтердің экспорты 33,5 миллион долларды құраса, 2025 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 1,142 миллиард долларға жетті. Бүгінде отандық IT-шешімдер 110-нан астам елге экспортталады.
Демек, бұл қазақстандық нарықтың технологиялық компания үшін тек соңғы мақсат емес, қайта өзге де халықаралық нарықтарға қадам басып, дамуға жол ашатын ыңғайлы алаңға айналатынын білдіреді.
Бұған елдің дамыған цифрлық инфрақұрылымы да айтарлықтай септігін тигізеді. Мәселен, БҰҰ-ның Электрондық үкіметті дамыту индексінде (UN E-Government Development Index 2024) Қазақстан 193 елдің арасында 24-орынға ие болды.
Мұнымен қатар, ел халықаралық деңгейдегі цифрлық байланыс жүйесін дамытып келеді. Ақтаудан Қорғасқа дейінгі ұзындығы шамамен 4,5 мың шақырым болатын «Батыс — Шығыс» гипермагистралі Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісімен бірігіп, Еуропа, Орталық Азия және Қытай арасындағы цифрлық дәліздің негізгі бөлігіне айналмақ.
Осылайша, Қазақстанның географиялық орналасуы жаңа мазмұнға ие болып, бұл ел тек тауарлар ғана емес, сонымен қатар деректер, цифрлық қызметтер мен технологиялар ағыны өтетін маңызды хабқа айналып келеді.
Шетелдік кәсіпкер немесе маман үшін елмен танысу ауқымды стратегиялардан емес, ең алдымен нақты әрі практикалық сұрақтардан басталады. Бұл ретте Қазақстанда Digital Nomad Visa мен Digital Nomad Residency сияқты тиімді құралдар жұмыс істейді. Мұнда Astana Hub қатысушыларына арнайы режим қолжетімді, ал «Астана» халықаралық қаржы орталығы ағылшын жалпы құқық қағидаттарына негізделген дербес құқықтық юрисдикцияны ұсынады.
Мұның бәрі елге деген алғашқы қызығушылықтан бастап нақты жобаны іске қосуға дейінгі біртұтас бағытты айқындайды.
Алайда, тек инфрақұрылымның өзі аздық етеді: технология жасай алатын мамандар болмаса, технологиялық компаниялар да өмірге келмейді.
🔹Мемлекет басшысы жасанды интеллектіге қатысты асқан жауапкершілік таныту қажет екенін атап өтті.
– Жақында Президент Дональд Трамптың бастамасымен Американың жетекші технологиялық компаниялары Суперинтеллект туралы келісімге қол қойғанын айтқым келеді. Менің ойымша, мүдделі елдер осы тәсілді үлгі ретінде қарастырып, мұқият зерделеген соң жаһандық деңгейде қолдануға болар еді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
🔹Президент Қазақстанды цифрлық мемлекетке айналдыру үшін жүйелі шаралар қабылданып жатқанына назар аударып, еліміздің жетістіктеріне тоқталды.
– Өткен жылы қазақстандық IT-қызметтер экспорты 1 миллиард доллардан асты. Цифрлық шешімдеріміз әлемнің 100-ден аса елінде қолжетімді. Бұл қадамдар мен жетістіктер еліміздегі және әлемдегі прогреске үлес қосуға Қазақстанның да ниетті екенін көрсетеді. Дегенмен озық технология саласындағы бұл жетістіктермен шектеліп қалуға болмайды. Біз еліміздің мықты технологиялық негізін қалыптастырамыз десек, инновациялық стартап-компанияларға нақты қолдау көрсетіп, озық жобаларды жүзеге асыруымыз керек, – деді Мемлекет басшысы.
🔹Бұл ретте Президент өнеркәсіп саласы бойынша жасанды интеллект міндеттерінің тізімін жасау маңызды деп санайды. Аталған тізім нақты экономикалық қажеттіліктерге негізделуге тиіс.
🔹Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев осы тізімге сүйене отырып, Қазақстан мен шетелден келген командалардың қатысуымен AI Challenge ұйымдастыруды ұсынды. Оң нәтиже көрсеткен үздік жобалар міндетті түрде өндіріске енгізіледі.
Қорғаныс министріне бірқатар кезек күттірмейтін міндет жүктелді
🔹Бірінші міндет – бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету.
– Бөлінген қаржы мемлекеттің қорғаныс қабілетін арттырып, барынша нәтиже беруге тиіс. Мақсатсыз шығынға, талан-таражға жол берілмейді. Мұндай әрекеті әшкереленгендердің бірде-біреуі жауапкершіліктен құтылмайды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
🔹Екінші міндет – қазіргі заманғы қауіп-қатерлерді ескере отырып, Қарулы Күштерді реформалау. Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, он күн ішінде әскерді реформалау жөнінде арнайы жоспар әзірлеуге тиіс.
🔹Сондай-ақ Мемлекет басшысы мамандарды іріктеу мен бағалаудың ашық критерийлерін енгізген жөн деп санайды.
– Әскери лауазымдарға басшының «өз адамдары» емес, тәжірибелі және білікті кадрлар ұсынылуға тиіс, – деді Президент.
🔹Үшінші міндет – әскер қатарындағы идеология және тәрбие жұмысын күшейту. Бұл іс Конституцияның басты қағидаттары мен құндылықтарына сәйкес жүргізілуге тиіс.
Сондай-ақ әлемнің әскери тарихы, ұлтымыз бен жаһан елдерінің озық рухани-мәдени жетістіктері кеңінен дәріптелуі керек.
🔹Армия кәсіби даярлық пен білімді шыңдап, отаншылдыққа баулитын мектеп болғаны жөн. Онда әрбір әскери қызметшінің өмірі мен қауіпсіздігі бәрінен жоғары тұруы қажет.
– Отан қорғау – әр азаматтың қастерлі борышы, қасиетті парызы. Әскери қызметке өмірін арнаған әр азамат мемлекеттің қамқорлығы мен қолдауын айқын сезінуі керек. Әскер – қорқыныш пен үрейге толы жер болмауы керек. Әскер – жас сарбаздарды, еліміздің нағыз отаншыл азаматтарын тәрбиелеудің бұрынғы және қазіргі озық үлгілері ұштасқан кәсіби деңгейі жоғары институт болуға тиіс, – деді Мемлекет басшысы.
🔹Президенттің пайымдауынша, БАҚ әскери қызмет, әсіресе, басшылықтың жоғары бағасы мен қолдауына ие болған әскери қызметшілер туралы объективті ақпарат таратқаны жөн.
🔹Жоғарғы Бас Қолбасшы нақты әрі түсінікті, кезең-кезеңімен реформалау жоспарын әзірлеу маңызды екеніне назар аударды. Оны көлемді тұжырымдамаға немесе жол картасына айналдыруға болмайды. Реформа жоспары қазан айының екінші жартысында өтетін Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында қаралады.
🔹Президент Қауіпсіздік Кеңесінің Аппаратына әскерді реформалау үдерісін үйлестіруді тапсырды.