530 мыңға жуық адам салынып жатқан нысандарды тексеру онлайн-сервисін пайдаланды

530 мыңға жуық адам салынып жатқан нысандарды тексеру онлайн-сервисін пайдаланды

Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында Halyk, Банк Центр Кредит, Еуразиялық, Jusan және EGOV қосымшаларында үлестік құрылыстағы нысандарды тексеру сервисі іске қосылды.
«Азаматтар онлайн-режимде белгілі бір нысан бойынша Бірыңғай оператордың кепілдігінің немесе жергілікті атқарушы органның рұқсатының бар-жоғын тексере алады. Бұл өз кезегінде үлескерлердің алданып қалу жағдайларын және проблемалық нысандардың санын азайтады. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша сервисті шамамен 530 мың бірегей пайдаланушы қолданды», - деді ҚР ӨҚМ Құрылыс және ТКШ істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында