GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Қызметі
Баспасөз орталығы
Әкім аппараты
Все материалы
12 октября 2026
23 мыңнан астам су нысаны туралы деректер цифрландырылып, Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесіне енгізілді.

Елімізде су нысандары, су шаруашылығы инфрақұрылымы, су пайдаланушылар, жерасты суы және саланың өзге де бағыттары бойынша деректерді біріктіретін Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесін (СРҰАЖ) әзірледі. Жүйенің негізгі мақсаты – басқарушылық шешімдер қабылдауға қажетті бірыңғай, сенімді әрі өзекті деректер базасын қалыптастыру. Бүгінде жүйеде 23 мыңнан астам су нысаны туралы мәлімет цифрландырылып, жүйелендірілді. Оның ішінде 17 748 өзен, 3 148 көл және 1 109 гидротехникалық құрылысжай бар.

12 октября 2026
Жамбыл облысында қайтарылған активтер есебінен елді мекендердегі 80 мыңнан астам тұрғын газбен қамтылды.

Мемлекет басшысының газбен қамтамасыз етуді жеделдету және оның деңгейін 80%-ға дейін жеткізу жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында қайтарылған активтер есебінен Жамбыл облысында «Шу» автоматтандырылған газ тарату стансасының құрылысы аяқталады. Үкімет бұл мақсатқа Арнаулы мемлекеттік қордан 2,9 млрд теңге бөлді.

12 октября 2026
Қазақстандық ғалымдар ара селекциясына арналған цифрлық платформаны әзірледі

Бүгінде бұл жүйені Қазақстанның түрлі өңірлеріндегі 201 омарта шаруашылығы пайдаланып келеді. Платформа ғылыми зерттеулерді, цифрлық есепке алу жүйесін және омарталарды басқарудың заманауи құралдарын біріктіріп, селекциялық жұмыстардың ғылыми негізде жүргізілуіне мүмкіндік береді.

06 октября 2026
Қазақстан 13,9 млн тонна астық пен астық баламасындағы ұн экспорттады

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мәліметінше, 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы 30 шілдеге дейін Қазақстан 13,9 млн тонна астық пен астық баламасындағы ұн экспорттады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,6%-ға көп. Өткен жылы осы кезеңде шетелге 12,4 млн тонна өнім жөнелтілген болатын.

09 сентября 2026
Қазақстанда медициналық-әлеуметтік сараптамадан өтудің электрондық кезегі енгізілуде

Қазіргі уақытта пилоттық жоба Ақмола облысы мен Алматы қаласында іске асырылуда. Жаңа тетік азаматтарға МӘС бөлімшесіне барудың өзіне қолайлы күні мен уақытын алдын ала таңдауға мүмкіндік береді. Бұл қызмет алушыларды қабылдау үдерісін тиімді ұйымдастырып, күту уақытын қысқартуға ықпал етеді.

09 сентября 2026
450 мыңға жуық бала мектепке дайындалуға көмек алады

2026 жылғы 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін Жалпыға міндетті білім беру қоры аясында әлеуметтік осал санаттағы балаларға мектеп формасын, аяқ киім мен мектеп құралдарын сатып алуға көмек көрсетіледі. 2026-2027 оқу жылы қарсаңында 450 мыңға жуық бала қолдаумен қамтылады. Осы мақсаттарға жергілікті бюджеттерде 23 млрд теңгеге жуық қаражат қарастырылған.

09 сентября 2026
Бір күнде еліміздің бес өңірінде жаңғыртудан өткен 9 теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Қайта жаңғыртудан кейін еліміздің бес өңірінде теміржол вокзалдары пайдалануға берілді. Атап айтқанда, Атырау облысында – Мақат, Сағыз және Доссор станциялары, Алматы облысында – Шамалған және Қазыбек бек станциялары, Қарағанды облысында – Дария және Мырза станциялары, Қызылорда облысында – Сексеуіл станциясы және Қостанай облысында – Железорудная станциясы.
Нысандарды жаңғырту Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздегі 124 теміржол вокзалын реконструкциялау және жаңғырту жөніндегі ауқымды бағдарлама аясында іске асырылды.

21 августа 2026
Еліміздің өңірлерінде инфрақұрылым жаңғыртылып, әлеуметтік сала дамып келеді

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында еліміздің өңірлерінде азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жүйелі жұмыстар жалғасуда. Облыстарда жаңа инженерлік желілер пайдалануға беріледі, әлеуметтік нысандар ашылып, заманауи туристік инфрақұрылым құрылуда.

21 августа 2026
Creative Aimaq жобасы аясында Шығыс Қазақстан облысының креаторлары 3,8 млн теңгенің өнімін сатты

25-26 шілде күндері Астанадағы Qazaq Creative Hub алаңында республикалық Creative Aimaq жобасы аясында Шығыс Қазақстан облысының креативті жәрмеңкесі өтті. Іс-шараға өңірдің креативті индустриясының 50-ге жуық өкілі қатысты. Жәрмеңкеде дизайнерлік брендтер, қолөнер шеберлерінің туындылары мен заманауи шығармашылық жобалар ұсынылды.

21 августа 2026
Биыл электр стансаларын жөндеуге 384 млрд теңге бөлінді

Халықты жылу және электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету – мемлекеттің басым міндеттерінің бірі. Қысқы маусымның тұрақты өтуін қамтамасыз ету мақсатында Үкімет Энергетика министрлігі мен өңір әкімдіктері арқылы коммуналдық желілерді жаңғырту және энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыруда.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы